Қысқатұйықталғанротор. Егер, қарастырылған асинхронды қозғалтқыштың үлгісінде қысқа тұйықталған орамдар санын өз-
198
гертсек және оларды шеңбер бойынша біркелкі таратсақ, «беличья клетка» деп аталатын ротордың орамасын аламыз. Сонымен қатар, бұндай ораманың тұйықтаушы (шетжақтық) өткізгіштері ораманың барлық белсенді өткізгіштері – біліктері үшін ортақ болатын қысқа тұйықталған сақиналар түрінде жасалады (9.2, асурет). Біліктер мен сақиналар мыс немесе алюминийдан жасалады. Көп жағдайларда, ротордың орамаларын ерітілген алюминийді ротордың жабық өзек- теріне құю арқылы жасайды.
Р о т о р д ы ң ө з е г і н , трансформатордың магнит өткізгіші си- яқты электртехникалық болаттың жеке тақталарынан, яғни, құйынды токты әлсірету үшін дестеленген етіп жасайды. Өзектің табағы 9.2, б - суретте, ал құрастырылған ротор — 9.2, в- суретте көрсетілген. Ро- тордағы құйынды токтардың көп емес екендігін байқайық: олар өзек- тің қайта магниттелу жиілігімен анықталады, ал соңғысы, статордың
магнит өрісіне, яғни, nsшама мәніне (формуласын қараңыз (9.1)) қатысты ротордың айналмалы жиілігіне байланысты анықталады. 6 % номиналды сырғуы ((9.2) формуласын қараңыз) және желінің
кернеу жиілігі 50 Гц болған кезде алатынымыз: ns= 3 Гц. Өзек тақта- лары арасындағы қажетті оқшаулауды олардың беттеріндегі оксидті таспа қамтамасыз етеді.
Ротордың өзегі алдыңғы және артқы м о й ы н т і р е к т і қа лқандар да орналасқан, тербеліс мойынтірек терінде
9.2.-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың қысқа тұйықталған роторы: а — «беличья клетка» орамасы; б — ротор өзегінің беті; в — жиналған ротор