Логикалық тест тапсырмалары Математика 9 сынып І нұсқа Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жей алады. Олар барлығы жабылып осы қойды қанша сағатта жейді.
А) 1 В) 2 С) 3 D) 1,5 Е) 2,5
2. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз: 1; 3; 7; 13; 21;...?
А) 23 В) 29 С) 31 D) 37 Е) 43
3. Сатының 21 баспалдағы бар. Қанат пен Жанат осы баспалдақтарды санайды: біреуі төменнен жоғарыға, біреуі жоғарыдан төменге дейін. Олар Қанаттың оныншы деп атаған баспалдағында кездеседі. Бұл баспалдаққа Жанат қандай нөмір береді?
А) 13 В)14 С) 11 D) 12 Е) 10
4. Берілген шартқа байланысты сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз:
- =2
+ =9
- =3
+ =?
А) 4 В)5 С) 6 D) 7 Е) 8
5. Бір қалаға 100 турист келді. Олардың 10-ы неміс тілін де, француз тілін де білмейді. 75 адам неміс тілін біледі, 83 адам француз тілін біледі. Неше турист осы екі тілдің екеуін де біледі?
А) 47 В)58 С) 63 D) 68 Е) 72
6. Фигуралар сандармен белгіленген болса, онда төмендегі суретке қай жауап сәйкес келеді?
А) 338 В)331 С) 113 D) 881 Е) 338
131 838 383 313 181
388 811 188 811 311
7. 2а санының 4% -нің 9%-і а санының 5%-інің неше процентін құрайтынын анықтаңыз.
А) 16% В)22,4% С) 14,4% D) 4,8% Е) 9,6%
8. Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір сандармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін тап.
А) 5373 В)4373 С) 5173 D) 5143 Е) 4163
9. Әріптерінің орнына 0 мен 9 арасындағы цифрлар қойып, С-ның орнына қандай цифр сәйкес келетінін анықтаңыз:
А2С -
С2А С96
А) 7 В) 3 С) 5 D) 4 Е) 2
10. Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын тап:
А) 4 В) 5 С) 6 D) 7 Е) 8
11. Күзетші 4 күн жұмыс істеп, бесінші күні дем алады. Ол жексенбі күні дем алып, дүйсенбі күні жұмысқа шығатыны белгілі. Қанша күннен кейін оның демалысы тағы да жексенбіге түседі?
А) 30 В) 36 С) 33 D) 44 Е) 35
12. Төмендегі өлшемі 4 х 2 кестені толтыру ережесі мынадай: бірінші жолға кез келген екі сан жаза аламыз; әрбір келесі жолға оның үстіндегі жолдағы сандардың қосындысы мен айырмасын жазамыз. Өлшемі 7 х 2 кестені осы ережемен толтырғанда соңғы жолда 96 мен 64 сандары шықты. Осы кестенің бірінші жолындағы сандардың қосындысын анықта.
10
3
13
7
20
6
26
14
А) 20 В) 26 С) 28 D) 30 Е) 21
13. Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?
А) 17 В) 9 С) 5 D) 7 Е) 12
14. Үш таңбалы екі санды қосқанда оқушы мынадай қате жіберді: бірінші санның ондығын көрсететін 8 цифрын 3 деп, ал екінші санның бірлігіндегі 3-ті 8 деп шатастырып, қосындыда 713 санын шығарды. Қосындының дұрыс мәнін табыңыз:
А) 709 В) 724 С) 745 D) 758 Е) 761
15. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз:
8 9 6 8 5 9
5 6 3 7 4 8
А) 12 В) 13 С) 15 D) 22 Е) 39
16. Квадрат дәрежеге шығарғанда
А) сан әрқашан артады В) сан әрқашан кемиді С) сан әрқашан өзгереді D) тек біреуінен басқа барлық сандар өзгереді Е) тек екеуінен басқа барлық сандар өзгереді
17. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз:
12 7 8
60 8 35 12 48 15
А) 25 В) 12 С) 32 D) 40 Е) 61
18. Құрбақа тереңдігі 50м құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18м жоғары көтеріледі де, сонан кейін 12м төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады?
А) 8 В) 7 С) 9 D) 6 Е) 10
19. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз
= 425 = 4964 = 94 = 811
=?
А) 169 В) 649 С) 86 D) 916 Е) 129
20. 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға бөлгенде 1 қалдық қалатын 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды табыңыз
А) 151 В) 281 С) 301 D) 421 Е) 241
2 1. Квадраттың төбелерін қосатын АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз, егер әр квадраттың қабырғалары 1-ге тең болса. В
А
А) 5 В) С) + D) Е) басқа жауап
22. Том мен Джерриде бірдей тіктөртбұрыштан бар. Том өзіндегі тіктөртбұрышты әрқайсысының периметрі 40см болатындай екі тіктөртбұрышқа бөлді, ал Джерри әрқайсысысының периметрі 50см болатындай екі тіктөртбұрышқа бөлді. Бастапқыда тіктөртбұрыштардың периметрі қандай еді?
А) 40см В) 50см С) 60см D) 80см Е) 90см
23. Тең бүйірлі АВС үшбұрышының (СА=СВ) АВ қабырғасында D нүктесі белгіленген, сонда АD=АС және DВ= DС. АСВ бұрышының шамасын табыңыз.
С
А D В
А) 980 В) 1000 С) 1040 D) 1080 Е) 1100 24. Тіктөртбұрышқа радиусы 6 см 4 бірдей шеңбер суретте көрсетілгендей (көршілес шеңберлер бірімен-бірі жанасады) іштей сызылған. PQR үшбұрышының ауданын табыңыз, мұндағы R және Q нүктелері суретте көрсетілгендей шеңберлердің екеуінің тіктөртбұрыш қабырғаларымен жанасу нүктелері, P – оның бір төбесі.
Q P
25. Түзудің бойында қандай да бір тәртіппен А, В, С, D нүктелері белгіленген. AB=13см, BC=11см, CD=14см, DA=12см екені белгілі. Осы нүктелердің арасынан бір-бірінен ең алыс екі нүктенің қашықтығын табыңыз.
А) 14см В) 38см С) 50см D) 25см Е) басқа жауап