жиміндегідей, магнит ағыны магниттеудің шағын тогымен анықта- латындай етіп, МҚК бастапқы токтың МҚК орнын алмастыратын I2 тогы жүреді.
Кернеу трансформаторынан айырмашылығы – ТӨТ екінші ора- масын ажыратуғаболмайды. Негізінде, екінші ораманы ажыратқан кезде, магнит өткізгіште I1 бастапқы ораманың үлкен тогымен анықталатын, үлкен мәнді магнит ағыны туындайды. (ТӨТ қосу сұлбасынан байқағанымыздай, бұл трансформсатордың кез келгенрежиміндегібастапқытогы,бостокрежимінқосаалғанда,сызықтогы болып табылады.) Пайда болған ток екінші реттегі ораманың рұқсат етілмейтін, аса үлкен ЭҚК туындатады, бұл оқшауланған жерде тесіктердің пайда болуына және қызмет көрсетуші қызмет- керлердің ұтылуына әкеліп соғады.
ТӨТ техникалық құжаттамасымен екінші тізбекте құрылғылар- мен тұтынылатын максималды қуат анықталады. Тұтынылатын қуатты арттырған кезде (сонымен бірге, тізбектеліп қосылатын құрылғылардың санын көбейткен кезде), трансформациялаудың нақты коэффициенті номиналдыдан біраз ерекшеленеді (айналым сандары қатынасының токтар қатынасына теңдігі (7.3) ары қарай дәл болмайды).
Токты өлшеуші трансформаторлар сұлбаларда ТА әріптерімен
белгіленген.
7.4.
ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢБАСҚАТҮРЛЕРІ
Дәнекерлеу трансформаторлары. Доғалы электр дәнекерлеуге ар- налған трансформаторлар — бұл номиналды бастапқы кернеуі 220 немесе 380 В болатын және номиналды екінші кернеуі 60-70 В бола- тын бір фазалы екі орамалы трансформатор. Мұндай екінші кернеу сенімді тұтандыру және металл электроды мен дәнекерлейтін бөл- шектер арасындағы электр доғаның орнықты жануы үшін қажет.
Дәнекерлеу трансформаторының екінші орамасының бір шеті дә- некерлегіш электродымен, ал екінші шеті дәнекерлейтін бөлшекпен байланысады. Доғаны қоспастан бұрын, қысқа тұйықталу режимін жасай отырып, электродты бөлшекпен байланыстырады. Доға үзіл- ген жағдайда, трансформатор бос жүру режимінде болады. Осылай- ша, дәнекерлеу трансформаторлары кідірмелі жұмыс режимімен өзгешеленеді. Доға бір қалыпты жану үшін, сыртқы сипаттаманың (екінші реттегі ораманың екінші тізбектегі токқа тәуелді болуы) тік