Қозғалтқышта зәкір реакциясы. Қозғалтқыштың бос жүрісі – бұл, оның біліктегі механикалық жүктемесіз жұмыс істеу режимі. Осы режимдегі зәкір ораманың тогы нөлге тең болмаса да номинал- ды жүктемедегі токқа қарағанда әлдеқайда аз болады. Сонымен, бос жүрістегі қозғалтқыштың магнит өрісі генератордың өрісі сияқты оның полюстер ағынымен анықталады.
Механикалық жүктеме ұлғайған сайын, қозғалтқыштың зәкір
тогы арта түседі (тиісті үдерістер 3.3, 3.4 бөліктерінде қарасты-
37
рылған) және магнит өрісінің машинаның нәтижелі өрісіне әсері күшейтіледі. Жалпы, зәкірдің реакциясы қозғалтқыштың магнит ағынынның әлсіреуіне әкеледі, бұл генератордағы сияқты болаттың қанықтығымен түсіндіріледі.
Мысалы, зәкір тогында және электр қозғалтқыш ораманың то- гында 1.12 – суретте көрсетілген бағыттары болсын (қозғалтқышта екі токтар да тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі). Жоғарғы өткізгіште әрекет ететін Ампердің күші сол қол ережесіне сәйкес, сол жаққа бағытталған; төменгі өткізгіште әрекет ететін күш оң жаққа бағытталған. Демек, қозғалтқыштың зәкір айналуы, генера- тор үшін көрсетілгендей сағат тілінің бағытымен емес, сағат тіліне қарсы айналады. Қарастырылып жатқан жағдайда зәкір мен полю- стердің өрістер конфигурациясы генератормен бірдей болады және алынған өрістің суреті 1.12, б-суретке сәйкес келеді. Дегенмен, қазір солтүстік полюс ұштығының оң жақ шеті шоғырланған, ал сол жағы тарқалған (оңтүстіктегі полюстің ұштығы үшін керісінше) болады.
Демек, қозғалтқыштағы физикалық бейтараптаманың қозғалы- сы, генератордан гөрі зәкірдің айналу бағытына қарама-қарсы қозға- лады. Сондықтан қозғалтқыштағы щеткалар қозғалысы айналдыру бағытымен орындалу керек. Егер, тұрақты ток машинасы қозғал- тқыш режимінде де, генератор режимінде де қолданылса, щетка қозғалысы қолданылмайды. Осы жағдайда зәкірдің реакциясын өтеу үшін, өтемдеуші ораманы пайдалану керек.