Лобзин с. А. Электр машиналар



бет18/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   283

22





1.6.-сурет. Коллектор және щетка ұстағыш:
а —коллектор құрылғысы; б — щеткасы бар щетка ұстағыш

көп полярлы машиналарға таратуымыз қажет.





1.3.

ТҰРАҚТЫ ТОК МАШИНА ЗӘКІРІНІҢ ОРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Зәкір о р а м а с ы зәкірдің ойықтарына және бір-бірімен белгілі сұлба бойынша орнатылған өткізшердің тұйықталған жүйесін ұсы- нады. Орама бөліктерден тұрады.
Ораманың б ө л і г і — бұл бір немесе бірнеше жүйелі қосылған орамалар (соңғы жағдайда бөлім шарғыны ұсынады). 1.2, а - сурет- те көрсетілген үлгіде зәкірдің орамасы тек бір бөліктен тұрады, ал бөліктің бір ғана орамасы бар. Бөліктің басы мен соңы екі әртүр- лі коллекторлық тілімшелерге қосылады. Бөліктерге арнайы нысан беру үшін, олар арнайы үлгі бойынша жасалады.
ЭҚК салынған бөліктердің белсенді жақтары деп аталады. Ой- ықтардың шетінен шығып тұратын және белсенді жақтарын қоса- тын бөліктері алдыңғы бөліктер (алдыңғы қосылулар) деп аталады. Белсенді жақтары мен бөліктердің алдыңғы қосылулары 1.5, в-су- ретте анық көрінеді.
Бөліктің белсенді жақтары үнемі статордың әр аттас полюстерін- де орналасқан. Егер машинаның негізгі полюстер саны екіге тең болса (яғни, полюстер жұптарының саны р бірлікке тең болса), онда бөліктердің белсенді жақтары зәкір ойықтарының диаметрлі


23


қарама қарсы бөліктерінде орналасады (1.2, а және 1.3 суреттерінде дәл сондай жағдайлар көрсетілген). Егер полюстер саны төртке тең болса (яғни, полюстердің жұп саны р екіге тең болса), онда белсен- ді жақтар 90° арқылы орналастырылады, өйткені дәл сол бұрышқа бір кереғарлық полюс басқа кереғарлық полюсқа біршама жылжы- тылған (машинаның негізгі полюстары үнемі алмасады: N, S, N, S және т.б.).
Полюстік бөлу τ негізгі іргелес полюстер орталарының арасын- дағы қашықтық, осы қашықтық зәкір өзегінің бетінде өлшенеді. Егер D — зәкір өзегінің диаметрі болса, онда зәкір шеңберінің ұзын- дығы πD құрайды. Егер полюстер саны 2р тең болса, онда полюстік бөлу болады:

  D .
2 p
(1.8)

Зәкір орамалары екі қабатты етіп жасалады, яғни әр ойықтарға екі әртүрлі бөліктердің екі белсенді жақтарын орналастырады: бір бөліктің бастапқы (тақ) жағын және басқа бөліктің соңғы (жұп) жағын. Бұл ретте, тақ жағы ойықтың үстіңгі қабатында орналасады. Бөліктердің белсенді жақтарын орналастырғаннан кейін, ойықтың жоғарғы жағын магниттік емес сынамен қатырады.


Тек екі белсенді жақтары бар ойықтар қарапайым деп аталады. Машина зәкірінің нақты ойығында бөліктердің белсенді жақтары- ның көптеген саны болу мүмкін. Ондай ойық бірнеше қарапайым ойықтардан тұрады (1.7-сурет).
Зәкір орамасының бөлігінде екі белсенді жақтары болғандықтан, әрбір қарапайым ойықта екі белсенді жақтары орналастырылған (бірақ, әртүрлі бөліктерге қатысты), Zэ қарапайым ойықтар саны Zс
орамалардың бөліктер санымен тең келеді. Әрбір коллекторлы тілім-
шемен бөліктің бір басы мен соңы қосылған, сондықтан Zк коллек- торлы тілімшелер саны сондай бөліктер санына тең болады.



1.7 - сурет. Нақты ойықты қарапайым ойықтарға бөлу (1, 2, 3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет