Логопедияның мақсаты мен міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдармен
байланысы
Орындаған: Тлеукенова А.С.
Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Логопедия – логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйретемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың бір саласы болып есептелінеді. Логопедияның зерттеу обьектісі– сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер, мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.
Логопедияның негізгі мақсатысөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен қатар сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын – ала сактандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.
Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынадай міндеттерді белгілеуге болады:
Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.
Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симтоматикалық белгілерін анықтау.
Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.
Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.
Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.
Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.
Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.
Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдеру.
Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.
Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын – ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.
Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы Логопедия міндеттерінде ғылымының теориялық және практикалық бағытарын белгілеуге болады. Теориялық бағыты – тіл кемістіктерін зерттеу және оларды болдырмау, анықтау, жою әдістерін ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Практикалық бағыты – тіл кемістіктерін болдырмау, анықтау және жою. Теориялық және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыс байланысты.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен тығыс байланысы. Сөйлеу тілі ауытқуларын болдырмау, анықтау, тузету жұмыстарын табысты жүргізу үшін түрлі тіл кемістіктерінің белгілерін, себептерін, бұзылу механизмдерін, құрылысын жақсы білү керек, сонымен қатар тұлғаға жан-жақты әсер ету амалдарын, әдістерін меңгеру қажет. Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы осында.
Логопедия педагогикалық ғылым және арнайы педагогиканың бір саласы болғандықтан, ол жалпы педагогикамен, сурдопедагогикамен, олигофренопедагогикамен, тифлопедагогикамен, ана тілін оқыту әдістемесімен, жалпы, арнайы психологиясымен және тағы басқаларымен тығыс байланысты. Бұл бір жүйе ішіндегі байланыстар. Ал жүйелер арасындағы байланыстарға логопедияның биологиямен, анатомиямен, физиологиямен, оториноларингологиямен, невропатологиямен, психопатологиямен, олигофрения клиникасымен, педиатриямен және лингвистикалық ғылымдарымен байланыстарын жатқызуға болады.