ҚЎлпыбаев с


Қаржы жоспарларының жүйесі



бет50/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   314
4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, өңірлердің және мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құру және пайдалану көрсеткіштерінің өзара байланысты жүйесі болып табылады. Қаржы жоспарлары ұлттық шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Жоспар мен жоспарлау аулақтанған түрде емес, шаруашылық жүргізудің бірыңғай біртұтас механизмі құрамында әрекет етеді. Өзінше алынған және іске асырудың тиісті механизмімен толықтырылған жоспар басқарудың шынайы құралы бола алмайды. Жоспарды іске асыру механизмі – басқарудың ұйымдық нысандары, экономикалық тұтқалар мен ынталандырмалардың жүйесі, ұлттық шаруашылық ресурстарының айналымын ұйымдастыру амалдары, шаруашылық жүргізудің құқықтық режімі.
Қаржы жоспарларының (баланстарының) жүйесі жоспарлардың әр алуан түрлерін кіріктіреді, олардың қамтитын қатынастардың кеңдігімен, демек, түсуге және пайдалануға жоспарланатын ресурстардың көлемімен айырмашылығы болады. Бұл белгілер бойынша олардың негізгі екі тобын ажыратады: бастапқы және жиындық қаржы жоспарлары.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиындық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл – толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру тұрпаты, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары: материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы жоспарлары; материалдық емес сфераның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының жоспарлары; бюджеттік қаражаттар есебінен шығыстары түгелдей немесе негізгі бөлігінде қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды қаржыландырудың дара жоспарлары.
Жиындық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржылық ресурстардың қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу үдерістерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиындық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржылық ресурстардың қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиындық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Жиындық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет жалпымемлекеттік болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесінің барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиындық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік сақтандырудың жиындық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақшалай түсімдері мен тиісінше стихиялық апаттарды ескертумен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті (түгелдей КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кіріктірілетін) әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақшалай ресурстарын, кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тің орталықтандырылған қаражаттарын біріктірді.
Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиындық қаржы жоспарлары да жасалды. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарынан басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынды.
Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпымемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Жұртқа мәлім, көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет