ҚЎлпыбаев с


Бірыңғай кедендік тариф –



бет281/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   314
Бірыңғай кедендік тариф – бірыңғай кедендік аумаққа үшінші елдерден əке­лінетін тауарларға қолданылатын, Кедендік одақтың сыртқы экономикалық қыз­метінің Бірыңғай кедендік номенклатурасына сəйкес жүйеленген кедендік баж мөлшерлемелерінің жиынтығы.
Бірыңғай қазынашылық шот – аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру жəне оларды есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлт­тық банкінде ашылатын шот. Бірың­ғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдық­тарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын жəне басқа шоттарды кіріктіреді.
Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржы­лық қамтамасыз етуге арналған оның орталық­тандырылған ақшалай қоры.
Бюджет атқарылуы – бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдар­ламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржы­ландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің атқа­рылуын Үкімет қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бюджет жүйесі – бюджеттердің жə­не Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уəкілетті орган – бюджетті атқару, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептемені жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган – бюджетті атқару, рес­публикалық бюджеттің жəне өз құзыры шегінде жергілікті бюджеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есебі негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептемені жүргізу саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет