Жиілік көбейткіштері. Трансформаторлардың сипатталған түр- лерінен басқа, кернеу жиілігін түрлендіретін, сонымен қатар, оны 2 – 3 есеге арттыратын трансформаторлар да болады. Мұндай транс- форматорлар жиілік көбейткіштері деп аталады. Олар орамалар мен магнит өткізгіштердің күрделі жүйелерінен тұрады. Көбейкіштердің қызметінде, пик-трансформаторлардың қызметіндегідей, магниттік
180
қанығу құбылысы үлкен рөл атқарады.
Магинттіккүшейткіштер. Бұл сыртқы белгілері бойынша трансформатордың түрі ретінде қарастыруға болатын, электрмаг- ниттік аспаптар. Магниттік күшейткіштер нашар электрлік сигналды (кернеуді немесі токты өзгертуге) аса қуатты сигналға түрлендіруге арналған. Мұндай құрылғылар, сонымен қатар, тежеуіш машинасын қоздырушы токты автоматты түрде реттеу үшін мұнаралы крандар- да, сондай-ақ, синхронды машинаның кернеуін түзеткіш сұлбасын- да қолданылады.
Қарапайым магниттік күшейткіш — Ш-тәріздес магнит өткіз- гіші бар бір фазалы дроссель үш өзекшеге ие. Шеткі өзекшелерде орналастырылған айнымалы токтың шарғылары бір-бірімен келесі түрде байланыстырылған – орташа өзекшеде пайда болатын немесе айнымалы магнит ағындары бір-біріне қарама қарсы бағытталған, яғни, өзара жойылады. Айнымалы токтың шарғылары тұтынушы- ның тізбегіне қосылады және жұмыс орамасын құрайды. Магнит өт- кізгіштің орташа өзекшесінде тұрақты ток көзіне қосылған, басқару орамасы орналастырылған.
Айнымалы ток шарғыларының индуктивті кедергісі басқару ора- масындағы тұрақты токтың мәніне тәуелді болады, бұл магниттік қанығумен түсіндіріледі (магнит өткізгіш қаныққан кезде, шарғы- лардың индуктивті болуы байланысты болатын, оның µ магнит өтімділігі де азаяды). Егер, басқару орамасында ток болмаса, онда жұмыс шарғыларының индуктивті кедергісі үлкен болады, және тұтынушының тогы аз мәнге ие болады. Басқару орамасының тізбе- гінде ток пайда болғанда, жұмыс шарғыларының реактивті кедергісі азаяды және тұтынушының тізбегіндегі ток артады.
Басқару орамасы тізбегіндегі тұрақты токтың қуаттылығы тұты- нушының тізбегіне қосылған, жұмыс орамасының айнымалы то- гының қуаттылығынан біршама аз болады. Сондықтан, басқару орамасындағы қуатты аз шығындай отырып, жоғарғы қуатты тұты- нушының тізбегіндегі айнымалы токтың шамасын реттеуге болады. Магниттік күшейткіште бірнеше басқару орамасы болуы мүмкін.
Басқару орамасының әрқайсысындағы токтың бағыты, демек, әр орама магнит ағынының бағыты орамаларды қосу сұлбасына бай- ланысты болады. Басқару орамалары, олардың магнит ағындары қарама-қарсы бағытталып, бір-бірін әлсіздендіртіндей қосылады, ал магнит ағындары бірдей бағытқа ие болатындай етіп қосылады.