ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мұғалім тақтаға 1-8 сандары бар карточкаларды іледі. Натурал қатарда 8-санын қалай шығатынын (8 санына бірлікті қосу жолымен) және 8 санынын 8бірліктен тұратыннын түсіндіреді;
Материалды бекіту үшін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.
1-ші ойын. «Үшбұрыш құрастыр.»
Мақсаты:8-дің көлемінде есептік санау дағдыларын дамыту; ұсақ қол қимылдарын дамыту; логикалық ойлауды дамыту.
Ә рбір балалар жұмыс үстеліне санақ таяқшалары таратылып беріледі. Балалардың міндеті- 5,6,7,8 таяшадан үшбұрыш құрастыру. Осыны дұрыс және басқалардан тез орындаған балалар жеңіске жетеді.
ІІІ.Сергіту сәті:
ІҮ.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Есептік санау. Лабиринтпен жұмыс істеу. Зейінді дамыту;
2-тапсырма. Зейінді және логикалық ойлауды дамыту;
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.
24-25сабақ.
Тақырыбы: 9 санымен цифры.
Мақсаты: 9санымен және цифрымен танысу;9-тің көлемінде есептік және реттік санау дағдыларын дамыту;
Көрнекіліктер: Мұғалімге көмек: доп, 1-9 сандары бар карточкалар.
Үлестірме материал: сандармен геометриялық фигуралар
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты: жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында бұрын меңгерген білімдерді тексеру;
-Біз «Нені санай аламыз?» деп аталатын бойжазу өткіземіз.
Сұрақ қойып, доп балаға лақтырады.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Тақтаға 1-9 сандары бар карточкаларды іледі; 9 санының қалай шығатынын және 9 санының 9 бірліктен тұратын түсіндіреді; одан әрі балаларды 9 санының жазылуымен таныстарды.ептілікті дамыту үшін балаларға 9 таяқшадан тең 4 үшбұрыш немесе тең 3шаршы жасауды ұсынуға болады.
Материалды бекіту ойын ойнау ұсынылады.
1-ші ойын. «Факс»
Мақсаты: 1-8 цифралары туралы білімдерді бекіту. 9 цифрын жазу білімін қалыптастыру. Топтың жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Әрбір топтарды қатысушылары бір-бірінің артына тұрады. ал топтың басшысы тақтаға қарап, қолына бор ұстап, бірінші тұрады. әр топтың ең соңында тұрған қатысушысына сан жазылған карточка береді. Бұл қатысушылар карточкадағы сан алдында тұрған баланың арқасына саусағымен салады. Хабарламаны алған қатысушылар оны әрі қарай жалғастырады. Басшы хабарды алған соң оны тақтаға бормен салады. Тапсырманы дұрыс және басқалардан жылдам орындаған топты фишка алады. Сандар мен геометриялық фигуралар кезектесіп берілетін басқа карточкалар бойынша ойын жалғаса береді. Ең көп жинаған топ жеңіске жетеді.
2-ші ойын. «Жұбыңды тап»
Мақсаты: 9-дың көлемінде есептік санау дағдаларын дамыту; Топтың жұмыс істеу іскерлігін дамыту; қимыл-қозғалыс белсенділігн дамыту.
Балалар 2 топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. біріншілеріне 1-ден 9-ға дейін сандар жазылған карточкалар, екіншілеріне әртүрлі мөлшердегі заттар бар карточкалар үлестіріледі. Сандар берілген қатысушылардың міндеті- заттарының мөлшері өзінің санына тең келетін қатысушымен жұп құру (карточкалары «жұп» балалар бір-бірінің қолдарынан ұстайды).карточкаларды қайтадан үлестіре отырып, ойынды бірнеше рет қайталауға болады.