Лобзин с. А. Электр машиналар



бет162/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Бөлінген орамалар. Осы уақытқа дейін статорлардың шоғыр- ланған орамалары қаралып келді. Алайда үш фазалы машиналарды жасау кезінде статорлардың орамалары бөлінген түрде жасалады, яғни шарғының белсенді жақтарындағы орамдар бір емес бірнеше саңылауларда орнатылады (бір шарғыны бірнеше шарғыға бөледі). Бұл ретте статордың шеңбер беті қолданылады, ал саңылаулардың көлемі шоғырланған орамадағыдай үлкен емес.
Бөлінген ораманың тағы бір маңызды артықшылығын үш фазалы синхронды генератор мысалында талдаған жөн болар, оның статор орамасында ротор айналған кезде ЭҚК үш фазалы жүйесі индук- цияланады. Генераторларды құрастырған кезде оның с п е к т р л і к қ ұ р а м ы н д а жоғары гармоника барынша аз дәрежеде болуы үшін, оның орамасының әрбір фазасында индукцияланатын ЭҚК-ні синусоидалық шамаға барынша жақындатуға күш салынады.
Еск ер тпелер:

      1. Фурье теоремасына сәйкес, кез келген мерзімді функци- яны (сонымен қатар мерзімді өзгеретін ЭҚК, кернеу немесе ток) жиіліктері еселі синусоидалы шамалардың (гармоника)

жиынтығы түрінде ұсынуға болады: fг1= f жиіліктегі негізгі гармоника және fг2 = 2f, fг3 = 3f жиіліктердегі жоғары гармони- калар және т.б.

      1. Егер уақыттың мерзімді функциясы уақыт осіне қаты- сты алғанда симметриялы болатын болса (яғни егер әрбір жарты кезең ішінде функция кестесінің нысаны алдыңғы жар- ты кезең ішінде болғандай болып, бірақ функция белгісі қа-

190



8.4.-сурет. Статор орамасын бөлу бөлігі:
а — сұлба; б — ЭҚК диаграммасы; в —диаграмма үзіндісі

рама-қарсы болса), осы функцияның орналасуында fT3, fT5, fT7 және т.б. тақ санды жоғары гармоникалар ғана бар. Мұндай жағдайлар жиі іске асырылады.


3. Мерзімді функцияны жіктеуде қосылғыштың бірі ретін- де тұрақты құрамдас бөлік болуы мүмкін, бірақ қа- ралып отырған жағдайларға мұның қатысы жоқ.
Генераторлар мен қозғалтқыштардың токтары мен кернеулерінің спектральді құрамында жоғары гармоникалардың бар болуы энергия шығысының ұлғаюына және машиналардың қосымша қызуына әкеп соғады. Электр тарату желілеріндегі жоғары гармоникалар артық кернеудің туындауына ықпал тигізеді және жақын орналасқан бай- ланыс желілеріне әсер етеді. Электр энергиясын қабылдағыштарды қуат беру үшін әдетте синусоидалық кернеу қажет.
Шоғырланған орамамен индуцияланатын ЭҚК си¬нусоидалық болып табылмайды; жоғары гармоникалық құрамдас бөліктер оның спектральді құрамында бірқатар амплитудалар ретінде берілген. Бөлінген орамада жоғары гармоникалар ЭҚК-ні біраз азайту есебі- нен едәуір басылады.
Жүйелі түрде жалғанған үш А1Х1, А2Х2, А3Х3 шарғыға бөлінген статор орамасының бір фазасының бөлігі 8.4, а - суретінде көрсетіл- ген. Полюстардың екі жұбының жағдайы қаралып отыр. Көрсетіл-
ген үш шарғы шоғырланған ораманың бір А'Х' шарғысына сәйкес келеді (8.3, б - суретін қараңыз). Мұндай орама полюске және q= 3 фазасына келетін саңылаулар санымен сипатталады.
Егер синхронды генераторда статордың магнитті өрісінде полю- стердің екі жұбы бар болса, ротор 8.3, б - суретінде көрсетілгендей полюстердің екі жұбы бар электр магнит болуы керек. Генератор- дың роторы жетекті қозғалтқыштан сағат тілімен айналады дерлік. Сонда А2Х2 шарғысында индуцияланатын Е2 ЭҚК фаза бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет