Лобзин с. А. Электр машиналар



бет94/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

109


Айтылғаннан электр тежеудің бұл тәсілі кез-келген тізбектің өзге- руін талап етпейтіні түсінікті. Осыған қоса, ол ең үнемді болады, се- бебі оның электр энергиясы қуат көзіне қайтарылады. Дегенмен, бұл әдіс тек қозғалтқыш мінсіз бос жүрістің айналу жиілігінен жоғары жиілікте айналғанда, әсіресе электр поездің төмен қарай қозғалы- сында жүзеге асырылады. Дегенмен, поездердің рекуперативті теже- уі қозғалыс жылдамдығын төмендетуге және көлденең нысандарда азайту үшін қолданылады. Осы мақсатта қозғалтқыштың қоздыру тогын артады, бұл полюстердің магнит ағынының ұлғаюына әке- леді. Сонда, (3.22) теңдеуге сәйкес қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендеу керек. Бірақ бұл, көлік құралының массасы үлкен болуына байланысты, тез арада орындалмауы мүмкін, ал қозғалтқыштың ай- налу жиілігі бастапқыда мінсіз n0 бос жүріс жиілігінен артық болады және қозғалтқыш генераторлық режимде жұмыс істейді, онда теже- гіш электрмагниттік иінкүш жылдамдықты азайту үдерісті тездетеді. Қарастырылған тежеу әдісі тәуелсіз және параллель қоздыру қозғалтқыштарына қолданылады. Жүйелі қоздыру қозғалтқышы бос жүріс режимде 3.7-бөлімде көрсетілгендей жұмыс істей алмай- ды (оның мінсіз бос жүріс жиілігі шексіздікке ұмтылады). Мұндай қозғалтқыштың рекуперативті тежеуін енгізу үшін, оның қоздыру қозғалтқышын параллель немесе тәуелсіз қоздыруға ауыстыру қа-
жет, яғни бұл жағдайда сұлбалық өзгерту қажет.



3.9.

ТҰРАҚТЫ ТОК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ АРНАЙЫ ТҮРЛЕРІ



Орындаушы қозғалтқыштар. Электрмеханикалық автоматтан- дырылған басқару және реттеу жүйелерінде, электрлік сигналды механикалық қозғалысқа айналдыру қажет болған жағдайда қол- данылады - біліктердің айналуы. Мысал ретінде - өлшеу көпірінің өзін-өзі теңестіру тәсілі болу мүмкін. (Өлшеу көпірі электрлік кедер- гі, индуктивтілік, сыйымдылықты және электр тізбегінің басқа пара- метрлерін өлшеу құралы болып табылады). Көпірмен өлшеу кезінде оның тармақтарының біріне - өлшеу диагоналында - нөлдік кернеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет