Логистика және транспорттық логистика ұғымдары туралы теориялық негіз


—бұл тұтынушыға тауарды дұрыс сапада, қажетті көлемде, белгіленген жерге және дәл белгіленген уақытта қол жетімді бағамен жеткізу. Логистика



бет2/2
Дата19.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#108490
1   2
 —бұл тұтынушыға тауарды дұрыс сапада, қажетті көлемде, белгіленген жерге және дәл белгіленген уақытта қол жетімді бағамен жеткізу. Логистика — бұл материалдық-техникалық ресурстар мен өндірістік қорларды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау процессі. Логистика жалпы түрде материалдық, ақпараттық және қаржылық ағындарды басқарумен сипатталады. Логистикада транспорт экономикалық аймақтарды, компанияларды, өндірісті және фирманы байланыстырып, маңызды рөл атқарады. Материалдық ресурстар мен дайын өнімдерді өндіріс орнынан тұтыну орнына жеткізу арқылы, транспорт материалдық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Транспорт материалдық өндіріс саласы болып табылады, себебі оның өз өнімі бар. Бұл өнім – жіберу, жеткізу, қозғалыс және басқалары. Транспорттық логистика – логистиканың ең маңызды бөлімі. Транспорттық логистика жаңа фундамент салды, соның негізінде өазіргі заманғы өнеркәсіп пен бизнес құрылуы керек, себебі логистика – болашақ технологиясы. Транспорттық логистика рационалды жүк тасуды оңтайландыру мен ұйымдастырудың жаңа әдісі. Транспорт логистиканың бір қарапайым элементі ғана емес, ол логистиканың масштабына қарамай өмірде көрініс табады.
Траспорттық логистика – адамдар мен жүктердің тасымалдануын іске асыратын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс саласында транспорт материалдық қызмет көрсетулер саласына жатады. Транспорттық логистика – жүкті (материалдық зат және т.б.) бір нүктеден екінші нүктеге оңтайлы жеткізуді ұйымдастыратын жүйе. Логистикалық нысанды ең қысқа (көрсетілген) мерзімде ең аз шығынмен, нысанға ең аз шамада зардап келтіріп (тасымалдауға байланысты) жеткізілетін маршрутты ең оңтайлы деп есептейді. Бұл тауарлар қозғалысы үрдісінде ақпараттық және материалдық ағымдарды басқару жайлы ғылымныңнегіздік бағыттарының бірі болып табылады [1, 2].
Транспорттық логистиканың міндеттері:
- транспорттық жүйелерді, оның ішінде транспорттық коридорлар мен транспорттық тізбектерді құру; (транспорттық коридор – жеке географиялық аймақтар арасында жүктің тасымалдануын қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық транспорттық жүйенің бөлігі; транспорттық тізбек – белгілі бір қашықтықа жүк тасымалдау кезеңдері);
- әртүрлі транспорттағы транспорттық процестерді бірлесіп жоспарлау;
- транспорттық процесті қоймалық және өндірістік процеспен біріктіріп жоспарлау;
- транспорттық құрал түрін таңдау;
- транспорттық құрал типін таңдау;
- жеткізіп берудің ұтымды маршруттарын анықтау.
Транспорттық–логистикалық жүйе дегеніміз техникалық құралдардың және жүкті өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу барысындағы материалдық, құжаттық, қаржылық және ақпараттық процесстердің жиынтығы. Оның құрамына кіреді: өзіндік транспорттық процесс, комплекстік операцияларды орындау және жүкті тасымалдауға қажетті техникалық құралдар, жеткізу процессін басқару мен бақылау үшін барлық құралдар. Транспорттық– логистикалық жүйе өзара байланысқан және өзара әрекет етуші жүйелерден тұрады және белгілі бір мағынада тұйық біртұтас көрініс береді, олай болмаса оны жүйе деп атай алмас едік. Ол сыртқы ортамен бірігіп әрекет етеді және одың кіріс x және шығыс y бар (1-сурет).

1-сурет. Сыртқы ортамен транспорттық-логистикалық
жүйенің әрекеті
Сыртқы ортаға мынандай элементтер кіреді: транспорттық қызметті тұтынушылар, бәсекелестер, үкіметтік ұйымдар, жеткізушілер, қаржылық ұйымдар және еңбек ресурстарының қоры. Транспорттық-логистикалық жүйге кірістертер болып жүктер ағыны, оның құрылымы, сапалық мінездемесі, транспорттау мерзімі, көлемдік массасы, қауіп және т.б. саналады. Ал шығыстарға жеткізілген жүктер ағыны, олардың сақталуы, жеткізу уақыты, сапалық мінездеме жатады. Транспорттық –логистикалық жүйені кіші және үлкен деп бөлуге болады. 
Елбасы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында жаңа жолдардың құрылысы, оның қатарында темір жолдың да құрылысы жайында тың идеялар айтты. Жол – күретамыр. Ол қашанда ел экономикасының көшін ілгері сүйреуші локомотив. Жалпы, болат жолдың құрылысына қаншама салалар атсалысады десеңізші. Жұмыс күші, отандық тауар өндірушілер, материалдар тоғысы. Автомобиль және темір жол құрылысы елімізді дағдарыстан алып шығар жол болмақ. Бұл Президентіміз Н.Назарбаевтың көрегендігі. Бір ғана мысал. Әлемдегі алпауыт ел АҚШ дағдарыс кезінде ірі-ірі жол құрылысын жүргізіп, транспорттың жүйенің жаңа жобасын жасады. Және бұл ел бүгінгі күні елдегі халықарылық стандарттарға сай жолдарымен мақтанады. Германия мемлекеті де бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жол құрылысын қарқынды жүргізді. Мұндай тарихи мысалдар көптеп саналады. Жолдауда логистика саласының даму жолдары айтылды. Соның қатарында темір жол бөлімшелерінде «бөлімше директорының логистика жөніндегі орынбасары» лауазымы жасақталды. Жалпы, логистика ұғымы – жүк тасымалын ұйымдастырып қана қоймай, тауарды жөнелтуші мен қабылдап алушының ортасындағы алтын көпір. Жүк жөнелтушілерді өзіміз іздестіріп тауып, олардың құжаттарының дұрыс рәсімделуіне, жүктің қауіпсіз тасымалдануына назар аударамыз. Заман көшіне ілескен бұл сала халық ішінде «мультимодальды тасымалдау» деп те аталады. Яғни, жүк тасымалдауда трнаспорттық жүйенің барлық тетігі қосылады. Жүк тасымалдау көлік жолы, әуе жолы, темір жол арқылы жүзеге асады. Сонау Кеңес Үкіметі тұсында темір жолдағы жоспар көлемі тасымалданған жүк көлемімен анықталса, бүгінгі нарық заманында ол «жүк жылдамдығы/құны» критерийі бойынша жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді [3].
Қазақстандағы логистиканың дамуындағы басым бағыт оны транспорттық кешенде қолдану болады. Халықаралық жүк тасымалына қатысатын отандық транспорттық және экспедициялық кәсіпорындар тасымалдау және жүк: жүк тасымалдаудың интер, мультимодальдық және терминалдық жүйелері, «Нақты уақытында» және «Есіктен-есікке дейін» тасымал технологиялары, жүк тасымалдау, алып барудың заманауи телекоммуникациялық жүйелері өңдеудің заманауи логистикалық технологияларын енгізу керектігін түсінді. Ірі Қазақстандық мемлекеттік немесе жеке транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар өздерінің терминалды желілерін, жүк таратушы және логистикалық орталықтарын, ақпараттық-компьютерлік логистикалық сервисті қолдау жүйесін шығара бастады [4].
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік жолы — халықаралық транзиттік автожол дәлізі, өткен ғасырлық Ұлы жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан президенті Н.Назарбаев жолдауында бекітілді.
Кейін 2008 жылы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясымен, 2009 жылы 16 сәуірде ҚХР Коммуникация министрлігімен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізін құру жайлы меморандумға қол қойылды.Санкт-Петербург пен Чженчжоу аралығындағы 8445 км-ді,10 тәуліктік сапарды қамтиды. Транссібір темір жолымен екі қала арасын, яғни 11500 км-ді 14 тәулік ішінде жүріп өтуге болады,ал теңіз жолы бұдан да ұзаққа созылады.
Қазақстандағы ұзындығы 2787 км және 5 облыс арқылы өтеді. Ал 2233 км РФ, 3425 км ҚХР еншісіне тиесілі. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның жалпы құны 825,1 млрд теңгені құрайды, бастапқы кезеңдерде оның 2125 млн долларын «Еуропалық қайта құру және даму банкі», 340 млн долларын «Азия даму банкі»,170 млн долларын «Ислам даму банкі» несиемен қаржыландырды. Қазақстандағы логистиканың дамуының осы келешегі бар бағыты «Қазақстан-2030» жолдауында өз орнын тапқан. Ол жерде Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Транспорттық ағымдар шығыстан батысқа және керісінше тарихи біздің еліміздің территориясы арқылы өткен бүгінгі күні де тоқтамады. Қазақстанның мақсаты отандық транпорттық коммуникациялық кешенді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ету және біздің территориямыздан өтетін сауда ағымын көбейту.
Бұл сала белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Бұл стратегия автомобиль құрылысы, туризм, сервис жүйесі, жол және капиталдық құрылыс және отандық өнімнің өз бағасының төмендеуіне әсер ететін болады».
Қазақстанның логистика жүйесі күрделілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі заманда өнеркәсіп орындары алыс қашықтықтағы қолданушыларды тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай келеді. Сол себептен де осы логистика мәселесін шешетін компаниялар: тасымал, өнімді қысқа мерзімде жеткізу, заттың сапасын жоғары дәрежеде сақтап, ешқандай зақымсыз, көзделген жерге жеткізу секілді міндеттемелерді орындауы қажет. Мұндай мәселелерді реттеу үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап, ішкі нарықтың коммуникациялық байланыс түрлерін бір жолға қою керек.
Еліміздегі логистиканың даму мәселелеріне тоқтала кетейік. Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Шетелдік тәжірибе және жоғарыда қарастырылған шетелдегі логистикалық концепциялардың эволюциясы көрсеткендей, нақты теориялық аппаратта және логистикалық менеджменттің тәжірибелік әдістеріне қажеттілік өндіруші күштердің, технологиялардың, саяси жағдайдың, белгілі тарихи уақытта қалыптасқан нарықтық қатынастардың ересектігіне байланысты болып келеді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.
Жұмыстың мақсаты болып табылмайтын экономикалық талдауға берілмей-ақ Қазақстандағы логистикалық концепцияның даму жолындағы негізгі проблемаларды қарастырып өтейік:
Біріншіден, қоғамның барлық қабаттарындағы ауыр жалпыэкономикалық жағдай және әлеуметтік қиыншылық көптеген қазақстандық кәсіпкерлер, менеджерлер, инженерлі-техникалық жұмысшылар үшін таңсық логистикалық идеялардың отандық бизнесте өрлеуіне көмегін тигізбейді. Экономиканың стагфляциясы, монополизмің және мемлекеттік меншіктің маңызды салалардағы жоғары дәрежесі, қаржылық дағдарыс және төлемеушіліктері, өндіріс көлемдерінің және өмір сүру деңгейінің төмендеуі, созылмалы негативті экономика реструктуризациясы және инвестиция ашылуы – бұның барлығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы логистиканы енгізу және дамытудағы толық теріс сипаттамасы емес.
Екіншіден, көп уақыт бойы отандық экономикада логистиканы қолдану саласы (қамтамасыздандыру және өнім өндіру) бағаланбаған, ал Батыста логистика негізгі (фундаменталды) орынды алады. Тарихқа қарасақ, елімізде қолдану саласы өндірістік саладан, соның ішінде, тауарды және қызметті өндіруді ұйымдастырудан біршама артта қалып қойған. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға жай жетуімен, қанағаттандырылмаған сұраныс жоғары дәрежесімен, төмен сенімділігімен және тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі сапасының төменділігімен сипатталады. Айналым сферасы қашанда қалдықтық принциппен қаржыландырылады; басқару персоналының жетекшілері экономикадағы айналым саласының рөлін дұрыс бағалай білмеген.
Үшіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономика инфрақұрылымы даму деңгейінің әлемдік орташа деңгейінен әлдеқайда қалып бара жатыр (ең алдымен өнімді қолдау саласында). Осы жерде келесі негізгі негативті жағдайларды көрсетуге болады:
• тауар өндіруші құрылымдардың бейрационалды дамуы (өнеркәсіпте және саудада ойластырылған тауар өткізу жүйесінің стратегиясының жоқтығы, ірі және орташа көтерме деңгейлерінде ұйымдастырылған тауарлы нарықтың жоқтығы);
• заманауи электронды коммуникациялар жүйесінің, электронды желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің даму деңгейінің төмендігі;
• автомобильді жолдар саласында қалып қойған транспорттық инфрақұрылымы; жүк автомобильдерінің, мультимодальдық және кедендік терминалдардың техника-технологиялық деңгейінің төмендігі және санының аздығы;
• транспорттың барлық түрлерінде әлемдік стандарттарға сай заманауи траспорттық құралдардың болмауы; транспорттың жылжымалы құрамының физикалық және моральдық жоғары дәрежелі тежелуі;
• қоймалық қожалықтардың өндірістік-техникалық базасының даму деңгейінің төмендігі; өнімді өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық құрылғының жетіспеуі; қоймалық жұмыстың механизация мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
• қазіргі заманғы шөлмек пен қорапшаларды өндіруге арналған өнеркәсіптердің төмен деңгейде дамуы және т.б.
Жоғарыда көрсетілген факторлар мен негативті жағдайлардың Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияларды енгізуді біршама дәрежеде тежейді, ал бұл жұмысты қысқа мерзім ішінде орындау мүмкін емес.
Дегенмен, 1990-шы жылдардың басында, яғни нарықтық қатынастарға өтудің алғашқы қадамдары жасалып жатқан кезде, Қазақстанда экономиканың әртүрлі салаларында логистикалық идеяларды дамытуға арналған алғашқы нақты қадамдар жасалған болатын. Аталған қадамдарды екі үлкен топқа бөлуге болады: ғылыми-теориялық және өндірістік-техникалық (технологиялық).
Ғылыми-техникалық қадамдар жоғары оқу орындарындағы логистикаға тура немесе жанама қатысы бар пәндерін кең ауқымымен мамандарды дайындаумен байланысты. Шетелде отандық ғалымдарымыздың заманауи логистиканың теориялық базасын құрайтын жүйелік талдау, техникалық және экономикалық кибернетика, операцияларды зерттеу, қорларды басқару теориясы, қоғамдық қызмет көрсету теориясы, байланыс және өзге ғылымдар теориясы салаларындағы жұмыстары кеңінен танымал. Жетекші ғалымдарымыз бен мамандарымыз материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және өндірудің түрлі аспектілерінде, өндірісті жылдам түрде басқаруда, материалдық ресурстарда қажеттілікті оңтайлы түрде жоспарлауда, өнімді қолдану саласында көліктің жақсы жұмыс істеуін ұйымдастыруда, қойма қожалығын ұйымдастыруда және т.б. ауқымды ғылыми және тәжірибелік өзіндік үлесін қосты.
Отандық экономист ғалымдарымыздың материалдық ағымдардың қозғалысы туралы ғылымының дамуына қосқан орасан зор үлестерін атап өтпеуге болмайды. Профессор Сухова Л.Ф. өзінің «Қазақстандағы материалдық-техникалық құралдарының қозғалысы» атты кітабында былай дейді:
«Жалпыға белгілі, қоғамдық өндірісте қоғамдық үрдісімен байланысты ауқымды шығындар өз орнын алып отыр. Бұл тауарларды өңдеуді аяқтау, қаптау, тасымалдау, сақтауды тоқтату, мұнда тоқтату дегеніміз – қолдану саласындағы өндіріс үрдісінің созылуынан пайда болған. Қолдану саласындағы тасымалдауға, сақтауға және тауарларды өңдеуге кеткен еңбек өндіруші еңбек болып табылады. Ол тауарға өнімнің шығындалған құралдарының бағасына аударады және тауардың бағасының үстіне жаңа баға қосады.
Сонымен қатар, қоғамдық өндіріс саласында тоқтатудың басқа -өтелмейтін, өндірілмейтін шығындар сияқты түрлері бар. Бұл - көбінесе технологиялық үрдістің жете дамымауынан, еңбектің әлсіз механизациясынан, өндіріс пәнінің төмендігінен пайда болатын өндіріс үрдісінде бейрационалды түрде жұмсалған тірі еңбекті жоғалту; қоғамдық еңбекті жоғалту – матриалдарды, жанармайды және басқа да материалдық құндылықтарды оларды дайындау, эксплуатациялау, сақтау, жеткізу, қолдану үрдісінде шамадан тыс шығындау».
Осылайша, автор бейрационалды тоқтатуды жоюға негізделген логистиканың негізгі концепциясын толығымен түсіндіріп берді. Содан кейін оның айтуынша: «...қамтамасыздандыруды ұйымдастыру сапасы тек тұтынушыларға арналған материалдық ресурстардың санымен ғана емес, сонымен қатар, қамтамасыздандыру жүйесінің өзінің үнемділігімен және оның кәсіпорындардың белгілі уақытқа белгіленген және талап етілген түрлерінде қажеттілігін қанағаттандыру қабілетімен бағалануы керек». Егер осы принципті басқаша түсіндіретін болсақ, онда логистиканың алдыңғы параграфта тоқталып өткен негізгі қағидасы пайда болады. Яғни өнімді қажетті мөлшерде, қажетті уақытта, қажетті жерге, қажетті түрлерінде жеткізу.
Материалдық-техникалық қамсыздандыру оңтайландырудың мәселелерінің шешімін автор салааралық баланс көмегімен тұрмыстық байланыс талдауда көріп отыр. Кеңестік дәуірдегі экономика қожалықты тек жоспарлық жүргізумен сипатталған, сөзсіз бұл анализ экономиканың дамуына зор ықпал еткен. Бірақ бүгінгі күнде де оның өзекті екендігін айтпай кетуге болмайды. Сухова Л.Ф. былай деп жазады: «Салааралық баланс жалпыэкономикалық пропорциялар мен жеке салаларының даму пропорциялары арасындағы өзара объективті түрдегі функционалды байланысты көрсететін экономикалық-математикалық үлгісін ұсынады. ... Өндірістік кешендегі салааралық байланыс талдауы көрсеткендей, өндірістік кешеннің негізгі салалары – жанармай, электроэнергетика, машинақұру және металлөңдеу, қара металлургия, химиялық өндіріс - өзара байланысты кешен ретінде дамып келеді, бұл жалпы өндірістік кешеннің экономикалық нәтижелілігін жоғарылатады.
Әрі қарай автор ауданаралық экономикалық байланыстарын жетілдіру мүмкіншіліктерін сараптайды: «Тұрмыстық байланыстардың нәтижелі құрылымдарының анықталуы, оның белгілі бір қалпын таңдау алдағы дайындаушылардың, өнімді тұтынушылардың және материалды-техникалық қамтамасыздандыру органдарының оперативті жұмысына себепші болады; кәсіпорын өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарларды сатып алу және ақшаға айналдыру тауар өткізуші желілердің қандай бөлімдерімен ара-қатынастарына түсетінін анықтайды. Ең нәтижелі және мақсатқа сәйкес өндірістік үрдістің үзілмеуін қамтамасыз ететін, өнімнің жоғарғы сапасын, өндірістік қордың мейлінше аздығын, минималды құжат айналымын, керекті ақпарат көлемін, сонымен қатар келісімшарт қатынастарының қарапайым құрылымын қамтамасыз ететін тұрмыстық ара-қатынастың түрі деп есептеу керек». Қазіргі заманның тілімен айтқанда автор экономиканың макрологистикалық және микрологистикалық жергілікті жүйесін зерттеген.
Сонымен қатар біздің ғалымдарымыз материалдық өндірістің инфрақұрылымының мәселелерін сараптамалады. Сухова Л.Ф., Сариев К.С. «Материалдық өндірістің инфрақұрылымы» атты кітабында авторлар өндірістік инфрақұрылымның жетекші салаларының нәтижелілігін көтеру мүмкіндіктерін игереді, соның ішінде транспорттың жұмысын қарастырады. Олар былай деп жазады: «орталықтандырылған тәсілмен жүкті тасымалдау территориалдық органдардың қоймалары мен базаларынан тікелей құрылыс алаңына, өндірістік кәсіпорынның цехына қамтамасыздандыру және өндіру ритмдерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді, жүк айналымын азайтуға мүмкіндік береді, яғни аралық базалардың қойма сыйымдылыңында қажеттілігін де азайтады, соған сәйкес өндірістік қордың деңгейін және оларды сақтауға арналған қаржыны да азайтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тулембаева А.Н. айтуынша логистикалық шығындарды оңтайландыру арқасында кез келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жоғарлайды. Логистикалық шығындардың 1% азаюуы, табысты 14% көбейтеді деп есептелген. Логистикалық шығындар не есебінде оңтайландырады? Тек қана есептеу нәтижесінде. Яғни оңтайлы тасымалдау жолдар, тасымалдау түрлері, өткізу жүйесінде қоймалар саны және т.б. есептелінеді. Логистика кез келген элементі логистикалық жүйе ретінде қарастырады, яғни микродеңгей-микрологистикалық жүйе, макродеңгей – маркологистикалық жүйе.
Қорытындылай келе, қоғамдық өндірістегі материалдық техникалық құралдардың қозғалыс үрдісінің нәтижелілігіне әсер етеді». Айта кетер жайт, бұл жапондық мамандары ойлап тапқан және бүкіл әлем бойынша кеңінен қолданылатын «Дәл мерзімде» атты дүниежүзіне танымал микрологистикалық концепцияға толық сай келеді.
Жоғарыда айтылып кеткен ғалымдармен қатар осы мәселелермен Сагадиев К.А., Хожаназаров К.Х., Есимжанова С.Р., Жемалдинов Ф.Ф. және т.б. ғалымдар айналысты.
«Логистика» терминінің өзі және сонымен қатар ғылыми пән бізде жақында ғана қолданылып, дәріс оқыла бастағанына қарамастан логистиканың бөлек теориялық жағдайлары экономикалық жоғарғы оқу орындарында экономика және материалды-техникалық қамтамасыздандыру және өндіруін ұйымдастыру, қоймалық және шөлмектік қожалықты ұйымдастыру, қорларды басқару, материалды ресурстарды тұрақтандыру, өндірісті, оперативті-күнтізбелі жоспарлау, жүк тасымалдау ұйымдастыру және басқару, көтерме сауданы ұйымдастыру және т.б. пән кешендерінде игерілді.
Көрсетілген пәндердің нарығына көшуге дейін тәжірибелік қосымшаларда және ғылыми-зерттеулік өңдеулерде территориалдық, салалық және ведомстволық көзқарас басым болды. Өндіріс және тауарды қодану салаларындағы бір логистикалық үрдістің қатысушылары өзіндік жергілікті қызығушылықтарын және орталықтандырылған жоспарланған экономиканында жұмыс істеу мақсатын жүзеге асыру көзқарасымен қарағанда әрқашан бөлек қарастырылады. Біріккен парадигмалар және маркетингтік аспектілерде концептуалды түсінікте логистикалық көзқарас нарыққа көшуге дейін қабылдануы мүмкін емес еді.
Қолданушы қосымшаларды құру кезінде графикалық интерфейс элементтерін кең көлемде қолданады. Бұл қосымшалар аппаратты платформаларда өңделеді және жасалады. Қазіргі заманғы Windows-қосымшаларының болмысын анықтау үшін, келесідей байланысқан ұғымдарды білу керек: шешім (solution), проект (project), аттар аймағы (namespace), жинақ (assembly). Windows-қосымшаларын құру кезіндегі негізгі түсініктер мен кезеңдерді қарастырайық.
Қосымшамен жұмыс жасап тырған программисттің көзқарасымен, қосымша құру ортасында компиляцияға жіберілген жұмыс нәтижесі есептің шешімі болып табылады. Жалпы тілдік ортада CLR каркаса Framework орындалғанда, компилятор орындалып отырған файлдың жинақтауышын құрады.
Шешім бір немесе бірнеше қосымшалардан тұрады. Егер қосымша бірнеше қосымшадан тұрса, олардың біреуі бастапқы, негізгі болуы керек. Шешімін табу үшін бастапқы қосымшадан бастау керек. Бір қосымшаның шешімі тәуелді және тәуелсіз болуы мүмкін.
Delphi – бұл Windows-та жұмыс жасауға бағытталған, программа құрушы орта, ол негізінде объектіге бағытталған программалау және визуалды проектілеу технологиясы болып бөлінеді.
Қолданушы программаға объектілерді енгізу үшін қажетті операторларды және сол сияқты визуалды программалауды қолдану арқылы дайын компонеттерді енгізе алады.
Delphi ортасында объектіге бағытталған проектілеудің визуалды жүйесі Windows үшін әртүрлі бағыттағы қосымшалар құруға, қолданбалы бағдарламаларды логикалық, графикалық және мультимедияға есептеулерге дейін мүмкіндіктер береді.
Кез келген программалау тілінде жазылған қосымшаларды тез арада кәсіби көрінетін интерфейс құру үшін, интерфейс Windows-тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушының компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайластырылады, себебі Windows-тың функциялары, процедуралары және Windows кітапханасында қолданылады. Олардың келесідей мүмкіндіктері бар:
 өзінің динамикалық қосылатын компоненттер кітапханасын (Dll), функцияларын, форманы құрады, оларды кейін басқа программалау тілдерінде қолдануға болады;
 кез келген типтегі локальді және өшірілген мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын күшті жүйелік жұмыс құру;
 құрамында кестелер, графиктер және т.б. кіретін қиын есеперді жинақтау және баспаға шығару;
 ақпараттық көмекші жүйелер құру (файлы.hlp), өз қосымшаларың үшін және басқа қосымшалар үшін де, олармен қосымшада ғана емес, Windows үшін де жұмыс жасауға болатындай;
Windows-қосымшалар
Windows-қосымшалар объектілі-бағытталған программалау негізінде құрылады, яғни берілгендер класстар экземпляры – объектілер арқылы беріледі. Бастапқы қосымша кіру нүктесінен класстан тұрады, Main статистикалық процедурасынан тұрады. Қосымша класстары бір немесе бірнеше аттар кеңістігінде жүйеленген. Аттар кеңістігі класстардың үлкен кеңістігінен тұратын, бір-біріне жақын класстарды бір топқа жинақталған қосымшаларды құрылымдауға мүмкіндік береді.
Қосымша Windows-қосымшалар құру үшін негізгі бірліктерден тұрады. Сапалы өңдеу ортасын пайдалану кезінде, ол сәйкес келетін типті таңдайды, кейін ортаның механизмі қосымшаның бастапқы құрылымын құрады.
Үнсіз келісім бойынша Windows-қосымшаның бастапқы құрылымы Form1 классынан тұрады – ол FCL кітапханасындағы Form классының мұрагері болып табылады.
Формлар Windows-қосымшаның функционалдығын қамтамасыз ететін, визуалды объектілерден тұрады. Windows-қосымшалар бірнеше формадан тұрады, олар жұмыс процессінде ашылады және жабылады. Әрбір нақты сәтте экранда бір немесе бірнеше форма ашық болуы мүмкін. Қолданушы бір формамен жұмыс жасауы мүмкін немесе жұмыс барысында басқа формаға ауыса алады.
Формы құру процессі
Форманы құру процессі, яғни объектіні құру, Form классына және форманы экранға шығару процессіне жатады. Форманы көрсету үшін осы классқа Show әдісі қолданылады. Форманы жасыру үшін Hidе әдісі қолданылады. Тәжірибеде Show және Hide әдістерін объектінің Visible қасиеті алмастырады және оған true (ия) немесе false (жоқ) мәндерін беруге болады.
Форманы жасыру мен жабу арасында айырмашылығы бар, бұл оқиғалар Hide және Close арқылы ерекшеленеді. Біріншісі форманы көрінбейтін жасырын етеді, бірақ объект өзі бар болады. Close әдісі форманы жабады. Show әдісін Close әдісінен кейін шақыруға болмайды, егер объектіні жаңадан құрсақ қана бұл әрекетті орындауға болады. Форманы ашу мен көрсету үнемі Show әдісін шақыру деген мағынаны білдіреді. Яғни форма Close әдісіне ие болуы керек, Open әдісі болмайды. Формалар, басқа да объектілер сияқты формалар конструкторын шақырғанда құрылады. Run әдісін шақырғанда ашылатын форма қосымшаның басты формасы деп аталады. Ол жабылса басқа да формалар жабылады және Windows-қосымша жұмысын тоқтатады. Формаларды Form классының объектісі ретінде құруға болады. Бірақ мұндай объектілер сирек кездеседі. Әдетте арнайы класс FormX – Form классының мұрагері құрылады. Бұл Form классының мұрагері Form1 құрылғанда Windows-қосымшаның бастапқы платформасын құру кезінде қолданылады.
Модальді және модальді емес терезелер
Windows-қосымшалар құрылымында модальді және модельді емес терезелер қолданылады. Егер жұмысты терезе ашық тұрғанда аяқтау мүмкін емес болса терезе модельді деп аталады. Терезелер арасындағы параллельді жұмысқа мүмкіндік беретін терезелер модельді емес терезелер деп аталады. Терезелер форманың қасиетіне сай модальді және моальді емес деп бөлінеді. Show әдісі форманы модальді емес деп ашады, ал ShowDialog әдісі – модельді терезе ретінде ашады.
Windows-қосымшалар құрылымында әртүрлі формалар бір объектімен іртүрлі функциялар жасай отырып жұмыс жасауы керек. Мұндай сызба келесі тәсілмен жүзеге асады:

  1. объект формалардың бірінде құрылады (көбіне басты формада);

  2. келесі форманы құру кезінде глобальды объект жаңа форма конструкторына аргумент ретінде беріледі.

Windows операциялық жүйесінде 3 типті программа құрылымы бар:

  • диалогты (негізгі терезе — диалогты),

  • консолды, немесе терезесі жоқ құрылым,

  • классикалық (терезесі бар, каркасты) құрылым.

Windows үшін диалогты қосымшалардың интерфейсі кішкентай, қолданушыға ақпартты стандартты диалогты терезе арқылы ұсынады (мысалы, MessageBox () хабарлама терезесі).
Терезесі жоқ (консолды) қосымшалар мәтіндік режимде жұмыс жасайтын программадан тұрады. Консолды қосымша жұмысы MS-DOS программасының жұмысына ұқсас. Консолды қосымшалар Window-тың арнайы фугкцияларын қамтамасыз етеді. Консолды қосымшалар тек компиляциядан өткен кезде ғана емес, сонымен қатар мәтіндік нұсқада да өте ыңғайлы.
Терезелік (каркасты) қосымшалар арнайы API функцияларының көмегімен құрылады, ол қолданушының графикалық интерфейсін құрады (GUI, Graphic User Interface). Мұндай қосымшаның басты элементі терезе болып табылады. Терезеде басқару элементтері, батырмалар, тізімдер, редактірлеу терезесі және т.б. болуы мүмкін. Бұл элементтер де терезе болып табылады, бірақ ерекше қасиеттерге ие. Элементтермен орындалатын оқиғалар терезе процедурасына хабарлама шығарады.
Терезелік және консолды Windows қосымшаларының арасындағы айырмашылық олардың қандай типті ақпаратпен жұмыс жасайтынымен анықталады.
Delphi жүйесі көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді:
- Әртүрлі бағыттардағы Windows қосымшаларын құруға болады.
- Кез келген қосымша үшін кәсіби көріс табатын интерфейс құруға болады.
- Өшірілген және локальді мәліметтер қорымен қуатты жүйелер құруға болады.
- Қосымшалар үшін анықтама (файлы . hlp) жүйесін құруға болады.
Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялар комбинациясы болып табылады.
- Компоненттердің объектілі бағытталған моделі
- Программалық типтегі визуалды қосымшаларды құруға болады.
- Мәліметтер базасын құру үшін құралдардың кең көлемді ұсынылған.
2 Delphi программалау ортасымен танысту

2.1 Delphi өңдеу ортасы


Delphi тарихы Н.Вирт профессор жоғары деңгейлі тіл Pascal - ды ойлап тапқан 60-шы жылдардан басталады. Бұл программалауды үйренудегі, MS-DOS операциялық жүйесіне программалар құрудағы ең жақсы тіл. Артынша 1983 жылы А. Хейлсберг Borland компаниясын жаңа ған құрған басқа программистермен бірге Turbo Pascal компиляторын шығарды, ол Delphi эволюциясындағы келесі қадам болды. Одан кейін Object Pascal пайда болды, ол программалауға объектілі-бағытталған жақындауды қолданды. Windows – Windows 3.10 бірінші нұсқасы пайда болғанда, Borland программистері Delphi 1 құрды. Бұл ObjectPascal-ға негізделген программаны визуалды құруға арналған объектілі-бағытталған орта болды.
Windows 95 - пен қатар Delphi 2, кейін Delphi 3, 4, 5 пайда болды. Delphi тілінің негізі болып табылатын Object Pascal программалау тілі өзгеріске ұшырады, Delphi 6 пайда болуымен Borland компаниясы, бұл кезде коорпорацияға айналған, Object Pascal - ды бір жола Delphi деп атын ауыстырғанын хабарлайды. Сондықтан Delphi –ді программа құрудағы визуалды орта деп атаушылар дұрыс айтады. Сонымен қатар Delphi - бұл программалау тілдерінің ішіндегі жақсыларының бірі деп айтушылардікі де дұрыс.
Borland компаниясының Delphi өнімі өте жоғары сұранысқа ие және Windows-қосымшаларын құратын программалық орта болып табылады.
Неліктен программалық өнім Delphi деген атқа ие болған? Дельфы – бұл Коринф шығанағының жағасында орналасқан ежелгі грек қаласы. Ол қала даналық құдай Аппалонның атымен байланысқан. Аңызға сай, Аппалонның басты ғибидатханасы Дельфыде орналасқан. Delphi жүйесін жасау бойынша зерттеуші топтың жетекшісі Чак Язджевски былай деп есіне алады: «Delphi атауын ұсынған ой шабуылы уақытында Денни Торп ұсынған болатын. Біз өнімнің атауында оның мәліметтер базасымен жұмыс атқару барысындағы уникалды қабілеті көрініп тұрса екен деп ойладық. Атына орай Delphi Oracle облысында лайықты өнім болды…».
Delphi мәліметтер базасы үшін таптырмайтын программалық құрал болып табылдаы. Delphi мәлімметерді басқарудың масштабты ядросына ие, ол тек сол компьютерде орналасқан локальді мәліметтер базасына ғана қол жеткізіп қоймай, сонымен қатар өшірілген сервердегі мәліметтер базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Borland Delphi алғашқы нұсқасы (кейін Delphi 1 деген атқа ие болған) 1995 жылы шығарылды және Windows 3.1 үшін 16 – разрядты қосымшаларды өңдеуге арналған. Бұл RAD жүйелерінің алғашқылары болды.
Delphi 2 1996 жылы шықты және 32-битті қосымшаларды өңдеуге рұқсат етілді. Windows 3.1 - де программалай алу үшін Delphi 1 қосылды.
Delphi 3 1997 жылы шығарылды. Осы нұсқасында Code Insight технологиясы, компоненттер пакеті пайда болды, ActiveForms,MIDAS және COM интерфейстерін қолдады.
Inprise Delphi 4 1998 жылы шығарылды. Windows 98, CORBA және Microsoft BackOffice қолдады. Бұл 16-битті программалар үшін Delphi 1 қолдайтын соңғы нұсқасы болды.
Borland Delphi 5 1999 жылы пайда болды. Фреймворктар, параллелді программалау қосылды, XML қолдады, ADO мәліметтер қорын қолдады.
Kylix Borland 2001 жылы Linux үшін Delphi шығарды Kylix деп атады. VCL кітапханасының орнына Wine кітапханасынада қорланатын кроссформатты CLX. IDE Kylix қолданылды.
Borland Delphi 6 CLX кросс – платформалы кітапхананы қолдады.
Delphi 7 2002 жылдың тамыз айында шығарылды, көптеген Delphi құрастырғыштар үшін стандарт болды. Бұл тұрақтылығы, жылдамдығы және аппараттық қамтамасыз етуге деген төмен талаптары үшін Borland өнімдерінің ішіндегі ең үздігі болды. Delphi 7-де Windows XP үшін жаңа компоненттер қосылды және Web-қосымшаларды жасауға арналған компоненттер саны көбейтілді.
Delphi 8 2003 жылдың желтоқсанында пайда болды. Visual Studio.NET Microsoft тәрізді Galileo бекітілген жаңа интерфейске ие болды. Өңдеуді NET үшін ғана қолдады. Microsoft емес басқа өңдеуші шығарған алғашқы NET –те программаланатын жүйе ретінде тіркелді.
Сонымен қатар Delphi 9 және Borland Developer Studio 3.0. Но если библиотека VCL кітапханасы қайта келіп, CLX алынып тасталды.
Delphi 2006 (Delphi 10, Borland Developer Studio 4.0) 2005 жылдың желтоқсанында шығарылды. Бір IDE-де C#, Delphi.NET, Delphi Win32 және C++ жобаларын өңдей алды.
Delphi 2007 (Delphi 11, құрамында IDE CodeGear RAD Studio 5.0 ) 2007 жылдың қыркүйегінде шықты. Delphi-дің соңғы юникодты емес нұсқасы болып табылады.
Сонымен қатар Delphi 2009, Delphi 2010, Delphi 2010 Professional, Delphi 2010 Architect нұсқалары бірінен соң бірі шықты.
Delphi XE (Delphi 2011,[9] code named Fulcrum), 2010 жылдың 30 тамызында шығарылды.
Delphi XE жаңа мүмкіндіктері

  • Subversion интеграциясы.

  • VCL және RTL жаңа мүмкіндіктері.

  • Код редакторын жетілдіру.

  • DataSnap жаңарту, көбіне ДҚБЖ жаңа нұсқаларын қолдау.

2011 жылдың 1 қыркүйегінде шықты. Embarcadero RAD Studio XE2 шығарды, өз ішіне Delphi XE2, C++Builder, Prism XE2 және RadPHP XE2 қосады. Бұл нұсқадан кейін Delphi XE3, Delphi XE4, Delphi XE5 нұсқалары шықты.
Delphi XE6 Embarcadero 2014 жылдың 15 сәуірінде RAD Studio XE6 шығарды. Өндірушілер оны жүздеген дизайн-қателіктер мен өндірімділік қателіктер түзетілгендіктерн, «сәтті релиз» деп атады.
Delphi негізін тілдің өзі ғана құрамайды, сонымен қатар RAD (Rapid Application Development) - программаларды тез құру ортасы болып табылады. Визуалды программалау, сонымен қатар визуалды компоненттердің үлкен кітапханасының арқасында Delphi негізгі жұмысты өзіне алып, программистке творчесвалық жұмысты қалдырып, программаларды тез әрі әсерлі құруға мүмкіндік береді. Әрине Windows үшін кәсіби қосымшаларды тез құру мүмкіндігінің арқасында адамзат баласының жұмыс салаларының барлығанда Delphi – программисттер сұранысқа ие.
Өндеу ортасы дегеніміз не? Бұл программистке программа құру жұмыстарын жеңілдететін құралдар жиынтығы. Мұндай құралдарға жататындар:

  1. мәтіндік редактор, дәл осында программаны жазамыз, оны өзгертеміз, файлда сақтаймыз, оны мүмкін программалық кодтың дайын фрагменттерінен құрастырамыз.

  2. компилятор, бұл адамға түсінікті тілдегі мәтінді компьютерге түсінікті тілге аударатын, программа құрайтын ортаға орнатылған программа.

  3. дұрыстаушы (отладчик), бұл программада қателіктерді іздеуге көмектесетін программа өңдеушіге қосылған программа. Адам үлкен көлемді прграммалар құрғанда қателіктер жіберуі мүмкін. Осындай жіберілген қателіктерді дұрыстаушы көрсетіп, түзетуге мүмкіндік береді.

Delphi ортасында интегралданған өңдеу жұмысы орындалады. Бұл ортада қолданушыға форма ұсынылады және формаға Delphi кітапханасында бар компоненттер тышқан көмегімен орналастырылады. Қарапайым тышқан манипуляциясының көмегімен компоненттердің орны мен көлемін өзгертуге болады. Проектілеу процессінде форманың суретін және онда орналасқан компоненттердің нәтижесін көріп отыруға болады. Проектілеу барысында Delphi форма редакторының коды автоматты түрде программа кодын генерациялайды, берілген компонентті суреттейтін оған сай келетін фрагметтерді қосады. Диалогты терезелерде компоненттердің қасиеттерін өзгертуге болады, қажет кезде компоненттерге оқиғалар өңдеушісін жазуға болады.
Жұмыс жасау барысында көрінетін компоненттер визуалды деп аталады, ал жұмыс жасаған кезде көрінбейтін компоненттер визуалды емес деп аталады.
Embarcadero Technologies компаниясы 2009 жылдың 25 тамызында Embarcadero Rad Studio 2010 ортасын шығара бастағандығын хабарлады, оның ішіне Delphi 2010 нұсқасы кірді.
Embarcadero RAD Studio — бұл Embarcadero Technologies фирмасының Microsoft Windows үшін қосымшаларды тез құру ортасы (RAD).
Нұсқалары:

  • RAD Studio Starter — жаңа бастаушылар үшін: локальді мәліметтер қорымен әрекет ететін қосымшалар құруға мүмкіндік береді. Ұйымда жұмыс жасау барысында бір уақытта 5 лицензиядан артық қолднауға рұқсат етілмейд.

  • RAD Studio Professional — локальді мәліметтер қорымен әрекет ететін қосымшалар құруға мүмкіндік береді.

  • RAD Studio Enterprise — клинет-серверлік шешімдерді, көп деңгейлі мәліметтер қорын және веб-қосымшаларды құруға мүмкіндік береді.

  • RAD Studio Architect — бұл Embarcadero ER/Studio Developer Edition мәліметтер қорын моделдейді және жобалайды.

Артықшылығы:
Қосымшаларды тез өңдеу технологиясы (RAD) келесілерді қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар:

  • нарықта программалық өнімнің тез таралуын;

  • қолданушыны қанағаттандыратын интерфейсті;

  • жобаның өзгеруіне байланысты оңай бейімделуін;

  • жүйенің даму функциясының қарапайымдылығын.

RAD (ағыл. rapid application development — қосымшаларды тез жасау) — программалық өнімдерді өңдеуші құралдар құру концепциясы, программалаудың тез орындалуы мен ыңғайлылығын және программистке максималды жылдам компьютерлік программалар құру барысындағы технологиялық процессті қамтамасыз етеді. Тәжірибелік анықтамасы: RAD — проектілеу процессінің өмірлік циклі, ол бағдарламалық қамсыздандыру үшін өңдеудің жоғары жылдамдығы мен сапасына ие, бұл оның жобалауға дәстүрлі қарауға мүмкіндік беретін қасиеті. XX ғасыр аяғында RAD кең тарау алып, оң көзқарасқа ие болды. RAD концепциясын визуалды программалау концепциясымен де байланыстырады.
Қолданылуы
RAD технологиясын мақсатты жоба жасау бағыттарында кейбіреулерді қолдануға болады.

  1. Жобаны тез арада орындау керек. Жобаны тез арада орындау қазіргі заман талаптарына сай келеді. Егер жоба ұзақ уақыт жасалатын болса, осы уақыт аралығында ұйымның жұмысын реттеушінің негізгі талаптар өзгеруі мүмкін, яғни, жүйе проектілеу аяқталғанша моральді ескіріп кетуі мүмкін.

  2. Бағдарламалық қамсыздандыру талаптары нақты анықталмаған. Көп жағдайда тапсырыс беруші болашақ программалық өнімнің көрінісін сипаттай алшмайды және БҚ талаптарын толық тұжырымдай алмайды. Талаптар мүлдем анықталмаған немесе орындалу барысында өзгеруі мүмкін.

  3. Жоба бюджеттің шектеуімен орындалуы мүмкін. Өңдеу шағын RAD-топтармен орындалады, ол минималды еңбек шығынын алады және бюджетке шектеу қоя алады.

  4. Қолданушы интерфейсі (GUI) бастапқы фактор бар. Пайдаланушыға сурет салдыртудың қажеті жоқ. Себебі RAD-технологиялар интерфейсті протативте демонстрациялауға мүмкіндік береді, ол жоба басталған бетте орындалады.

  5. Жобаны функционалды компоненттерге бөлу мүмкін. Егер тұжырымдаған жоба кең көлемді болса, оны кішкене бөліктерге бөлуге болатындай ету керек және әрбір кішкентай бөлік нақты функционалды болуы қажет. Олар тізбекті және параллель болуы мүмкін.

  6. Бағдараламалық қамтамасыз етудің төмен есептелуі.

RAD технологиясын мен Каскадты әдісті салыстыруға болады. Каскадты әдіс жұмыстың барлық кезеңдерінің белгілі бір тәртіпте тізбектеліп орындалуын қамтамасыз етеді. Каскады әдісті қарапайым жүйені құру барысында пайдалану тиімді. Ал RAD технологиясы белгілі бір бірізділікті талап етпейді. Бұл оның басты артықшылығы болып табылады.
Бағдараламалық өнімінің жоғарғы сапасына жету қиын жұмыс болып табылады және басты себебінің бірі өнімді жасаушы мен тапсырыс берушінің өнімге деген көзқарасының әртүрлі болуы.

  • Құралыдар өңдеу уақытын минимализациялауға бағытталған болуы қажет.

  • Тапсырыс беруші талаптарын анықтау прототипін құру.

  • Құрушылар командасы тығыз байланыста қызмет атқаруы керек, әрбір қатысушы бірнеше міндеттерді атқаруы керк.

  • Жұмысты басқару өңдеу циклын минимализациялау қажет.

Принципы RAD принциптері жұмысты жүзеге асыру кезінде орындалып қана қоймай, бірақ барлық өмірлік цикл кезеңдерінде де таралады, көбіне бұл ұйымды зерттеу, талаптарды құру, анализ және дизайн кезеңдері.
Өңдеу фазасы

  1. Жоспарлау — талаптардың жиынтығы, жүйелік жобалау кезінде алынған және өмірлік циклды құру кезіндегі процедура анализі (SDLC). Бұл кезеңде пайдаланушылар, менеджерлер мен IT-мамандар жоба талаптарын, оның көлемін, жүйелік талаптарды, талқылайды. Фаза RAD-топтардың кілттік сәтімен рұқсат алып аяқталады және жоба басшысынан әрі қарай жалғастыруға рұқсат аламыз.

  2. Қолданушы жобалауы — осы кезең бойында қолданушы, барлық жүйелік

функцияларды ұстайтын жүйелік аналитиктермен бірге жұмыс жасайды, моделдер және прототиптер ойлап табады, RAD-топтар қолданушы прототипін жұмыс моделіне айналдыру үшін қосымшаны қосып өңдеу (JAD) және CASE-құралдары техникасын қолданады. Қолданушы жобалауы ұзақ интерактивті процесс, ол қолданушыға талаптарын қанағаттандыратын өзгертулер жасауға және соңында жұмыс моделін таңдауға мүмкіндік береді.

  1. Құрастырушы — бұл кезеңде программа мен қосымшаны жасау негізі жатыр. Аналогты түрде SDLC «жүзеге асыру» кезеңінде. Бірақ RAD ортасында, қолданушылар бұрынғыша араласа береді, яғни өзгертулер мен жақсартулар енгізуі мүмкін. Олардың міндеті программалау және қосымшаны жасау, кодты жазу, модульдерді интеграциялау және жүйелік тестілеу болып табылады.

  2. Ауысу — мәліметтерді конверсиялау, тестілеу жатады, жаңа жүйеге көшу және қолданушының жаттығуы. Тапсырмалар бойынша SDLC соңғы кезеңіне ұқсас. Бағдарламалық қамтамасыз етудің дәстүрлі түрлерімен салыстырсақ, барлық процесс тез арада жасалады. Нәтижесінде, жаңа жүйе тез құралған, тапсырыс берушіге жеткізілген және жұмыс орындарында орнатылған болып табылады.

Embarcadero RAD Studio 2010 – бұл Windows®қосымшаларын, .NET, веб-қосымшалар және мәліметтер қоры қосымшаларын тез өңдеуге арналған комплекстік шешімі. Өз ішіне Delphi, C++Builder және Delphi Prism қосқан, Windows –тың әртүрлі платформалары үшін әртүрлі қосымшалар құру мен мәліметтер қорын 5 есе жылдам құруға мүмкіндік береді. RAD Studio құралдары компьютер, жұмыс станциялары, сенсорлы дисплейлер, ақпараттық терминалдар мен Интернет үшін жылдам қосымшалар құруға болады, сондықтан оны 2 миллионнан артық өңдеушілер пайдаланады. Бұл құралдардың құрамына кіретіндер: тез компиляцияға жіберу, қосымша құру үшін қолданушы интерфейсінің визуалды ортасы, визуалды компоненттер платформасы (VCL), сонымен қатар мәліметтер қоры мен қызметіне қосылудың кең мүмкіндіктері бар. Әріптестер мен өңдеушілердің тобы нақты қосымшалар, технологиялар, функциялар мен есептер үшін мыңдаған қосымша компоненттер ұсынуда.
Бұл программалар пакеттің шығуы Delphi және C++ Builder тілдерін қолданушылар үшін Windows 7-мен туындаған сенсорлы енгізу қиындығын жоюға мүмкіндік туғызды. Embarcadero компаниясының мүшелері өнімнің келесідей мүмкіндіктерін атап өтті: классикалық интерфейсі бар әртүрлі жүйелер, планшеттер, электронды терминалдар, сонымен қатар тачпад жүйелерінде программалау тілдерімен құрылған қосымшалардың арасына тез өтуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар Embarcadero RAD Studio 2010 Windows-тың әртүрлі платформаларында қолдануға болады. Айтып өтерлік жай RAD Studio 2010 комплектінің ішіне бірінші рет Firebird мәліметтер базасын басқару енгізілген, онда ашық негізгі код бар. Кейбір МҚБЖ үшін жаңартылған драйверлер жасалған. Веб-қосымшалар жасау үшін DataSnap жаңартылған технологиясы ойлап табылды, ол әртүрлі мәліметтер қорымен жұмыс жасауға араналған (мәліметтермен алмасу JSON мәтіндік стандарты).
Сонымен, Embarcadero RAD Studio 2010 бағдарламалық пакетінің алдыңғы нұсқасына қарағандағы артықшылығы мен жаңа мүмкіндіктерін көрсетейік:

  1. Direct2D, Windows 7 API қолдау мен мультисенсорлы жүйе көмегімен енгізу мүмкіндігі;

  2. Windows үшін қол тигізу мен ымдау мүмкіндігі;

  3. Қанадай да бір функцияға, компонентке, параметрге тез арада қол жеткізу (IDE Insight);

  4. Өнімділік деңгейін арттыруға арналған, 120-дан көп әртүрлі жаңартулар;

  5. Firebird dbExpress мүмкіндігін қолдау;

  6. Delphi 7, C++ Builder 6 тілдерінің дәстүрлі интерфейсі;

  7. Қосымшаларды өңдеуге арналған үлкен перспективалар, мысалы .NET, Mono (соңғысы платформа аралық болып табылады).

Professional және Enterprise редакцияларындағы RAD Studio 2010 құрамына мынадай өнімдер кіреді Delphi 2010, C++ Builder 2010, Delphi Prism 2010, МҚБЖ InterBase 2009 Developer Edition және МҚБЖ Blackfish SQL for .NET тұтынушы компьютерлерін күшейту құқығымен. Enterprise Professional моделдеу мен мәліметтерге қол жеткізу құралдарының кең көлемімен ерекшеленеді, ал одан толық редакция Architect, сонымен қатар ER/Studio 8.0.3 Developer Edition пакеті қосылған. Сонымен қатар Delphi 2010 және C++ Builder 2010 IDE-ге біріктірілген, тамыры 2000 жылдардың басындағы Borland қнімдеріне апарады, ал Delphi Prism 2010 .NET/Mono үшін кросс-платформа өңдеу мүмкіндіктері бар, немесе инсталлданған Visual Studio 2008 жүйесінде интегралданады, немесе Visual Studio Shell орнатады. Онлайн-инсталлятор RAD Studio 2010 компонеттерін таңдауды ұсынылатындығы, олардың қатарына енді Delphi Prism кіретіндігі (3-суретте) көрсетілген.


3-сурет. Онлайн-инсталлятор RAD Studio 2010 компонеттері


Windows 7 қолдау


RAD Studio 2010 Windows 7 мен бірге пайда болды, бұл нақты сәйкестік емес: Embarcadero жаңа ОЖ-ні қолдайтындығымен қызықтырғысы келеді. Бірінші кезекте бұл жаңа API Windows 7 қатысты, ол Win32-қосымша құрушылар үшін қол жетімді. Формалардың визуалды редакторы Windows 7 темаларын қолдайды, ал осы уақытқа дейін келе жатқан инерфейстік кітапханалар жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып жасалған, әсіресе Тапсырмалар панелі қайта жасалған.
Windows 7-нің ең ілгері жылжытатын функциясы ымдау мен қауырсынмен енгізуді қолдау, RAD Studio 2010 жасап шығарушылары оған біраз уақыт бөлді, GestureManager арнайы компонентін өңдеп шығарды. Бұйрықты ымдау қолдануды шектеуге болады, саны он мыңнан артады, немесе орнатылған визуалды редакторды шақыруды, кез келген қиындықтағы практикалық жаңа ымдау жасауға және тестілеуге мүмкіндік береді. Қосымша қасиеттер көмегімен GestureManager формамен байланысады, ал нақты ымдаудағы әрекеттер дәл осылай белгіленеді. Көптеген қол тигізуді қолдайды және өңдейді, Inertia API тәрізді. Сенсорлы экраны бар құрылғылар үшін бағытталған қосымшаларды құруды жеңілдету, VCL-да жаңа TouchKeyboard компоненті қарастырылған, қолмен теруге оптималданған. Жалпы ымдау мен қауырсын арқылы енгізу бағдарламалауы лайықты іске асқан, осы функцияларды қызықтырушы өңдеушілерге де RAD Studio 2010-да назар аударуға тұрарлық. Кішігірім өзгертулер болмаса, IDE алдыңғы нұсқаны қайталайтыны (4-суретте) қарастырылған.



4-сурет. IDE өзгерістерінің көрінісі


Windows 7-де пайда болған Direct2D екіөлшемді графикті бағдарламалау интерфейсі (Windows Vista және Windows Server 2008 үшін Platform Update орнатқан соң қолжетімді) GDI және GDI+ алмастыруға арналған, сонымен қатар RAD Studio 2010 қолдау тапты.


Жетілдірілген IDE
IDE жаңа интерфейсі, бірінші қарағанда алдыңғы нұсқасынан айырмашылығы жоқ, бірақ Embarcadero мамандары онда – F6 батырмасын басқанда IDE Insight функциясы шақырылады, ол диалогты терезеден тұрады, өңдеу ортасының меню пункттерінде шашырап орналасқан кез келген командасына, құралдар панеліне, код шаблонына тез қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Өажет команданың атын енгізу шамасы бойынша сәйкес келетін элементтердің фильтрациясы автоматты түрде орындалады, ізделініп отырған экранда пайда болғанда оны тышқан көмегімен таңдауға болады. Бұл функцияның анық қарапайымдылығына қарамастан, ол IDE пайдаланушы интерфейсінің жаңарған түрлерінің ең маңыздыларының бірі болуға талаптанады, оны басқа өңдеушілер мысалдарына қоюға болады. IDE Insight – кодтың барлық командалары мен шаблондарына тез қол жеткізетін IDE-дегі ең қызықты жаңалық (5-суретте) көрсетілген.



5-сурет. IDE Insight – кодтың барлық командалары мен шаблондары


Келесі жаңалық, бастапқы кодты автоматты түрде форматтау, ол Visual Studio ортасында бұрынан бар. IDE-нің шақырылу жоғары деңгейлігін де айта өту керек: бұл бағытта да бір жұмыс орындалған. Тұрақтылықпен де қиындық жоқ.


RAD Studio 2010 алдыңғы нұсқаларға қарағанда сөзсіз жетілдірілген. Бірінші кезекте өнірушілерге Windows 7-ні өз уақытында қолдауы қызықты, жетілдірілген IDE жақсы көңіл күй қалдырады, IDE Insight функциясының өзі қызықты. Басқа өзгерістер де өңдеушілерді қызықтырады, бірақ жұмыс спецификасына байланысты болады. Сонымен, жаңартылған RAD Studio 2010-ді Delphi және BDS/CodeGear/RAD Studio бұрынғы нұсқаларын пайдаланушыларға ұсынуға болады.
Басқа жағынан егер RAD Studio нұсқасы әзірге қатты ескірмеген болса, онда ағымдағы жобалар жаңа функциялылықты талап етпейді.

Delphi RAD Studio 2010 ортасы


Delphi 2010 ортасы программыны жобалауға, орындауға және оның орындалуын тексеруге қажетті құралдармен жарақталған IDE (Integrated Development Enviroment) күрделі бағдарламалау ортасы болып табылады. Оған бағдарлама кодын жазу редакторы (CodeEditor), бағдарламаның орындалуы (Debugger), құралдар тақтасы (Toolbars), көріністер редакторы, деректер қорымен жұмыс істеуге арналган құралдар сияқты бағдарламалаушының жұмысын толық қамтамасыз ететін ыңғайлы құралдар енгізілген.


Delphi 2010 ортасы жаңа қолданбалы бағдарламалар дайындауға мүмкіндік беретін бағдарламалау жүйесі болып табылады. Бағдарламаны бас мәзірі арқылы іске қоссақ, төмендегідей ортаның басты (Main) терезесі ашылады (6-сурет):



6–Delphi 2010 ортасының басты терезесі


Delphi RAD Studio 2010 терезесінің кұрылымы


1. Басты терезе қатарында негізгі мәзір қатары (File, Edit,...) мен құралдар үстелі (Toolbars) орналасқан.
2. Объектілер инспекторы (ObjectInspector). Ол Нысанды баптау терезесінен тұрады. Онда объектіні сипаттайтындар (Properties) мен оқиғаларды (Events) бөлігі бар.
3. Form1 - осы ортада кұрылатын қолданбалы бағдарламаның интерфейсі. Code Editor терезесінен сәйкес бағдарлама коды ашылады. Мұнда Delphi анықтаған бастапқы код жазылған модуль мәтінін (unitl.pas файлы) көруге және жаңадан код енгізуге болады.
4. Компоненттер тақтасы (ToolPalette). Мұнда бағдарлама үшін пайдалануға арналған дайын компоненттер топтастырылған. Бұл VCL және CLX компоненттер жиынтығының үстелдері: Standard, Additional, Win32, System, DataAccess, т.с.с. Windows жүйесінің басқаруындағы бағдарламада VCL компонентері қолданылады. Ал егер бірнеше амалдық жүйенің басқаруында (мысалы, Linux) орындалатын кросс-платформалық бағдарлама құратын болсақ CLXкомпоненттері қолданылады.
5. Объектілердің тармақталған тізбегі (ObjectTreeView). Бұл терезе бағдарламада анықталған барлық объектілердің логикалық құрылымын тарамдалған бұтақ түрінде көрсетеді.
6. Жоба менеджері (ProjectManager). Бұл терезеден жобаның құрамындағы файлдардың тізімін көруге болады. Microsoft Word, Microsoft Excel бағдарламаларында бірнеше құжатты (файлды) қатар ашып, өндеуге болатынын білеміз; олар MDI (Multiple Document Interface) - көптерезелі жүйелерге жатады. Ал Delphi жүйесі SDI (Single DocumentInterface)- біртерезелі тілдесу ортасы болып табылады, яғни Delphiтерезесінде тек жалғыз жобамен ғана жұмыс істеуге болады. Project Manager жобаларды Project Group - жобалар тобына біріктіру арқылы осы кемшілікті барынша үйлестіруге мүмкіндік береді, яғни Project Manager Delphi ортасында бірнеше жобаны қатар ашып, өңдеуге мүмкіндік береді.
Delphi 2010 бағдарламалау ортасын баптау
Delphi 2010 ортасын пайдаланғанда ыңғайлап, баптауды карастырайық. Ол үшін негізгі мәзір қатарындағы Project, оның ішінде Compiler ххх, Build ххх жолдарына және Tools, оның ішінде Options қатарына тоқталайық.
Менюдің Project бөлімі терезеде ашылған белсенді ххх-жобаны басқаратын функциялардан тұрады. Мұндағы Compiler ххх - ххх-жобаны компиляциядан өткізу болса, Build ххх - ххх-жобасын құру дегенді білдіреді. Бұлдардың айырмашылықтары мынадай: компиляция жасағанда Delphi жобаны өзінше орындалатын ехе-файлға біріктіру кезінде қолданатын қосымша файлдар анықтайды. Келесі компиляция жасалғанда өзгермеген модульдер компиляциядан өтпей, ехе-файлға алдыңғы анықталған файлдар пайдаланылады. Ал Project׀Build ххх арқылы жобаны құру кезінде жобаның құрамындағы барлық файлдар қайтадан компиляциядан өтеді. Егер соңғы компиляциядан кейін белсенді жобаның бір қондырмасын өзгерткен болсаңыз, Project׀Buildт ххх арқылы жобаны қайтадан толық компиляциядан өткізу керек болады.
Компиляцияны +пернелерін қатар басу арқылы да орындауға болады.
Tools׀Options...әмірі арқылы Options (опциялар) терезесін ашып, Delphi 2010 ортасының негізгі қондырмаларын өзімізге ыңғайлап етіп өзгертуге болады (7-сурет) көрсетілгендей.



7-сурет. Қондырмаларды орнататын Options терезесі


Options терезесі сол жағында қондырма тараулары, оң жағында тараулардың қондырмалары көрсетілген екі терезеден (бөліктен) турады:
Enviroment Options(Ортаның қондырмалары) тарауында келесі опцияларды көрсетуге болады:

  • Autosave Files - өздігінен сақталу опциялары. Мұнда екі бөлім бар:

- EditorFiles- редакцияланатын файлдардың (модульдердің) өздігінен сақталуы. Егер оған белгі қойсақ, модульдер өздігінен сақталатын болады.
- Project desktopжұмыс ортасының сақталуы. Егер бұл опцияны қоссақ, барлық белсенді терезелердің жұмыс күйі өздігінен сақталатын болады.

  • Running - дайын бағдарламаны орындау әрекеттерін белгілеу. Мұнда екі параметрді көрсетуге болады:

- Minimize on run- бағдарламаны Delphi ортасынан орындауға жібергенде ортаның терезесі бүктеліп жабылады.
- Hide designers on run - бағдарламаны орындауға жібергенде Object TreeView, Object Inspector сияқты визуалды редакциялау терезелері жабылады. Бастапқыда бұл параметр қосылған күйде болады.

  • Compiling- дайын бағдарламаны компиляциялау әрекеттерін белгілеу.

Мұнда бірнеше параметрді көрсетуге болады.
- Show compiler progress— компиляция барысын көрсету. Өте пайдалы, тек үлкен бағдарламалардың компиляциясы ұзақтау болады.

  • Show compiler progress- компиляция барысын көрсету терезесіндегі Hints, Warning, Errors мәндеріне назар аударайық:

- Hints - бұл бағдарламаны жақсарта түсуге әсерін тигізетін қарапайым хабарламалар, мысалы, бағдарламада бір айнымалыны жариялап қойып оны әрі қарай пайдаланбаған жағдайда компилятордан бұл туралы хабарлама аламыз. Мұндай хабарламалар компиляцияға әсер етпейді.
- Warning - ескертулер. Бұған өте жауапкершілікпен қарау керек болады, мысалы, бағдарламада бір айнымалыны жариялап, оның алғашқы мәнін меншіктемей, есептеуге пайдаланған жағдайда бұл туралы ескерту аламыз. Бұл компиляцияға әсер етпейтін қате болғанымен, басқа жағдайларда бағдарламаның кате орындалуына әкеп соқтыратын үлкен қателік болуы мүмкін.
- Errors - бұл бағдарламадағы нағыз қателер. Олар бағдарламаның компиляциядан өтуіне жол бермейтін өрескел қателерді көрсетеді.
Бұл хабарламалар мен ескертулер Show compiler progress опциясы арқылы компиляция барысын экранға көрсетпеген жағдайдың өзінде де Delphi-дің басты терезесінің төменгі жағынан көрінетін болады (8-сурет).



8-сурет. Компиляция барысын көрсететін терезе


Осы жерден уақытша тоқталып, Delphi мәзірінің Project бөліміндегі Options қатары арқылы терезеде ашылған белсенді жобаға қатысты қондырмаларды қарастырып өтейік.


Алдымен Delphi Compiler тарауындағы Hintsand Warnings бөліміне тоқталайық; мұнда Output hints және Output warnings - оициялары анықталған:
Output hints— компиляция кезінде хабарламаларды көрсету; қосылып тұрғаны дұрыс.
Output warning- компиляция кезінде ескертулерді көрсету; мұнда жобаны компиляциялау барысында әкранға берілетін сскертулердің тізімі көрсетілген; маңыздыларының қосылып тұрғаны дұрыс.
Енді Delphi ортасының қондырмаларын орнатушы Options терезесіне қайта оралып, Enviroment Options тарауының VCL Designer бөлімін қарастырайық; мұнда Display grid және Snap to grid параметрлеріне тоқталайық:
Display grid - торларды көрсету;
Snaptogrid- нысандарды тор арқылы жылжыту.
Бағдарлама терезелерін жобалау барысында Form бетінде визуалды нысандармен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін тордың көрініп тұрғаны дұрыс. Бір тордың бастапқы өлшемі - 8x8 пиксел, егер үлкейткіңіз келсе 2-ге еселі санға өзгерткен дұрысырақ болады. Жалпы эргономика талабы бойынша 8x8 пиксел тор үшін ең қолайлы мөлшер болып табылады (9-сурет).



9-сурет. Жоба қондырмаларының Compiler Message тарауы


Delphi 2010 ортасының бағдарламалау компоненттері


Қолданбалы Delphi-бағдарламаның пайдаланушы интерфейсі Form-терезесіне VCL және CLX компоненттер жиынтығының терезелері болып табылатын компоненттер үстелінен алып қойылған кұрылысшы элемент - компоненттерден тұрады.


Бағдарламаны жобалау кезінде терезе бетіне орналастырылған барлық компоненттер орындалған бағдарламаның терезесінде көрінетін визуалды (visual) және көрінбейтін визуалды емес (жүйелік) болып екіге бөлінеді.
Tcomonent класы барлық компоненттердің негізі болып табылады.
Визуалды компоненттерге, мысалы, батырмалар, ауыстыртштар, Form-терезесі жатады. Пайдаланушы кұралының кірінісін анықтайтын бұл элементтерді басқарушы компоненттер немесе басқару элементтері деп атайды.
Delphi ортасында барлық визуалды компоненттер Tcontrol классынан туындайды, сондықтан олар осы кластың сипаттарын иеленеді. Сонымен қатар, барлық көрінетін компоненттер TwinControl және TgraphicControl кластарынан туындайтын терезелік және графикалық болып екіге бөлінеді.
Терезелік компоненттердің мысалы: Button, ListBox, DBListBox, Edit, DBEdit, Memo, DBMemo,т.с.с. Бұларға бағдарламада кез келген сәтте фокус беріп, назарға алуға болады.
Терезелік емес компоненттердің мысалы: Label, DBText, т.с.с. Бұл элементтер фокусқа ие бола алмайды және терезедегі баска элементтерге аналық компонент бола алмайды.
Егер компонентгің TabStop сипаты True болса, бұл элемент фокусқа ие бола алады, ал егер False болса - оған фокус берілмейді.
Компоненттердің TabOrder сипаты бағдарлама орындалғанда олардың <ТаЬ> пернесі арқылы фокус алу реші анықтайды. Фокус алғашында TabOrder сипатында 0 анықталған элементке беріледі.
Көрінбейтін визуалды емес компоненттерге Timer, Table, IkltaSource сияқты әлементтер жатады.
Қолданушымен байланыс ұйымдастыратын бағдарламаның терезелерін жобалау барысында әрбір компонент үшін келесі екі амал орындалады:

  • компонентті сәйкес тақтасынан алып терезеге орналастыру;

  • компоненттің сипатын өзгерту (компонентті баптау).

Form-терезесін қолдану
Барлық басқа компоненттерге контейнер болып табылатын бұл терезені қолдану үшін Tform класынан туындайтын Form компонентін пайдаланамыз. Керек болса терезесіз де орындалатын бағдарлама жазуға болады, бірақ әдетте барлық дерлік қолданбалы бағдарламалар экранда көрінетін терезе түрінде анықталған ыңғайлы тілдесу элементімен (interface) жабдықталады.
Жобаға жаңа терезе қосқан сайын Delphi өздігінен ТForm класынын жеке данасын (Forml, Form2, т.с.с.) анықтап, жоба файлға сәйкес
Application.CreateForm(TForml, Forml);
немесе
Application. CreateForm(TForm2, Form2);
қатарын қосып отырады.
Бағдарламада бірнеше Form-терезесі анықталған жағдайда олардың біреуі бағдарламаны орындағанда алғашқы (бірінші) болып ашылатын басты терезе болып саналады. Оны Close командасы арқылы жапқанда бұл бағдарламаның орындалуы аяқталып, онымен қоса барлық терезелер де жабылады. Жаңа жоба бастағанда оған қанша терезе анықталып қосылса да, Delphi Forml терезесін басты терезе деп сайлайды, бұл терезе dpr-файлда бірінші болып анықталады, мысалы, 1.2-листингтегі келесі қатарларды қарасақ:
Application. Initialize;
Application. MainFormOnTaskbar True;
Application. CreateFormfTForm 1, Form 1);
Application. CreateForm(TForm2, Form2);
Application.Run;
Егер осыны төмендегідей өзгертетін болсақ, Form2 басты терезе болып анықталып, бірінші болып ашылады:
Application.Initialize;
Application. MainFormOnTaskbar := True;
Application. CreateForm(TForm2, Form2);
Application. CreateFormfTForm 1, Forml);
Application. Run;

Бағдарламалық жолмен CreateForm конструкторы арқылы жобадағы кез келген терезені басты терезе қылып сайлауға болады, бірақ бұл үшін жобаның параметрлерін өзгерту терезесін қолданған ыңғайлырақ. Ол үшін Project׀Options... әмірі арқылы Project Options for Project.exe - Base Configuration сұкбат терезесін ашып, Main Form қатарын пайдаланамыз (10-сурет) қарастырамыз:





10-сурет. Басты терезе орнату үлгісі


Delphi-бағдарламада терезелердің өздігінен сұраусыз анықталуын 10-суреттегі жобаның параметрлерін өзгерту терезесін қолдану арқылы басқаруға болады. Ол үшін жобадағы өздігінен анықталмауы тиіс терезені Auto-create forms бөлімінен Available forms (пайдаланылатын терезелер) тізіміне ауыстыру керек (12-сурет). Сонда оған сәйкес CreateForm конструкторы жоба файлынан өшіріліп, оны бағдарламалаушының өзі бағдарлама орындалу кезінде динамнкалық түрде анықтауына мүмкіндік туады.


Windows жүйесіндегідей Delphi ортасында да бірнеше терезелері қатар ашылатын көптерезелі MDI-жоба және бір немесе шара тәуелсіз бірнеше Form-терезесінен тұратын біртерезелі SDI- жоба кұруға болады. MDI-жобада бірінші болып ашылатын басты терезе оның аумағында ашылатын бірнеше ішкі терезелерден тұрады. SDI-жобада ешбір терезеде басқа терезе ашылмайды.
MDI-жоба құру үшін Delphi ортасында барлық терезелерді (ашылған жобаны) жауып, FileǀNewǀOther...әмірі арқылы New Items репозитории терезесін ашып, Delphi Projects бөлімінен MDI Applicationтаңдауға болады.
New Items терезесі — нысандар қоймасының (Object Repositoryj көрмесі болып табылады (11-сурет).



11-сурет. New Items терезесі


Delphi-жобада Form-терезесі модалды (modal) және модалды емес болуы мүмкін.


Модалды емес терезелер мұны жаппай-ақ жобаның кез келген ашық терезесіне ауысып кете беруге мүмкіндік береді.
Модалды терезеден басқа терезеге өту үшін оны міндетті түрде жабу керек.
Бағдарлама орындалуы барысында әртүрлі хабарламалар көрсетіп, пайдаланушыдан қандай да бір ақпарат енгізуді талап ететін терезелер сұқбат терезесі деп аталады. Сұқбат терезесі де модалды немесе модалды емес болуы мүмкін.
Delphi жүйесінің Help About... әмірі арқылы ашылатын About Delphi терезесі модалды сұқбат терезесінің мысалы болып табылады.

12-сурет. Form-терезесінің анықталуын басқару


Delphi ортасы интеграцияланған деп аталады (Integrated Development Environment – IDE), себебі ол бір бірімен тыңыз байланысқан бірнеше элементтерден тұрады. Экранда біз тәуелсіз орналасқан терезелерді көреміз. Осы терезелердің қандай қызмет атқаратынын көрейік (13-сурет).





Объектілер инсректоры

TreeView терезесі

Қосымшаның
басты терезесі

13-сурет. Delphi ортасы
Терезенің жоғарғы жағында басты терезе орналасқан. Басты терезеде көлденең меню тізімінен, тез қол жеткізу батырмалы панелінен және компоненттер палитрасынан тұрады. Басты меню және түсетін меню арқылы барлық Delphi қызметтері атқарылады.
Батырмалы панель меню жолының астында сол жақта орналасқан, Delphi басты функцияларына тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. І батрмаларды таңдап қоюымызға болады.
Компоненттер палитрасы батрмалы панелдің оң жағында орналасқан және компоненттерден тұрады, бұл негізгі «құрастырушы блоктар», олардың көмегімен программаны тез құруға болады. Компоненттер көп болғандықтан, олар функциялары бойынша топтарға біріктірілген, әрбір топ өзінің қабатында орналасады. Мысалы, Standart қабатында Windows стандартты интерфейс компонеттері орналасқан, яғни қолданушымен байланыс орнататын элементтер, мысалы батырма, тізім, мәзір, радиобатрма және т.б. орналасқан. Ал Data Control қабатында мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын компоненттер орналасқан.
Сол жақ төменгі бұрышта Объектілер инспекторы (Object Inspector) орналасқан. Аты айтып тұрғандай, Объектілер инспекторымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Объект бізге қасиеттер жиынтығы мен оқиғалар жиынтығы арқылы қолжетімді. Қасиеттерді Объектілер инспекторы арқылы оңай өзгертуге болады. Сонымен қатар дайын оқиғалар жиынына ие, жүйедегі осы немесе басқа оқиғаға оның әсерін беруге мүмкіндік береді, мысалы батырманы басу, терезені ашу, және т.б. Дәл Объектілер инспекторы арқасында қосымшадағы компоненттердің қасиеттерін қоюға болады. Объектілер инспекторы (Object Inspector) (14-суретте ) көрсетілген.



14-сурет. Объектілер инспекторының «Properties» терезесі


Объектілер инспекторы терезесі екі қабаттан тұрады: Property және Events. Вкладка Properties қабаты объектінің қасиетін орнатуға мүмкіндік береді, ол үшін қабат екіге бөлінген сол жағында қасиеттің атауы, оң жағында оның мағынасы.


Events қабаты да екі бөлікке бөлінген, сол жағында оқиға атауы, оң жағында оқиға өңдеушісін енгізуге болады, бұл оқиға орындалатын кездегі программалық код (15-сурет).



15-сурет.Объектілер инспекторы. «Events» қабаты


Экранда сонымен қатар Object TreeView терезісі пайда болады, ол ағымдағы терезедегі компоненттер иерархиясынан тұрады (16-сурет).





16-сурет.Object TreeView терезсі

Объектілер инспекторының оң жағында қосымшанығ басты терезесі орналасқан, ол форма деп аталады. Дәл осы форма қолданушымен қарым қатынасты ұйымдастырады, дәл осы формада қолданушымен диалог құратын интерфейсті компоненттер орналасады. Қосымша бірнеше терезеден тұруы мүмкін. Шын мәнінде формамен екі терезе байланысқан. Бірінші бұл форманың графикалық көрінісі (17-сурет). Бұл терезеде интерфейсті компоненттер орналасады.



17-сурет. Форма терезесі


Әрбір формамен Pascal модулі байланысқан, ол қосымшаның программалық кодынан тұрады (18-сурет).



18-сурет. Pascal-дағы модуль


Яғни жүйедегі оқиғаға қосымшаның әсері дәл осы жерде оқиғалар өңдеушісі орналасады,.


2.2 Delphi қосымшаcын сақтау және іске қосу
Delphi ашылған кезде ол автоматты түрде жаңа жоба құрады және ашады. Суретте біз бір стандартты формадан тұрған жобаны көріп тұрмыз. Форма – ол да объект, өз алдына программаның терезесін көрсетеді. Программа пайдалы жұмыс жасауы үшін біз формаға өзгертулер енгізуіміз керек. Формаға мәтін енгізуімізге болады. Мысалы "Hello, world!" сөзін енгізейік Ол үшін Форманың Caption қасиетін орнатамыз. Яғни осы сәтте форманың Caption мәтін үшін жауап береді. Үнсіз келісім бойынша Caption қасиетінде "Form1" жазуы орналасқан, форманың да аты осылай аталады. Оны өзгертуіміз керек. Жазуды Hello, world! деп өзгертеміз. Өзгерту енгізгенде жүйелі жол да жаңа кейіпке енеді. Енді жобаны сақтауымыз керек. Жоба – программа құрылатын әртүрлі форматтағы файлдардың жиынтығы. Сіз құрған жобаны әрбір жеке папкаларда сақтау қажет. Егер барлық жобаны бір папкада сақтай берсек шатасып кетуіміз мүмкін. Жобаны сақтау үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Меню командасын таңдаймыз"File – Save All" (барлығын сақтау), немесе батырмаларын басамыз, немесе құралдар панелінде біратты батырманы басамыз. 19-суретте Құралдар панеліндегі Save (Сақтау) және Save All (Барлығын сақтау) батырмалары көрсетілген.



19-сурет. Құралдар панеліндегі Save (Сақтау) және Save All (Барлығын сақтау) батырмалары





  1. Сосын формаға тиесілі алғашқы кодпен мәтіндік файлды сақтау ұсынысымен сақтау модулі шығады. Файл *.pas кеңейтілуіне ие. Әрбір жоба жеке папкаға сақталатын болғандықтан,ең бірінші жұмыс үстелінде жаңа папка құрамыз. Папкаға ат беріп, оны ашамыз.

  2. Әрі қарай «Файл аты» жолына сақтайын деп отырған модуль атын енгіземіз. Және модуль аты форма атауымен сай келмеуі керек. Әдетте форма мен модуль атын жобадан хабар беретін ақпарат ретінде сақтайды. Яғни аты бойынша қандай жоба екенін білуімізге болады. «Сақтау батырмасын басамыз».

  3. Содан кейін жобаға жалпы ат беру керектігі ұсынылады. Жоба аты орындалып жатқан программа атына сай келеді. Егер біз «hello.exe» файлын алғымыз келсе, онда жобаға «hello» деген ат береміз. «Сақтау» батырмасын басамыз.

Әрі қарай бізге программаны компиляцияға жіберу керек, яғни алғашқы кодты орындалатын exe-файл – ға айналдыру. Ол үшін  "Run - Run" меню командасын таңдауымызға болады немесе F9 батырмасын басамыз немесе аспаптар панелінен "Run" (батырмада жасыл түсті оң жақты көрсететін таңба орналасқан) батырмасын таңдаймыз. Нәтижесінде программа компиляциядан өтіп қана қоймай, іске қосылды. Егер Delphi жүйелік жолына қарасақ онда "Delphi 7 – hello [Running]" деген жазуды көресіз, ал объектілер инспекторы мен объектілер бұтағы жоғалып кетеді. Бұл программа орындалу режимінде деген сөз. Орындалып жатқан программа дәл негізгі форма тәрізді бейнеге ие, тек формада дизайнды жеңілдететін нүктелік тор жоқ. Алынған программаның терезесі Windows-программаның барлық стандартты батырмаларынан тұрады. Терезенің оң жақ жоғарғы бөлігіндегі қызыл х батырманы басып, программаны жабыңыз, бірақ Delphi-ді емес, сонда біз бұрынғы форманы қайта көреміз.
Объектілер инспекторының қасиеті осы сәтте белгіленген компонентке тиесілі екендігіне назар аударыңыздар. Компоненттер тышқан тетігін жай шерту арқылы белгіленеді. Және тышқан тетігін тек бір қана шерту керек. Екі рет шерту процедуралардың оқиғаларын өңдеуін шақырады. Егер сіз қателесіп осындай тісңлмен процедура құрып қойсаңыз, онда жобаны сол күйінде сақтаңыз. Сақтау кезінде бос процедуралар автоматты түрде өшіріледі.
Екінші әдісті көрейік. Компоненттер палитрасына назар аударыңыз. Онда ағымды қабат Standard болып табылады, онда көптеген таңбалар компоненттер орналасқан. Сәз тышқанды қандай да бір компонентке әкелсеңіз, біраз уақыттан соң компонент аты көрсетілген көмекші шығады. Бізге Label компоненті қажет, ол суретт «А» жартылай қара түрінде көрсетілген. Осы батырмаға басыңыз. Сосын форманың бос аумағына объектіні қою үшін шертіңіз. Оны форманың сол жақ жоғарғы бұрышына қарай орналастырғаныңыз дұрыс. Формада Label компоненті пайда болды. Бұл компонент қарапайым мәтінді көрсетеді. Қазір ол белгіленіп тұр және үнсіз келісім бойынша "Label1" деген атқа ие. Енді объектілер инспекторы форманың емес, осы компонеттің қасиетін көрсетіп тұр. Label Caption қасиетіне ие, оны Объектілер инспекторында өзгерте аласыздар. Осы қасиетті тауып "Label1" орнына "Hello, world!" деп жазыңыз. Label компонентіндегі мәтін ауысты. Егер сізге компонент орналасқан орын үнамаса, оны тышқан көмегімен басөа жерге орналастыруымызға болады. Енді Label компонентінің тағы бір қасиеті – Font(шрифт) көріңіз. Объектілер инспекторынан осы қасиетті тауып алыңыз, оны белгілеңіз. Оң жағында үш нүктесі бар батырма пайда болады, оны басамыз. Шрифт таңдау стандартты терезесі ашылады. Осы жерден шрифт атын, түсін, өлшемін, жазылуын (мысалы қара немесе курсив) таңдай аласыз. Біз жұмыс атқаратын барлық компоненттер осы қасиетпен жұмыс жасайды, сондықтан алдыңғы уақыттарда жаңа компоненттермен жұмыс жасау жеңіл болады.
Тағыда жобаны жақтаймыз және Run батырмасын басамыз  (немесе ). Формада жазудың пайда болғанына көз жеткізіңіз, программаны жабыңыз және формаға оралыңыз.
Үшінші, кішкене күрделілеу әдісті қарастырайық. Қазір бір ешқандай код жазбай программаны құрып жатырмыз. Біз тек дизайнын құрыдық. Басқа қиындықтарды Delphi өзіне алды. Енді қолданушы формадағы батырманы басқан кезде осы хабар шығатындай етіп көрейік.
Алдымен формаға батырма орналастыруымыз керек. Бұл компоненткомпоненттер палитрасы Standard қабатында орналасқан, және "ОК" жазуы бар батырманың түріне ұқсайды. Тышқан тетігін сол компонентке апарғанда "Button" көмекші сөзі шығады. Компонентті басып, формадағы компонентті орналастырғымыз келген бос орынға апарып шертеміз. Батырмадағы жазуды өзгертеміз. Объектілер инспекторында Caption қасиетін таңдап, "Button1" орнына "Мені бас!" деп жазамыз. Егер батырмадағы жазу үлкен болса, онда батырманы тышқан көмегімен ұзартуыңызға болады.
Ары қарай батырманы басу өңдегішін құруымыз керек. Өғдеуші процедура болып табылады, оеда біздің код жазылады. Бұл код қолданушы батырманы басқан сайын орындалатын болады. Осы өңдеушіні шақыру үшін формадағы батырманы тышқан тетігімен екі рет шерту қажет. Біз бірден код редакторына келеміз және процедура құрулы тұрғанын көреміз, курсор біз өз кодымызды енгізу керек жерде тұр.
Процедураның толық мәтіні мынадай түрде болады:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
ShowMessage('Hello, world!');
end;
Егер сізде осындай жау шықса, программаны іске қосыңыз. Сонда батырмаға басқан кезде мәтін шығатын болады. Біз үш түрлі әдіспен "Hello, world!" мәтіні шығатын толық программаны құрдық.
Кез келеген программалау тілінде айнымалыларды өолдануымыз керек. Программаны жүктеген кезде, компьютер барлық берілгендерді жедел жадқа қояды, содан соң олармен жұмыс жасау құқығына ие болады. Айнымалы – қандай да бір белгілі типтің мәліметтерін сақтай алатын жедел жадтың ұяшығы. Айнымалы Microsoft Excel ұяшықтарына ұқсас, онда да ұяшыққа берілгендердің қажетті форматтарын көрсетуімізге болады. Егер айнымалы «жол» мәліметтер типіне ие болса, онда оған сан жаза алмаймыз. Ал «бүтін сан» типіне ие болса, оған заттық вещественное сан жазауға болмайды. Программалау тілдерінде үтірі бар, және үтірден соң сандар болса вещественный сан дейміз:
125,00
348,24
Әрбір айнымалының бірегей аты бар. Компьютер үшін айнымалы ол – мәліметтер сақталатын жады ұяшығының адресі. Айнымалыларға ат беру программистің жұмысы. Delphi-де айнымалыларға ат белгілі бір тәртіп бойынша беріледі:

  1. Айнымалы аты кез келген ағылшын әріптерімен, сандармен, астын сызу белгісімен берілуі мүмкін, басқа символдар болуы мүмкін емес.

  2. Бірінші символ міндетті түрде әріп немесе "_" (астын сызу) болуы керек.

  3. Delphi-де айнымалыларды үлкен немесе кіші әріптермен беруде айырмашылық жоқ. Яғни myperem, MyPerem, MYPEREM – барлығы бір айнымалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет