нусоидалды токпен туындайтын магнитті өрісті қарастырайық. Егер уақыттың белгілі бір кезеңінде А сымымен өтетін ток бізден бағыт-талса (бұл бағыт 8.1, б суретінде крест белгісімен, сол дақта көр- сетілген), Х сымымен өтетін ток бізге қарай жүреді (нүктемен көр- сетілген). Қол бұрғының қағидасымен анықталатын шарғы ішіндегі магнитті өріс индукциясы векторының бағыты суретте уақыттың аталған кезеңі үшін көрсетілген. Жарты кезеңнен кейін шарғыдағы токтың бағыты қарсы бағытқа өзгереді, сонымен қатар магнитті индукцияның бағыты қарсы бағытқа өзгереді. Тұрақты ток жеке шарғымен өткен кезде токтың лездік мәнінің өзгеруіне сәйкес шама бойынша өзгеретін және әрбір жарты кезең сайын бағыт бойынша өзгеретін өтіп тұрған магнитті өрісті аламыз.
Енді үш фазалы кернеу желісіне қосылған үш шарғы жүйесінің магнитті өрісінің сипатын айқындайық. Уақыттың қандай да бір үш
кезеңін қарастырайық. 8.1, а - суретіне сәйкес t= T/4 кезеңінде іА то- гының лездік мәні оң, ал іВ және іС токтарының лездік мәндері теріс болады. Егер шарғының А, Внемесе Сжағында ток бізден тысқары
қарай жүретін болса, токты оң етіп, ал осы жақта (шарғының X, Yнемесе Zжағында керісінше) ол бізге қарай жүретін болса, оны теріс етіп есептеміз. 8.1, б суретінде сол жақта t= T/4 уақыт кезеңіндегі токтар бағыты осы келісімге сәйкес көрсетілген.
Үстіңгі үш сымда (Y,Ажәне Z) токтың біздентысқары, ал төмен- гі үш сымда (С, Х және В) бізге қарай жүретіндігін көреміз. Қол бұрғы қағидасын қолдана отырып, үстіңгі үш сымның жалпы маг- нитті өрісінің бір күштік желісін және төменгі үш сым өрісінің бір күштік желісін кескіндейік. Шарғылар жүйесінің ішінде бұл желілер оң жақтан сол жаққа қарай өтеді. Осы бағытқа шарғылар жүйесі өрісінің В магнитті индукциясының векторы бағытталған.
Осылайша, үш шарғы жүйесі токтармен уақыттың қаралып оты- рған кезеңінде өзінің ішінде N солтүстік полюсы оң жақта (оның ішінен шарғылар жүйесінің ішіне қарай күштік желілер шығады), ал S оңтүстік полюсы сол жақта орналасқан магниттің өрісі секілді өріс туғызады. (Шарғылар жүйесі туғызатын сыртқы өрісті қарасты- рған кезде солтүстік полюс уақыттың аталған кезеңінде сол жақта орналасады, бірақ бізді асинхронды немесе синхронды машинаның роторы орналасқан ішкі тұстағы өріс қызықтырады.)
t= T/2 уақыт кезеңінде іАтогы 8.1, асуретіне сәйкес нөлге тең; іВтогы оң, ал іСтогы теріс болады. Токтардың, күштік желілердің және шарғылардың жалпы өрісінің магнитті индукция векторының