ҚЎлпыбаев с



бет77/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні неде?
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қандай белгілермен сипатталады?
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қысқаша анықтамасын пайым­даңдар.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қандай белгілер бойынша сыныпталады және осы белгілер бойынша олардың сыныптамалық айрықшылықтарының ерекшеліктері неде?
5. Қаржының мазмұнына шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары қалай әсер етеді?
6. Шаруашылық серіктестіктерінің қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері неде?
7. Мемлекеттік кәсіпорындардың каржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
8. Шетелдің қатысуындағы бірлескен кәсіпорындар қалай жұмыс істейді?
9. Экономиканың кооперативтік секторының түрлерін және олардың қаржысын сипаттаңдар.
10. Меншікті жаңғыртудың негізгі нысандарының мемлекет меншігінен алудың, жеке­шелендірудің, қайта құрылымдаудың ерекшеліктері неде?
11. Қазақстан Республикасында меншікті жаңғырту бағдарламаларының негізгі бағыттары мен нәтижелерін баяндаңдар.


8-тарау. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы

8.1. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер пайда алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.


Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қаржылық қатынастар деп атайды, қаржылық қатынастар ақшалай қатынастардың бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылықтық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау); жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.
1. Коммерциялық есеп – шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Мемлекеттік меншіктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне сәйкес дәстүрлі «шаруашылық есеп» терминін қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъектілерге «коммерциялық есепті» қолдану қолайлы, алайда бұл ұғымдардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;
қаржылық қатынастар мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос болады;
қаржылық қатынастар субъектілерінің жұмыстың нақты нәтижелері және міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкершілігі болады;
коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым-қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанда іске асырылады. Рыноктық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет