Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану



бет3/3
Дата02.05.2023
өлшемі91,21 Kb.
#89059
1   2   3
Байланысты:
Статья на тему Зондовый логопедический массаж языка для детей

8 « Итермелеуші » зонды жақ бұлшықетіне , бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға қатысады. Ұзынан бойы, көлденең, әр түрлі артикуляциялық жаттығуларды жасауға мүмкіндік береді , яғни жиырылған бұлшықеттерге әсер етеді және қозғалғыштығы мен иілгіштігін қалпына келтіреді.
Зондтың ұшында ілмегі болады. Басу кезінде бұлшықеттер тартылып, зондты алғанда алғанды бұлшықеттің ширығуы босаңсиды. Қимыл уақыты – 5 секунд.
Қарқынды әсер алу үшін сору әдісі бойынша : зондты белгілі бір орынға қойып, сағат тілінің бағытымен 5 секундқа дейін бұрып , ұстап тұру керек. Қысым түсіру дәрежесі бұлшықетке тікелей байланысты.
9 « Қысқыштар » зонды бет бұлшықеттеріне, ерінге, жақ сүйектеріне, тілге массаж жасауға қатысады, ұзынан бойы, көлденең тіл бұлшықеттеріне әсерін береді және олардың қозғалғыштығын, иілгіштігін, іске қосылуын қалыпқа келтіреді. Бұлар әр түрлі артикуляциялық қимылдар жасауға септігін тигізеді. Әсіресе тілдің бүйірлерін тілдің артқы жағын ию кезінде тамырына қарай және керісінше орау , сондай-ақ тілді оңға-солға бұру , тілді қатайту үшін аузымыздан алдыға қарай шығару керек, сондай-ақ тілдің ұшын ғана басып қоймай, тілдің ортаңғы жағын да басуға болады.
10 « Тартқыш » зонды тіласты желбезекке массаж жасауға және оны созуға арналған. Егер де бала тілін жоғарыға көтере алмаса, бұл зондпен тіласты желбезектердің күйін көруге болады. Қысқа тіласты желбезекті хирург-тіс дәрігерінде кесіп тастайды.
Зондты тілдің астына қоямыз. Содан соң тіласты желбезекті көріп және оның дыбыс айту кезінде не себепті көтерілмейтіндігін анықтап ( қысқа жүген немесе тілдің жансызданған бұлшықетінің құрылымы ) зондты ақырындап көтереміз.
11 « Аққу » зонды бетке, жақ сүйектеріне және жұмсақ таңдайға массаж жасауға арналған. Қозғалысын және иілгіштігін қалыпқа келтіре, түрлі артикуляциялық қимылдарды қолдануға және сілекейдің ағуын жоюға мүмкіндік береді.
12 « Сырғымалы » зонды бетке, ерінге, жақ сүйектеріне, тілге, қолға массаж жасауға қатысады.
Ұзынан бойы, көлденең орналасқан бұлшықеттерге әсер береді, қозғалысын, иілгіштігін, іске қосылуын қалыпқа келтіреді.
Бұл зондының екі жақты жұмыс жасаушы беті болады. Барлық массаж жасайтын жаттығуларды алдымен бір жағымен , содан соң екінші жағымен жасаймыз.
Әр түрлі қозғалыс жасау, дыбыстарды айту кездерінде тілдің бұлшықеттері иілгіш, қозғалғыш және іске жылдам қосылу сияқты белгілерімен қабілетті болуы тиіс. Егер бұлшықеттерде мұндай ерекшелік болмаса, онда баланың сөзі түсініксіз, мыңғырлап естіледі немесе мүлдем сөйлемейді.
Логопедтің міндеті – зақымданған бұлшықеттерге жан кіргізіп, жұмыс жасауға мәжбүрлеу және дыбысты айту бұзылыстарын қалыпқа келтіру болып табылады. Зондпен массаж жасау кезінде түрлі дірілдеген немесе әлсіз бұлшықеттерді дұрыстайды.
Түрлі үйлесімділігіне байланысты тілге, жақ сүйектеріне, ерінге, бетке, жұмсақ таңдайға жеке-жеке массаж жасаймыз. Зақымдалған бұлшықеттердің құрылысын ақырындап қамти бастайды.
Артикуляциялық ағзаларға жасалатын массаж белгілі бір сызба бойынша жүргізіледі және бірте-бірте жүктемені ұлғайтады ( қарапайым тапсырмадан қиынына дейін ).
Зондпен жасалатын массажға кіріспес бұрын , тілге қолмен жасалатын массаждың 15-30 қабылдауында болуымыз керек. Бұл бұлшықеттердің босаңсуына мүмкіндік береді және дайындықтың келесі түрінде пайдаға жарайды, яғни қарқындырақ түріне ықпал етеді.
Әрбір массаждың қабылдауында түрлі массаж жаттығулары қосылып отырады :

  • қолымызбен тілге жасалатын 1-2 жаттығулар түрі ;

  • жақ сүйектеріне жасалатын 1-2 жаттығулар түрі ;

  • бетке жасалатын 1-2 жаттығулар түрі ;

  • ауыз жырығының айналасындағы бұлшықеттерге жасалатын 1-2 жаттығулар түрі.

Келесі қабылдауында « Тіл бұлшықетіне зондпен массаж жасау » кешенінен жаттығулар қосылады, ал соңғы кезеңіне « Жұмсақ таңдайға жасалатын массаж » түрлері енгізіледі.
Тапсырмалар 30 рет орындалады. Балалардың тынығуы үшін әр жаттығудан соң 5 рет үзіліс беріледі.
Бұл массаждың ұзақтығы 30 минутқа дейін созылады.
Осылайша, артикуляциялық аппараттарда кездесетін патологиялық көрсеткіштердің әлсіреу , сөйлеу бұлшықетінің қимылдау мүмкіндігінің кеңейтілу және олардың дыбысталуына қосу мақсатында массаж түрлері жүргізіледі. Бұдан бөлек, сөйлеу аппаратын жандандыру үшін артикуляциялық қимыл жаттығуларын қолданылады.
Артикуляциялық қимыл жаттығуларын массаждан соң 20-30 минут өткеннен кейін жасауға кеңес береміз .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет