Лобзин с. А. Электр машиналар



бет16/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Полюстер және зәкір. Негізгі және қосымша полюстер 1.4-су- ретте көрсетілген (қосымша полюстердің мақсаты төменде қарасты- рылатын болады).
По люстер дің 1 өзек тері дестелеген болады: оларды, жоғары магнитті өткізгіштігімен сипатталатын электртехникалық болаттан жасалған тілімшелерден жинайды. Бір тілімшенің қа- лыңдығы 1...2 мм болады. Тілімшелер түйреуіштермен қысылған және өзара оксидтік пленкамен оқшауланған. Өзектердің дестеле- ген құрылғысы ағылған құйынды токтарды едәуір бәсендетеді. Ауа саңылаулары полюстер мен зәкір арасында, полюстің ортасынан оның шетіне қарай ұлғаятындай етіп жасалынатын негізгі полю- стердің біліктері, полюс ұштықтарымен аяқталады. Бұл, ауа саңыла-

19




    1. – сурет Тұрақты ток машинаның полюстері:

а негізгі полюс; б — қосымша полюс; 1 - полюс ұштарымен полюстің өзегі; 2 — полюсті шарғы; 3 — тұғыр

уында магниттік индукцияның қажетті таралуын қамтамасыз етеді. Ауа саңылауы 1,5 мм-ден аз болады.


По люстік шарғылары мыс сымнан жасалған 2. Шарғы- ларды өзектерден оқшаулайды. Ұзындық бойымен бөліктерге бөлінген шарғы 1.4 а–суретте көрсетілген. Шарғыны және жұмыс барысында өзекті, едәуір салқындатуға мүмкіндік беретін шарғы бөліктерінің арасында желдеткіш арналар қалдырылады.
Негізгі полюстердің шарғы сымдар бойымен, магнит өрісінің қоз- дыру тогы ағып тұрады. Қоздыру токты жасау үшін, тұрақты ток машиналарын тәуелсіз қоздыру кезінде, кіші қуаттың бөлек тұрақты кернеу көзін қолданады. Генераторды өздігінен қоздыру кезінде, қоз- дыру тогы зәкір тогының бөлігі болады. Қозғалтқыш қоздырудың түрлі сұлбаларында, сол бір ғана қуат көзі зәкір орамасына да, қоз- дыру орамасына да қуат береді. Тұрақты ток машиналарды қоздыру сұлбалары 2 және 3 тарауларда қарастырылған.
Полюстер 3 т ұ ғ ы р ғ а бұрандамен бекітіледі.
Тұрақты ток зәкірі 1.5-суретте көрсетілген. З ә к і р ө з е г і (1.5, а-сурет) полюстер сияқты дестелегіш конструкциясы бар цилиндрді ұсынады: ол электртехникалық болаттың қалыңдығы 0,5 мм таңба- ланған тілімшелерінен жасалған. Өзектің тақталары оқшаулағыш лакпен сырланған, тістері, ойықтары және желдеткіш тесіктері бар (1.5, б - сурет). Тақталар жинағы басқыш тығырықтармен қысылған. Келесі бөліктерде қарастырылатын, бір - бірімен белгілі бір сұлба- лармен қосылған өзектің ойықтарында зәкірдің орамалары оралған (1.5-с сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет