Логикалық тапсырмалар


Дәмді шөпті таңдаған, Д



бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі269 Kb.
#18289
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті толғаған.

Дағдысынша Дуадақ,

Даланы еркін шарлдаған.

Шырмалған шырмауық,

Шүпірлеп шығыпты.

Шілдеде су ішпей бір ауық,

Шытынап бұтағы сыныпты

Өкпелеп қуып,

Көшкен ауылды.



Өкпем өшті,

Өкшем ауырды.

Жаңылтпаштарды тез қайтала және жаттап ал. Қай дыбыстың көп қайталанғанына назар аудар.



*Өзің де дауыссыз дыбыстарға жаңылтпаш құра.

Мәтін бере отырып қателерін тапқызу, жазылуы күрделі сөздермен жұмыс жасату, іздендіру. Орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау.

* Сөзжұмбақ құрату, шештіру.

* Түбірлес сөздерден картотека тергізіп жасату

Анаграмма «К» әрпіне

К

К



К

К

К



К

К

К



К

К


  1. Кісінің аты

  2. Ұя салмайтын құс

  3. Жанғыш пайдалы қазба

  4. Тағам түрі

  5. ... білім бұлағы

  6. Жер қазатын құрал

  7. Қыста ұйықтайтын жануар

  8. Спорт түрі

  9. Жәрдем жасау

  10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.



Тапсырма

ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.

Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек.

* Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!

Тәрбиелейді, дағдысынша, баулиды, көгілдірі, баулудағы.



Тапсырма

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Қорада емес сарайда,

Аспанда емес тоғайда.

Отында жоқ кйеде,

Жылқыда жоқ, түйеде.

Қырда емес, сайда бар,

Құнанда жоқ, тайда бар.

Бұл жұмбақты шешетін

Тапқыр бала қайда бар?

Қай әріп? ........



Тапсырма

1.Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің сарасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

2. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.

Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....



Тапсырма

Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына оң жақтағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет