1-ші ойын. «Жиынтықтың қалған бөлігін тап» Мақсаты:бүтін мен оның бөлшкетері туралы түсінікті қалыптастыру; бүтін жиынтықтанбөлшекті шығару іскерлігін қалыптастыру; командада жұмыс істеу іскерлігін дамыту;
Тақтаға фигуралар- жиынтықтардың қалған бқлшектері салынған карточкалар шашыраңқы түрде бекітілген (үлгіні қараңыз). Командалар бойынша жұмыс істеу. Мұғалім әр қатысушыға2 карточкадан-бүтін жиынтық пен оның бқлшекін (үлгіні қарыңыз) береді. Ойынға қатысушылардығ міндеті- бүтін жиынтықтан оның бөлшегін азайту амалын орындап, оларды жиынтықтың тиісті қалған бөлшекінің жанына бекіту. Қатысушылар бірінен кейін бірі кезекпеен ойнайды. Тапсырманы дұрыс және басқалардан тез орындаған команда жеңеді.
Көрнекіліктер: Мұғалімге көмек:доп,1-5 сандары бар карточкалар.
Үлестірме материал:1-5 сандары бар карточкалар.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты :жаңа білімді еңгізу қажеттілігін танытатынжағдайды көрсету; ойын іс-әрекетін уәждеу; -Біз «Келесі сан» деп аталатын бойжазу өткіземіз. Мұғалім 1(2 3 4) санынан кейінгі келесі санды атауды сұрайды және допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады. Бойжазудан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті. Мұғалім тақтаға 1-5 сандар бар карточкаларды іледі; натурал 0атарда 5 санының қалай шығатынын (4 санына бірлікті қосу жолымен) және 5 санының 5 бірліктен тұратынын (1,1,1,1және 1) түсіндіреді; одан әрі балаларды 5 санының жазылуымен таныстырады. Материалды бекіту үшін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.