Біртекті магнит өрісіндегі өткізгіш.Магнит өрісінде сыртқы күшпен ауыстырылған өткізгіште болып жатқан құбылыстар 1.1
– бөлімде қарастырылған (1.1-суретті қараңыз). Өткізгіште ЭҚК пайда болады, ал егер өткізгіш жүктемеге тұйықталған болса, онда оның бойымен ток өтеді. Бұл жағдайда сыртқы күшке қарсы бағыт- талған электрмагниттік күш пайда болады. Қарастырылып отырған өткізгіштегі электр энергиясының генерациясы сыртқы күштің жұ- мысына байланысты болады деген қорытынды жасалынды.
Енді тәжірибенің параметрлерін өзгертеміз: біз бұрынғыдай бір- текті магнит өрісіне қойылған өткізгішті жүктемеге емес, тұрақты Uкернеу көзіне қосамыз. Өткізгіш бойымен, бағыты кернеу көзін қосу полярлығымен анықталатын Iток жүреді (3-сурет). ). Сыртқы күшті жоямыз.
Магнит өрісінің B индукциясына, І өткізгіштің белсенді ұзын- дығына және Ітеңдеуге (1.2) сәйкес, магнит өрісіне орналасты- рылған тогымен өткізгішке электрмагниттік Fэмкүші (ампер күші)
әсер етеді. Электрмагниттік күштің бағыты сол қол ережесімен
анықталады.
Қарастырылып отырған өткізгіш, Fэм күшінің әсерінен параллель бағыттаушы сымдар бойымен оңға қарай жылжиды. Бірақ, қозғалып жатқан магнит өрісінде, бағыты оң қол ережесімен анықталатын Е
3.1.-сурет. Қозғалтқыш әрекеті қағида- сының көрінісі.
76
ЭҚК тураланады. Бұл бағыт, кернеу көзімен жасалған ток бағытына қарама-қарсы келеді, сондықтан осындай ЭҚК қарсы ЭҚК деп ата- лады.
Сонымен, механикалық жұмыс электр энергиясының есебіненжүзегеасырылады(қарсы ЭҚК асатын қуат көзі қажет).
Осында қарастырылған үлгінің және 1.1-бөлімде қарастырылған үлгінің маңызды ерекшеліктерін атап өтеміз. Магнит өрісінде ор- наласқан, сол бір өткізгіш генератордың рөлін (егер ол сыртқы күшпен қозғалса) немесе қозғалтқыштың рөлін (егер ол арқылы ток өткізілетін болса) атқарады. Бұл ерекшелік электр генераторлары мен қозғалтқыштарының барлық түрлеріне жалпылануы мүмкін: кез келген электр машинасы генератор режимінде де, қозғалтқышрежиміндедежұмысістейалады. Бұл қасиет электрмашиналары-ныңқалпына келуқасиетідеп аталады.