Тұрақты ток қозғалтқышының үлгісі. Тұрақты ток генерато- рының үлгісі 1.1 -бөлімде сипатталған (1.2-суретті қараңыз). Егер, осы үлгіде R жүктемесін тұрақты кернеу көзімен ауыстыратын бол- сақ, онда біз қозғалтқыш үлгісін аламыз.
78
Дәл айтқанда, осы үлгіде зәкір қызметін атқаратын сымды орам- ның екі жағынан тұрақты ток өтіп жатқанда, белгілі бағыттың ай- налмалы кезінің электрмагнитті күштері пайда болады. Орамның әр белсенді жақтарында көздің полярлығын орнатып және ток бағытын көрсете отырып, сол қол ережесін қабылдап әр белсенді жағына әре- кет ететін күштің бағытын табамыз. Осы күштер, сағат бағытымен немесе сағат бағытына кері айналатын күштер жұбын жасай оты- рып, қарама-қарсы бағыттарда жұмыс істейтінін көреміз.
Көзге қосылған 2 щеткалар полярлығы өзгермейді. Зәкір ай- налған үдерісте 1 жарты сақинаның әрқайсысы байланыстан бір щеткамен шығып, байланысқа екіншісімен келеді, орамның әр бел- сенді жағындағы токтың бағыты қарама-қарсыға ауысады. Әрбір белсенді жағы магниттің бір полюсінің аймағынан шығады және басқасының аймағына енеді. Нәтижесінде, айналмалы кезеңінің әрбір жартысы арқылы орамның әр белсенді жағы, коммутациядан бұрын басқа белсенді жағы сияқты бірдей жағдайларда пайда бола- ды (щеткалардың бір жарты сақинасынан екіншісіне ауысқанға дей- ін). Нәтижесінде айналмалы кезінің бағыты өзгеріссіз қалады.
Осылайша, егер генератордың үлгісінде жарты сақиналар бірдей бағыттағы токты алу үшін пайдаланылса (токты түзету үшін), онда қозғалтқыштың үлгісінде жарты сақиналар тұрақты айналу бағытын қамтамасыз етеді.
Баяндалған ақпарат, бұрын аталған электр машиналарының қай- тымдылық қасиетін суреттейді.
Тұрақты ток қозғалтқышының конструкциясы.Генератор- лар мен қозғалтқыштарға жалпы болатын тұрақты ток машинала- рының құрылымы 1.2-бөлімде сипатталған. Қозғалтқыш зәкірінің орамасына тұрақты кернеу көзінен (желіден) қуат беріледі. Зәкір орамасы, бұрын қарастырылған үлгіге қарағанда, 1.4 және 1.5 - бөлімдерде қарастырылған сұлбалар бойынша, бір-бірімен байла- нысатын бөліктердің айтарлықтай санын қамтиды. Щеткалар мен коллектор тілімшелері арасында сырғымалы түйіспе арқылы, зәкір орамасымен көздің электрлік байланысы, үлгідегі жарты сақиналар сияқты, нақты қозғалтқыштағы қызметті атқарады – олар айналма- лы кезеңнін бағыт тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Статорда гене- ратордағы сияқты магнитті ағынды қалыптастыратын қоздыру ора- масы бар. Бұдан кейін қозғалтқыштың қоздыру орамасын қосудың әр түрлі сұлбалары қарастырылады.
Генератор режимінде де, қозғалтқыш режимінде де тұрақты ток