Лобзин с. А. Электр машиналар



бет61/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Аралас қоздыру генераторларының параллельді жұмысы. Екі аралас қоздыру генераторы (2.8, а - суретті қараңыз.) параллель қоздыру генераторлары сияқты параллель жұмысқа дәл сол сұлба бойынша іске қосылған деп есептейік (2.9 а -суретті қараңыз). Егер

70


бірінші генератордың IG1 тогы қандай да бір себептермен жоғары- ласа, онда жүйелі қоздыру орамасының магниттік ағыны жоғары- лайды, бірінші генератордың ЭҚК өседі, ал магнит өрісі артады. Бұл IG1 тогының одан да артуына алып келеді. G1 генераторының жүктелуі G2 генераторының жүктемеден босатылуымен бірге бір уақытта жасалады. Осылайша, осы сұлбаға енгізілген аралас қозды- ру генераторларының параллельді жұмыс жасай алмауы мүмкін. Па- раллельді жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, зәкірлердің аттас қысқыштарымен қосылған генераторлардың жүйелі орамала- рының қысқыштар арасында теңдестіруші сымды қосу қажет. Бұл жағдайда генераторлардың бірінің тогының кездейсоқ жоғарылауы барлық параллельді қосылатын генераторлардың жүйелі орамалары арасында бөлінеді және олардың бірлескен жұмысы қалыпты түрде жалғасады.



2.7.

ТҰРАҚТЫ ТОК ГЕНЕРАТОРЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ТҮРЛЕРІ

Электрмашиналық күшейткіш (ЭМК) генератор режимінде жұмыс істейтін және электр сигналдарын күшейтетін электр маши- насы. Электрмашиналық күшейткіштер автоматтандырылған реттеу және басқару жүйелерінде, әсіресе салыстырмалы қуатты басқа- рушы электр қозғалтқыштарын, сондай-ақ әртүрлі электр жетектері үшін қосалқы машиналар ретінде қолданылады. ЭМК төмен қуатты өзгерту арқылы үлкен қуаттарды бақылауды қамтамасыз етеді.
Қарапайым ЭМК тәуелсіз қоздырудың тұрақты ток генерато- ры болып табылады (2.3-бөлімін қараңыз): қоздыру тогын өзгерту арқылы генератордың қысқыштарында кернеуді бақылауға болады. Осылайша, қоздыру орамасының тізбегіндегі салыстырмалы төмен қуат, зәкір тізбегіндегі үлкен қуатты басқарады. Бұл ретте, жетек қозғалтқыш энергияның көзі болады. (Салыстыру үшін: электрон- ды транзисторлық күшейткіштерде ауыспалы төмен қуатты сиг- нал, коллекторлық тізбектегі тұрақты токтың көзінен энергия енуін бақылайды.)
Қуатты күшейту коэффициенті (күшейткіштің шығу қуатын қоздыру орамасының кірісінде қуатқа қатынасы) тәуелсіз генератор- ларда 100 мәніне жетеді.
Күшейту коэффициенті, бірінші генератордың шығыс кернеуі
(зәкір кернеуі) екіншісінің қоздыру орамасына берілгенде, гене-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет