«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет14/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

Сергіту сәті:
ІҮ.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. «Аңсардың күн режімі» суреті бойынша жұмыс. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
2- тапсырма. Тәулік мезгілдері туралы түсінікті дамыту.
-Ұлжан таңертең не істеді? Күндіз ше? кешке ше?
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү. Рефлексия.
8 сабақ.
Тақырыбы: Уақытты бағдарлау.
Мақсаты: жыл мезгілдерін, айларын ретімен атау іскерлігін дамыту; уақыттың кезеңдігімен қайтымсыздығы туралы түсінікті қалыптастыру.
Көрнекілігі: доп, жыл мезгілдерінің суреттері, т.б.
І.ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: уақыттық түсініктер туралы бұрын меңгерген білімдерді анықтау; ойын дамыту.
-Біз «Тезірек ата» деп аталатын бойжазу.
Тәрбиеші тапсырманы айтып, допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады.
-Кез келген жыл мезгілін ата.
-Кез келген апта күнін ата.
-Кез келген айды ата.
-Кез келген жыл мезгілінің ай аттарын ата.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балалар барлық жыл мезгілдерінің аттарын атайды.
Күз. Көктем.
Күз айы бастайды, Көктемді көңілді,
Құстар қайта бастады. Құстар кеп жатқанда.
Жапырақ сарғайып, Құлпыртып өңірді.
Жерге түсе бастады. Гүл ектік бақтарға.
Қыс. Жаз.
Жапалақтап ала қар, Жайқалып жапырақ.
Жауды күнде қайталап. Құлпырып қызғалдақ.
Қырға шықты балалар, Тұратын көз тартып,
Шаңғыларын арқалап. Жаз келді күншуақ.
Сосын балалар барлық ай аттарын атайды. Уақыттың ауыспалығы, кезеңдігі және қайтымсыздығы туралы түсінікті бекіту бойынша да жұмыс жүргізіледі. Балалар айлардың, жыл мезгілдердің реттілігін тұрақты екендігін анықтайды (бейсенбі қашан да сәрсенбінің орнына, ақпан – қаңтардың, жаз көктемнің орнынакеледі, т.с.с.) ойын ойнау ұсынылады.
1-ші ойын. «Алақанынды соқ-соқпа»
Мақсаты: жыл мезгілдері мен ай аттары білімін бекіту; зейінді дамыту.
Ай, жыл мезгілдері, жыл мезгілдерінің ай аттарын еркін түрдегі кезекпен атайды.балалар міндеті – егер жыл мезгілінің(айдың)атауын естісе, алақандарын соғу, басқа атаса-қолдарын жоғары көтеру, қателік жібермеген балалар жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет