жасалады). Оң қол ережесі бойынша, зәкір ораманың белсенді жақтарына бағытталған, ЭҚК бағыты анықталды. Егер генератор қуат қабылдағышқа қосылған болса, осы бағыттар токтар бағытына сәйкес келеді. Белсенді жақтары ойықтарда жұпталып орналасты- рылған. Алдыңғы қосылыстар көрсеткіштері бар сызықтармен, ал артқылары штрих сызықтармен көрсетілген. Көрсеткіштері бар сы- зықтар алдыңғы қосылыстарда, белсенді жақтар бағыттарына сәй- кес, токтар бағытын көрсетеді. Щеткалардың көрсетілген өрістері де (олар ынғайлы көрсетілу үшін, коллектор тілімшелерінің астын- да суреттелген) токтар бағыттарына сәйкес болады. Шын мәнінде, жоғарғы щетканың теріс өрісі бар, өйткені 1.8-суретте көрсетілме- ген сыртқы тізбектен ток осы щетка бағыты бойынша ағады.
Коллекторлы тілімшеден 1, ток бағытымен қозғалып, теріс өрі- сте щеткамен жанасып жатқан ораманың жеке бөлігінің құрылысын бақылайық. Бөліктің алдыңғы маңдайлы бөлігі коллекторлық тілім- шені 1ойықтың П1 жоғарғы бетінде жинақталған белсенді жағымен қосады. Осы бөліктің артқы маңдайлы бөлігі, П4 ойығының төменгі қабатында орнатылған екінші белсенді жағына, осы белсенді жағы- ның артқы шет жағынан келеді. Екінші белсенді жағының алдыңғы шет жағы коллекторлы тілімшенің 2 алдыңғы бөлігімен қосылады. Сонымен, бөлік іргелес коллекторлы тілімшелерде басталып, аяқта- лады, ал оның белсенді жақтары диаметрлі қарсы ойықтарда, яғни кері өрістердің полюстер астында орнатылған. (Жалпы, егер маши- наның р жұп полюстері болса, бір бөліктің белсенді жақтары орна- тылған ойықтар арасындағы орталық бұрыш 180/р тең болады).
Ілмекті ораманың ашып көрсетілген сұлба үзіндісінде (1.8, б - сур.) қарастырылған бөлігі қалың сызықпен көрсетіледі. Ойықтар- дың жоғарғы қабатында орнатылған белсенді жақтары, ашық сұл- бада тұтас сызықтармен, ал төменгі қабатта орнатылған белсенді жақтары штрих сызықтармен көрсетілген.
Осы суретте белгіленген:
зәкірдің орамасы у1 бойынша, бірінші жартылай қадамы - қарапайым ойықтардың санымен өлшенетін сол бөліктің белсенді жақтары арасындағы қашықтық;
екінші жартылай қадам y2 - осы бөліктің соңғы белсенді жағы мен келесі бөлігінің бастапқы белсенді жағы ара- сындағы қашықтық;
нәтижелі қадам y – бір-бірінен кейін орнатылған баста- пқы тараптар арасындағы қашықтық;