1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет1/31
Дата13.04.2022
өлшемі56,97 Kb.
#30937
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)


ДӘРІС КЕШЕНІ
1.Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері.

Аннотация: Логопедияның пәні сөйлеудің бұзылуы және сөйлеу тілі бұзылған адамдарды оқыту мен тәрбиелеу. Зерттеу объектісі – сөйлеу тіліндегі кемшілікке ұшыраған жеке тұлға.

Кілт сөздер:коррекция, этиология,симптом, механизм,диагностика

Жоспар:

1. Логопедияның мақсаты

2. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылымдары
Дәріс тезисі: Логопедия термині гректің «логос» сөз, «пайдео» «дұрыс сөйлеуге тәрбиелеймін» деген мағынасынан шыққан. Логопедияның пәні сөйлеудің бұзылуы және сөйлеу тілі бұзылған адамдарды оқыту мен тәрбиелеу. Зерттеу объектісі – сөйлеу тіліндегі кемшілікке ұшыраған жеке тұлға.

Сөйлеу тілінің бұзылуын физиологтар, невропатологтар, психологтар, лингвистер зерттейді. Бұл ғылымдардың барлығы сөйлеу тілінің бұзылуын өздерінің көзқарастары жүйесінде ғана зерттесе, логопедия сөйлеудің бұзылуын арнаулы әдістер мен тәсілдер арқылы алдын алып, емдеу шаралары негізінде қарастырады. Логопедияның құрылымын балалар логопедиясы, жеткіншектер логопедиясы, ересектер логопедиясы құрайды.

Логопедияның мақсаты – сөйлеу тілі бұзылған адамдарды қайта тәрбиелеудің ғылыми негіздерін құру болып табылады. Логопедия ғылымы сөйлеу тіліндегі кемшілікке оптимистік, гумманизмдік көзқараспен қарауды басшылыққа алады. Сөйлеу тілі бұзылған жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы үшін қолайлы жағдайларды жасауды ұстанады. Оптимизм тұрғысынан қарастырсақ, биологиялық жолмен таралған немесе пайда болған кемшілікті спецификалық әлеуметтік әрекет арқылы түзетудің жолдарын қарастырады. Физиолог И.П.Павлов орталық нерв жүйесінің түзетуге икемді жолдарын және оның компенсаторлық жүйелерінің шексіз екендігін айта келе, былай дейді: «Қолайлы әдістер мен тәсілдер арқылы жүргізілген жұмыстың нәтижесі барлық қолайсыз жағдайларды түзете алады». Қорыта келе, логопедияның негізгі міндеттері анықталады:

- сөйлеу тілінің бұзылу формаларының барлық кезеңінде сөйлеу әрекетінің онтогенезін зерттеу;

- сөйлеу тілінің бұзылуының таралуын, симптомдарын, деңгейлерін анықтау;

- тұлғаның қалыптасуына, психикасына әрекеттің барлық түрлерінде сөйлеу тіліндегі кемшіліктің тигізетін ықпалын анықтау;

- дамуында кемшілігі бар балалардың сөйлеу тілінің бұзылымдарын зерттеу;

- сөйлеу тілінің бұзылу этиологиясын, симптомдарын, механизмдерін, құрылымын анықтау;

- сөйлеу тілінің бұзылуын педагогикалық диагностикалаудың әдістерін жасақтау;

- сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелеу;

- сөйлеу тілінің бұзылуын болдырмаудың құралдарын, дифференциалдық принциптерін жасақтау;

- сөйлеу тілінің бұзылуы кезіндегі профилактикалау жұмыстарын ұйымдастыру;

- жұмыстарын ұйымдастыру;

Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызымен байланысты. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады.Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді, табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді, өзара түсінісіп, дегеніне жете алмас еді.

Сондықтан да біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін ең маңызды құрал.

Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне сезіліп, ол ыңғайсызданады, содан өз сөзіне немқұрайлы, салғырт қараған соң, сөзінің сұлулығы жойылады да кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады.Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Тіл ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің жәрдемімен ғана ойлаймыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады.Олай болса баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөздік қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл ойдың дамуын кешеуілдететін нышаны болады.Таза әдеби тілде сөйлетуге үйрету жұмысы мектеп жасына дейінгі балаға берілетін эстетикалық тәрбиенің ең маңызды саласы.Тіл кемістігі бұл ауру емес. Басқа бір аурумен сырқаттанғанда, соның зардабынан солай болып қалуы мүмкін. Сондықтан тілінің мүкісі бар адамды науқас деуге болмайды.Дыбысты дұрыс айтқызуға үйрету немесе фонематикалық естуін дамыту кезінде дыбыстық талдау, жинақтау сияқты педагогикалық тәсілдер логопедияда да жиі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет