ҚЎлпыбаев с



бет118/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

12.8. Экспортқа рента салығы

Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығын шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдердің қатарына жатқызуға болады.


Мыналар:
1) салық заңнамасында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнай,газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын;
2) көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңи тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.
Рента салығын салу объекті экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының,көмірдің көлемі болып табылады.
Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнай,газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экпортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында жасасқан қосымша келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына қарай 0%-дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді – барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Көмірді экспорттау кезінде экспортқа ренте салығы 2,1 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен келесі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.


12.9. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы қазындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруіге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.


Салықтардың бұл тобы елдің салық жүйесінде маңызды орын алады – 27,2% (2010ж.), мемлекеттік бюджетте – 3,3% (өйткені төлемдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруға түседі).
Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасасылған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлейді.
Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі* жер қойнауын пайдалануға Үкімет белгілеген тәртіппен жасасылған контрактта айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі моделі белгіленген:
бірінші модель жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;
екінші модель жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақ­стан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды.
Кен орындарын (кен орындар тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабелдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:
а) қол қойылатын бонусты;
ә) коммерциялық табу бонусын;
б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
2) пайдалы қазындыларды өндіру салығын;
3) үстеме пайда салығын кіріктіреді.
Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған контракттың түрлері мен шарттарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы.
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракттық аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет