ҚЎлпыбаев с


Ақшалай қаражаттардың ағыны



бет277/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Ақшалай қаражаттардың ағыны – ақша мен олардың баламаларының ағын­дары (түсімдері) мен шетке кетуі (төлем­дер).
Ақшалай қаражаттардың баламалары алдын ала белгілі ақшалай қара­жаттар сомасына тез айналатын жəне олардың құны шамалы тəуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы – ақшалай қаражаттар мен олардың бала­маларының түсімдері жəне төлемдері.
Амортизация – пайдалы қолдану мер­зімі ішінде актив құнының жүйелі бөлінуі.
Аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағыны;дүркін дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру бойынша төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.
Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы.
Арнаулы мемлекеттік жəрдемақы – əлеуметтік қорғауды қажет ететіндер­ге жəрдемақылардың өзге түрлеріне қара­мастан берілетін ақшалай төлем.
Ассистанс – сақтандыру ұйымдары­ның, заңи тұлғалардың сақтанушы (сақ­тан­дырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтық жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жəрдемдесу арқылы ақшалай жəне (немесе) натуралдық-заттай нысанда көмек көрсетуі.
Аффилиирленген тұлғалар – тікелей жəне (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға жəне (немесе) əрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мəмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңи тұлғалар.
Ə
Әділ құнактив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар, мұндай операция жасауға ниетті, тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет