Лобзин с. А. Электр машиналар



бет17/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

20


Зәкірдің орамасы ойықтардан оқшауланады және оларға сынамен (текстолит немесе гетинакстан) немесе бандажбен бекітіледі (сым- нан немесе шыны баулардан).
Полюстердің өзектері мен зәкір жасалған электртехникалық болат – кіші қалдық магниттенген магниттік жұмсақ материал- дан жасалған. Яғни, өзекке ауыстырылған орамаларда ток жүрмей қалған жағдайда, осындай материалдан жасалған өзектің магнит өрісі айтарлықтай бәсендейді.
Коллектор және щеткалар. Айнымалы токты бір бағыттағы токқа, сондай-ақ айналмалы зәкір мен қуат қабылдағыш тізбегінің қозғалмайтын бөлігі арасындағы электрлік жалғауды түрлендіретін машинаның әр маңызды торабын қарастырайық.
Екі жарты сақинадан тұратын (коллекторлық тілімшелер) қуат қабылдағыш тізбегі бойынша бір бағыттағы жүріп тұрған ток аға- ды. 1.2, а - суретте көрсетілген үлгіні күрделендірейік. Біріншіден, зәкірдің білігіне кеңістікте бір-біріне қатысты 90° жылжытылған бір емес екі өтетін орамаларды орналастырайық. Әрине, магнит өрісінде осындай зәкір айналған кезде ЭҚК екі орамдарда бір-бірі- не 90° фазалық бұрышқа жылжытылады (орамалардың біреуінде ЭҚК басқа орамдағы максимум ЭҚК кейін ширек уақыт өткен соң

1.5.-сурет. Тұрақты ток машиналардың зәкірі:


а — зәкірдің білігі; б біліктің бөлек тілімшесі; в —орам бөлігін зәкірдің ойығында орналастыру

21


ең көп мәнін қабылдайды). Екеуден емес, төрт коллекторлы тілім- шелерден құралған коллекторды жасаймыз. Ораманың бір ұшымен қосылған әрбір тілімше, енді жарты шеңбер емес ширек шеңбердің иінін ұсынатын болады. Жаңа үлгідегі щеткалар саны екіге тең етіп қалдырайық. Щеткаларды, ЭҚК ең көп мәні болатын сәтте орама- ның тілімшелерімен түйісетіндей орналастырамыз. Зәкірді айнал- дырған кезде, щеткалар бір ораманың коллекторлық тілімшелерінен басқа ораманың коллекторлық тілімшелеріне өтеді; сонымен бірге уақыттың едәуір бөлігін әрбір щетка екі іргелес коллекторлық тілім- шелермен түйіседі. Нәтижесінде, энергия қабылдағышынан ағып жатқан ток, екі коллекторлық тілімшесі бар үлгімен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді. (Щетканың бір коллекторлық тілімшеден екіншісіне ауысу үдерісі 1.7 - бөлімінде қарастырылған).
Коллекторлық тілімшелер санының келесі ұлғаюынан (және зәкір орамалар санынан) ток ағуы одан да төмендейді. Атап айтқанда, егер машинада бір магнит полюстері бар 16 тілімшеден (орамалар санын ұлғайтумен) тұратын коллекторды пайдаланса, токтың ағыны 1% төмендейді, яғни біз тек бағыт бойынша ғана емес және мәні бойын- ша тұрақты ток аламыз.
К о л л е к т о р (1.6, а-сурет) машина білігіне орналастырылған және біліктен оқшауландырылған. «Қарлығаштың құйрығы» пішінінде мыстан жасалған коллектор тілімшелері, коллектор құрылымының негізгі бөлшектері болады (ондай нысан монтажда- уды және бекітпенің беріктігін қамтамасыз етеді). « П е т у ш к и » д е п а т а л а т ы н коллекторлық тілімшелердің дөңестеріне зәкірдің орамасы болатын сымдардың ұшын дәнекерлейді. Коллекторлық тілімшелерді бір-бірінен миканит төсемелермен оқшаулайды (мика- нит - слюда негізіндегі оқшаулағыш материал).
Сыртқы тізбекпен жылжымалы түйіспе жүргізілетін, көмір неме- се графит щеткалары жанасып тұрады. Щеткалар щетка ұстағышына орнатылады (1.6, б - сурет). Серіппе мен қысатын тілімшеден тұра- тын механизм коллекторға қажетті щетканың қысымын қамтамасыз етеді және щетканың тозуын өтейді.
Қатар орналастырылған, бір полярлы үш щетка ұстағыштар (5) 1.3-суретте көрсетілген. Осы щетка ұстағыштар бір-бірімен маши- наның қысқыштарына құрама шиналар арқылы қосылған.
Тұрақты ток машина конструкциясының негізгі ерекшеліктері екі полюсті машина мысалында қарастырылады. Ары қарай, зәкір ора- маларының құрылысын талқылаған кезде біз ұсынылған ақпаратты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет