69
үшін.
Енді жазылған теңдеулерден генераторлардың жүктемелік токта- рын көрсетейік:
(2.12)
Теңдеулерден (2.12) генераторлардың жүктеме токтарын өзгерту үшін олардың EG1 және EG2 ЭҚК өзгерту қажет. ЭҚК, өз кезегінде, Iв1 және Iв2 қоздыру тогын өзгерту арқылы реттеледі. Генератордың жүктемесін арттыру үшін, осы генератордың қоздыру тогын ұлғайту арқылы оның ЭҚК күшейту керек. Жүктеменің бір бөлігін G1 гене- раторынан G2 генераторына өткізу үшін Iв2 қоздыру тогын арттыру қажет. U кернеуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Iв1 қоздыру тогын бір уақытта азайту керек.
Егер біз жүктемеден босатылған генератордың қоздыру тогын азайта берсек және жүктелетін қоздыру тогын көбейтсек, онда жүк- темеден босатылған генератор қозғалтқыштың режиміне өтеді. Осы генератордың жүктеме тогы аталған жағдайда бағытты керісінше өзгертеді.
Параллельді жұмыс істейтін генераторлар арасындағы жүк- темені бөлу. Параллельді жұмыс істеу үшін қосылатын генера- торлар әртүрлі сыртқы сипаттамаларға ие болуы мүмкін, бұл зәкір орамаларының және қосымша полюстердің кедергі мәндеріндегі айырмашылықтармен, зәкірдің тең емес реакциясы мен машиналар- дың магниттік жүйелерінің теңсіздігімен түсіндіріледі.
Бір координаталық жазықтыққа салынған генераторлардың сы- ртқы сипаттамалары бойынша, параллель жұмыс істеу үшін қосқан- да генераторлар арасындағы жүктеменің қалай бөлінетінін қарасты- руға болады. Параллельді жұмыста (шиналардағы берілген кернеуде) неғұрлым қатаң (жайпақ) сыртқы сипаттамаға ие генератор жұмсақ сипаттамасы бар генераторға қарағанда көбірек жүктелінетінің бай- қауға болады (2.9 б - суретті қараңыз).
Параллельді жұмыс істеу үшін генераторлар сыртқы сипаттама- ларға сәйкес болу керек. Сәйкес келмейтін сипаттамалар жағдай- ында, токтардың біркелкі емес таратылуы қоздыру тогын реттеу арқылы түзетілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |