Статордыңконструкциясы. Синхронды немесе асинхронды ма- шинаның жылжымайтын бөлігі корпустан және саңылауларында үш фазалы орама тартылған өзектен тұрады. Корпус шойыннан немесе алюминий қоспасынан жасалады. Құйынды токтарды бәсеңдету үшін өзек дестеленген етіп орындалады, яғни электртехникалық болаттың
187
тақталарынан жиналады. Әрбір тақта сақина болып келеді, оның ішкі жағында саңылаулар жасалады. Тақталарға оқшаулатушы лак жағы- лады. Статордың нақты конструктивті орындалу түрі машинаның ны- саналы мақсаты мен габариттік өлшемдеріне байланысты.
Статордыңорамалары. Үш фазалы машиналар статорының орамалары олардың статор саңылауларында орналасуына қарай бір қабатты және екі қабатты; жасалу әдісіне қарай – қолмен басқары- латын және шаблон түрінде; полюс пен фазаға келетін саңылаулар саны бойынша – тұтас және бөлшек санды болады.
Тұрақты ток машиналары секілді саңылауларда орналасқан орамдардың бөліктері белсенді жақтар деп аталады; белсенді жақтарды жалғайтын бөліктер алдыңғы жалғаулар деп аталады.
Бір қаба тты орам а лар (8.2, а суреті) қуаты аз машина- ларда қолданылады. Мұндай ораманың белсенді жақтары бір ци- линдрлік бетте жатады (тураланған сұлбада — бір жазықта). Орау кезінде алдыңғы жалғауларды қолмен әртүрлі бағытта бүгу қажет.
Екі қаба тты орам аны (8.2, б суреті) бүгу қажет емес; оның барлық орамдары бірдей. Мұндай ораманы шаблон түрінде орындауға болады.
Орама ш а р ғ ы л а р д а н тұрады. Қарапайым үш фазалы орама сұлба түрінде 8.1, бсуретінде бейнеленген, оның үш шарғысы бар
- әрбір фазаға біреуден. Қарапайым орамада шарғының бір белсен- ді жағының барлық сымдары бір саңылауда жатады. Мұндай ора- ма шоғырланған орама деп аталады. Бұл жағдайда саңылаулар саны 6-ға тең: ол фазалар санын (т = 3) әрбір фазаның белсенді жақтар санына көбейту арқылы анықталады. Бір фазадағы белсенді жақтар саны өз кезеңінде машина полюстарының санына тең (2p= 2). Мұн- дай жағдайда полюс пен фазаға бір саңылау келеді (q= 1).
Полюс пен фазаға келетін qсаңылаулардың тұтас саны бар орама- ларда уорамақадамы(ол 8.2-суретте көрсетілген) τ полюстікбөлік-ке, яғни көршілес әр аттас полюстер арасындағы арақашықтыққа тең. Екі полюсі бар машинада (2p= 2) полюстік бөлік 8.1, бсуретін-
8.2.-сурет. Орамалар сұлбалары:
а— бір қабатты; б— екі қабатты