«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет35/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

ІІІ.Сергіту сәті:


ІҮ.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.10 санының құрамымен жұмыс. Өзара байланысты теңдіктер құру.
2-тапсырма. Заттың бағасын қосу амалының көмегімен анықтау.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.

30сабақ.
Тақырыбы:Сағат


Мақсаты: сағатпен танысу; уақытты сағат бойынша анықтау іскерлігін қалыптастыру; 10-ның көлемінде есептеу дағдыларын бекіту.
Көрнекіліктер: доп, сағат белгілері бар карточкалар, адамдардың суреттері..
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.


ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты оқып-меңгеру сақсатында бұрын меңшгерген белімдерді тексеру;
«Өлшеуге бола ма?» бойжазу өткізу.
«Ұзындықдықты (түсті, көлемді, иісті, температураны , уақытты) өлшеуге болма?
Деген сұрақ қойып, допты балаға лақтырады. Бала «ия», «жоқ» деген жауап береді.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балаларды сағатпен (механикалық, электронды, құм сағаттары, т.б.), сағат, минут, секунд тілдерімен таныстарды. Балалар уақытта сағат бойынша бір сағатқа дейінгі дәлдікпен анықтауды, сағат үлгілерінде уақытты белгілеп, өоюды үйрету.
1-ші ойын. «Алдымен не болған»
Мақсаты: уақытты сағат бойынша бір сағатқа дейінгі дәлдікпен анықтауды қалыптастыру; оқиғалардың реттілігін анықтап білу іскерлігін дамыту.
Адамдардың тәуліктің әр мезгіліндегі іс-әрекеттерін бейнелейтін суреттер тақтаға ретсіз ілінген. Суреттердің әрқайсысында уақытты көрсететін сағаттар бейнелеген. Мыс:Қыз төсегінен жинап жатыр», сағат 7 ні көрсетіп тұр», «Қыс таңға ас ішуге әзірленуде, сағат 8-де көрсетіп тұр», сурет бойынша балаларға сұрақтар қойып, жауап берген балаға фишка беріліп мадақтап отырады.
2-ші ойын 10-ның көлемінде есептеу дағдыларын бекіту; топпен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Топ бойынша жұмыс істеу. Ойынға қатысушылардың әрқайсысына түрлі-түсті қатырма қағаздан жасалған бір-бір көбелек үлестіріледі: көк түстілер -І топ. Қызыл түстілер-ІІ топ.
Көбелектердің әр қайсысына мысал жазылған. Тақтаға түрлі-түсті қатырма қағаздан қиылған, 0-10-ға дейінгі сандар жазылған гүлдер ілінеді. Белгі беру бойынша әрбір қатысушы өзінің мысалын шығарады және көбелекті керекті сан жазылған гүлдің жанынан бекітеді.Топтың жұмыс аяқтаған кезде ойын аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет