«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет34/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

ІІІ.Сергіту сәті:


ІҮ.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.суретті он, сонша деген сөздерді пайдаланып сипаттау. 10-ның көлемінде есептік санау. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
2- тапсырма. Реттік санау.
3-тапсырма. Графикалық жұмыс.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.

29 сабақ.


Тақырыбы: Теңгемен танысу.
Мақсаты: екі кіші саннан тұратын 10 санының құрамымен танысу. 10-ның көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыру; үлттық валюта теңгемен танысу.
Көрнекіліктер: доп, 10 теңгедеген белгілері бар карточкалар, т.б.


І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.


ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында 2-9 сандары туралы бұрын меңгерген білімдерді тексеру;
«Екі кіші санды айт деп аталатын бойжазу өткіземіз.
Санды 2-ден 9-ға дейін айтып, доп балаға лақтырады. Бала айтылған санды құрайтын сандардың жұбын айтып, допты қайта лақтырады. Мыс: 6-бұл 2және 4
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балалар 10 санын екі кіші санға жіктеуді (9 және 1; 8 және 2; 7және 3;) және екі кіші саннан бір үлкен сан алуды үйренеді. Бұл тақырыпты әуелі нақты заттардың мысалында, соысн сандарды пайдалана отырып түсіндіруге кеңес беріледі.
1-ші ойын. «Қақпадан өт»
Мақсаты: 10 санының құрамы туралы білімдері бекіту; қимыл-қозғалыс белсендігін дамыту.
Екі бала қол ұстасып, «қақпаны» бейнелейді. Тақтаға 10 саны ілінген. Қалған балалар 1-ден 9-ға дейін сандар бар карточкалар үлестіріледі, тәрбиешінің үстелінде де дәл осындай карточкалар жайылып қойылады. 9-дың көлеміндегі бір санды атайды. Карточкасында осындай сан бар бала үстелдің үстінен 10 санының құрамы шығуы үшін керекті карточканы тауып алады, сөйтіп қақпанға кіреді.
2-ші ойын. «Дүкенге бару»
Мақсаты: теңге туралы білімдерді бекіту; құны аз монеталардан белгіл бір сома жинап алу іскерлігін қалыптастыру; 10санының құрамы туралы білімдерді бекіту.
Тақтаға кеңс заттардың суреттері ілінген (түстері мен өлшемдері әртүрлі қарындаштар, өшіргіш, резеңке, бетбелгілер, т.с.с.) Әрбір заттың жанында оның бағасы көрсетілген. 10 теңге деп жазылған карточканы іледі. Баалардың міндеті – 10 теңге қандай заттар сатып алға болатынын анықтау. Мыс: бағасы 6 теңге қызыл қарындаш пен 4теңге тұратын бетбелгі. Әрбір дұрыс жауап үшін зат алады. Көп затты сатып алған бала жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет