Логикалық тапсырмалар



бет9/9
Дата07.01.2022
өлшемі269 Kb.
#18289
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мәз болады болысың


Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шілтірейтіп орыстың,

Шенді шекпен жапқанға.

Үйі мәз боп, қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

Әуре қылды, салды ойран,

Үйдегі тыныш жатқанға.

Еш нәрсе емес жұбанар,

Ақыл көзбен баққанға.

Жас баладай қуанар,

Бір дәмдіні татқанға.



Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Өлеңнен таңдап алынған сөз

Түсініктеме

Болыс

Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...



Тапсырма

«С»-дан басталатын сегіз сөз.

Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:

1.Сұйық зат

2.Зат немесе құбылыс атауы

3.Дақыл атауы

4.Жеміс аты

5.Қарудың аты

6.Жоғары оқу орнының оқушысы

7.Өсімдік атауы

8.Студентке төленетін айлық

С


С

С

С



С

С

С



С

Тапсырма

Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?

Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!



Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

1. Қандай? 1. таза

2. Қай? 2. ақылды

3. Негізгі сын есім: 3. қара

4. Туынды сын есім: 4. ойлы

Тапсырма

Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға, сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.

Мысалы: Үлгі.

«Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер.



Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана.

І топ Бала..........................................................................................

ІІ топ Құс..........................................................................................

Сан есім.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Қанша? Неше? алты, жеті, он бір.

Нешінші? бірінші, оныншы

Нешеу ? екеу, жетеу.

Дара сан есім: он, алты.

Күрделі сан есім: он бес, жиырма сегіз

Есептік: бір, екі, үш

Реттік: бесінші, алтыншы.

Тапсырма

Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.



Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз

2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.

3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.

4. Дара сан есім: 4. он, алты.

5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.

6. Есептік: 6. бірінші, оныншы

7. Реттік: 7. бір, екі, үш



Тапсырма

Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.

1 ____________________________________________

2 ____________________________________________

3 ____________________________________________



Тапсырма

Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.

Білімді............... жығады, білекті............... жығады.

............ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Етістік

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Не істеді? Келді.

Қайтті? Кісінеді.

Неғылды? Ұшты

Негізгі етістік: біл.

Туынды етістік: шеге+ле, сап+а

Дара: оқы, кел.

Күрделі етісітік: оқып отыр, келе жатыр.

Болымды етістік: айт,бар, жүр

Болымсыз етістік: айтпа, барма, жүрме.

Тапсырма

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.



Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Тапсырма

Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.



Күлембай

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім


Орнықпайды суылдап...

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап...

Жай жүргенде бір күні,



Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Өлеңнен таңдап алынған етістік сөз

Түсініктеме

Орнықпайды суылдап.

Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.



Тапсырма

Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі-бір, екіншісі-екі, үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет