магнитті индукцияның негізгігармоникасынбөлуде максимумға сәйкес келетін магнитті полюстің ортасының астында орналасады, ал оң жағы полюс ортасынан ығыстырылған және осы жақта ин- дуцияланатын ЭҚК біршама аз: е´1<у1. ЭҚК-ны ораманың қадамын қысқарту есебінен азайту қысқартукоэффициентіменсипатталады
ky EAX,
EAX (8.10)
мұндағы EAX'— қадамы қысқартылған шарғының ЭҚК күші;
EAX— қадамы толық шарғының ЭҚК күші.
Қадамы қысқартылған орама qтұтасемеспараметрімен —полюс
пен фазаға келетін саңылаулар санымен сипатталатынын айта кетейік. Орама коэффициенті. Статорда индуцияланатын ЭҚК-ны бөлін- ген ораманы қолдану және орама қадамын қысқарту есебінен азайту
kоборамакоэффициентіменесептеледі:
kоб
= kрkу (8.11)
Магнитті кедергісі ораманың магнитті кедергісінен едәуір төмен болатын тістері болғандықтан магнитті ағынның тербелістерімен туындайтын жоғары гармоникалық ЭҚК-ны азайту үшін ротордың немесе статордың саңылаулары қисайтып жасалады (білікке парал- лель емес). Аталған фактор орама коэффициентін қосымша азайтады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Айнымалы ток машиналарындағы статор мен ротордың функ- циясы қандай?
Орамасында үш фазалы токтар жүйесі өткен кезде айнымалы токтың үш фазалы машинасының айналып тұратын магнитті өрісінің пайда болуын түсіндіріңіз.
Айнымалы ток машинасы статорының конструкциясын сипат- тап беріңіз.
Статордың бір қабатты, екі қабатты, шоғырланған, бөлінген ора- маларының ерекшеліктері қандай? Бөлінген ораманың шоғыр- ланған орамаға қарағанда артықшылықтары қандай?
Ораманы бөлу коэффициенті нені көрсетеді?
Айнымалы токтың үш фазалы машинасындағы статордың маг- нитті өрісінің айналу жиілігі қандай параметрлерге байланысты?
Қадамы қысқартылған статор орамасы қандай мақсатта пайда- ланылады? Қысқарту коэффициенті және орама коэффициенті деп нені атаймыз?