Лобзин с. А. Электр машиналар



бет62/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

71


ратордың каскадтық қосу тізбегі арқылы ұлғайтылу мүмкін. Бұл жағдайда, екінші генератордың шығуындағы қуаты, бірінші генера- тордың кірісіндегі (қоздыру орамасында) қуатын 1000 және одан көп есеге асуы мүмкін. Алайда, каскадтық сұлба қымбат және өте үлкен болады.
Күшейту коэффициенті 1000-нан 10 000-ға дейін жететін көл- денең өрістің ЭМК жиі қолданылады. Оның жұмысын сипаттамас бұрын, машинаның нәтижелік магнит өрісіне зәкір өрісінің әсеріне байланысты тұрақты ток машинасында зәкір реакциясы орын алаты- ның еске түсірейік. Зәкір тогының магниттік өрісі негізгі полюстің осіне перпендикуляр болады (1.12 а -суретті қараңыз), сондықтан 1.6-бөлімде қарастырылған зәкір реакциясы көлденең деп аталады. Қарапайым тұрақты ток машинасында ол полюстер өрісін бұрмалай- ды және коммутацияны бұзады, сондықтан зәкір реакциясын әлсіре- ту үшін шаралар қолданылады (1.8 - бөлімін қараңыз).
Кәдімгі машинаға қарағанда электрмеханикалық көлденең өріс күшейткішінде зәкір реакциясы ЭҚК алу мақсатында қолданыла- ды. Көлденең qq осьте орналасқан көлденең щеткалар 1 (2.10-сурет) қысқа тұйықталған. Көлденең щеткалардан басқа, ЭМК-нің көлде- нең dd осьте, яғни полюстердің осьтерінде орнатылған тік щеткала- ры бар.
Тәуелсіз жұмыс істейтін көзде Iв ток LG қоздыру (басқару) ора- масында ағып тұрады. Бұл ток Ф0 магнит ағынын жасайды. Жетек қозғалтқыштың зәкірі бұрылса магнит ағыны ЭҚК зәкір орамасында
индуцияланады. ЭҚК әсерінен, зәкір орамасында көлденең щетка- лар тұйықталғандықтан Ік қысқа тұйықталу ток пайда болады. Қысқа тұйықталу тогы шағын Ф0 магнит ағыны үшін де маңызды болады.
Полюстің осіне перпендикулярлы бағытталған Ік тогы, зәкір ре- акциясының Фq көлденең ағынын жасайды. Зәкір орамасында осы ағынның әсерінен, 2 тік щеткалар арасында өткізілген ЭҚК турала-



2.10.-сурет. Көлденең ағымы бар электрмашина күшейткішінің электр- лік сұлбасы:
1 – көлденең щеткалар; 2 – тік щеткалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет