ҚЎлпыбаев с



бет280/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   314
Борыш мониторингі – мемлекеттің өзі уəкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау жəне қалыптастыру, өзгерту жəне қызмет көрсету үдерісін бақылау жөніндегі қызметі.
Борышқа қызмет көрсету – белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың жəне қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге төлемдердің жиынтық төлемі.
Борышты өтеу – қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз келісімшар тында белгіленген тəртіппен қайтаруы, қарыз келісімшартынан туындайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Борыштық бағалы қағаздар – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар жəне Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа бағалы қағаздар.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон – шығарылым шарттарына сəйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма.
Бөлшек сауда – тауарларды тұтыну­шыларға олардың жеке пайдалануы үшін сату жөніндегі кəсіпкерлік қызмет. Брокер – қор жəне тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа құндылықтарды сатып алушылар мен сатушылар арасында мəміле жасау кезінде арада жүретін делдал.
Бұзушылық – бюджеттік қаражаттар­ды жəне мемлекет активтерін, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдендірген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет жəне өзге заңнамасының қағидаларын бұзуға əкеп соққан əрекет (іс-əрекеттер немесе əрекетсіздік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет