Ұлттық бірегейлік



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі28,91 Kb.
#12542
1   2   3   4   5   6   7   8
«Ұлт» ұғымына қатысты сын пікірлердің туындауына байланысты қазіргі саяси тəжірибеде сандық құрамына, мəдениеттің, тілдің даму сатысына, мемлекеттің жəне шекараның болуына қарамастан, «халық» деген ұғым кең қолданыс тапты. Бұл дегеніміз ұлттар, этникалық топтар,   елдер- барлығы бірдей саяси-құқық мəртебесіне ие болады.

Республикасының 1995 жылғы Ата Заңында этнократиялық бағыт саяси-шекаралық бағытпен алмастырылды. Ұлттың этникалық моделінен азаматтық моделге көңіл аударылды. Осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының субъектісі «қазақстандық халық» болып есептелінеді. 1995 жылдың Ата Заңында жалпы азаматтық ұстанымдар, этникалық ұстанымдарға қарағанда, бірінші орында тұр. Заңнамада ұлттық немесе діни партиялардың құрылуына тыйым салынды. 1995 жылдың Конституциясы ұлт- мемлекет негізін салып, қазіргі демократияның түсінігін қалыптастырды. Жалпы азаматтық аспектіге көңіл бөлмей, сын пікір білдірушілер 1995 жылдың Конституциясы, 1993 жылдың Конституциясымен салыстырғанда, демократиялық ұстанымдары кең таралған жоқ деп тұжырымдады

Қазақстандық қоғамның бірлігі идеясы Қазақстан Республикасының егемендігінің жəне тəуелсіздігінің саяси негізі болып табылады. Осыған орай келесі жайтқа көңіл  аудару  қажет. Көптеген философтардың, саясаттанушылардың жəне саясаткерлердің пікірі бойынша, көпэтникалық қоғамда бірегей ұлтты қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені адамдардың этникалық бірегейлілігі мемлекеттік бірігейліліктен жəне өзге этникалық топтардың өкілдерінен жоғары бағаланып тұр. Олардың ойы бойынша, Қазақстанда тек бір ғана ұлт бар. Оның құрамын қазақ ұлты құрайды. Ал қалған халықтар Қазақстанда диаспора болып саналады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы қазақтың ұлттық идеясы, немесе ұлттық қазақ идеясы, болып табылады.  Осы бағыттың нəтижесінде тамырлы этнос қоғамда жəне ғылымда титулдық ұлт деген атаққа ие болады. Ұлттық сұрақ бойынша əдебиетте бұндай бағытты «ұлттың этномəдени түсінігі» деп атайды.

Өзге ұстанымды қолдайтын адамдардың ойынша, ұлттық идея көп этникалық мемлекетте тек бір халықтың идеясы бола алмайды. Қазақстанда ұлттық идея жалпы ұлттық болуы тиіс. Бұл идея адамдардың этникалық топтасуына қарамастан, мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге арналған. Тұтас халықтың жалпы негізі қазақстандық азаматтылық болып табылады. Қазіргі этносаясаттануда аталмыш бағыт «азаматтық ұлт» деп аталады. Бүгінгі таңда ұлттық идеяны түсіндіруде осы екі бағыт басты болып саналады. Ескере кететін жайттардың бірі, этномəдени жəне азаматтық бағыттарда ұлттық идеяны түсіндіру барысында қарама-қайшылықтар бар. Осы   себептен қазіргі мемлекеттердің алдында келесі сұрақ туындап отыр: ұлттың жəне ұлттық идеяның азаматтық пен этномəдени бағыттарының арасында жатқан қарама-қайшылықтардың шешілу жолын табу.

Əр түрлі мемлекеттердің ұлттық құрылысының тəжірибесінің көрсетуі бойынша осы қайшылықтарды шешу барысында «немесе-немесе» бағытынан «жəне-жəне» принципі кең қолданыс тапты. Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының қалыптасу жолында ұлт түсінігінің аталмыш екі бағыты — азаматтық жəне этномəдени — қолданылуы тиіс

«Қазақстанда осы екі концепциялардың арасындағы қайшылықтар қалай шешімін табады?» деген сұрақ туындайды. Бұл тəсіл доминантты қазақ этносында тұтас халықты азаматтық қоғамда қалыптастыру болып табылады. Осы ұлтты қалыптастыратын тəсілді белгілі этносаясаттанушы Энтони Смит «доминантты этнос» моделі деп атайды .

Қазақстанда    мультиэтникалық          қоғам    ретінде       ұлттың       этномəдени         жəне      азаматтық концепцияларының екеуі де объективтік қажеттілік ретінде жүзеге асырылуда. Егер де аталмыш концепциялардың біреуі объективті бағаланбаса, онда еліміздің ұлттық кеңістігіне зиянды əсер тиеді. Азаматтық ұлт идеясы, біріншіден, қоғамның тұрақтылығына жəне ішкі қауіпсіздігіне жол ашады.   Азаматтық   ұлттың   этникааралық   ұжым   ретінде   қалыптасуы   этникалық       топтардың қайшылықтарын жұмсартып, азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, Қазақстанда азаматтық ұлтты қалыптастыру барлық қазақстандықтардың бірегейлілігіне жақсы жақтан əсер етеді. Олардың этникалық топтасуына қарамастан, барлығы Қазақстан Республикасын өзінің елі, Отаны деп санайды.

Үшіншіден, Қазақстандағы азаматтық ұлттың қалыптасуының нəтижесі  пісіп-жетілген азаматтық қоғам болуы тиіс. Азаматтық ұлт жəне азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Ұлттың этномəдени концепциясының қажеттілігі келесі себептермен айқындалады: біріншіден, мемлекет құрушы қазақ этносында қазақстандық халықтың ұлттық құрылысының моделі туындаса, онда өз-өзімен азаматтық ұлттық құрамында олардың айрықша орны айқындалады.

Екіншіден, біздің еліміздегі қалыптасып келе жатқан конституциондық бекітілген халықтың сипатын есепке алу қажет. Мəселе мынада — қазақстандық халықты өзінің тарихи қалыптасқан əлеуметтік формасы бойынша эмигранттық ұлт қатарына жатқызуға болмайды (мысалы, Америкада, Австралияда жəне əлемнің кейбір елдерінде). Қазақстанда ұлттың этникалық жəне тарихи алғышарттары мен тамырлары анық жəне айқын көрініп тұр. Бұл қазақтарға тікелей қатысы бар. Осы этнотарихи аспект қазақстандық халықтың даму жолындағы жалпы ұлттық сипатқа ие болуы тиіс.

Үшіншіден, этномəдени аспект Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының əдіснамалық концепциясын құруында орасан зор орын алады. Бұл концепция ұлттық идеяға конструктивтік, шығармашылық көзбен қарауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, ұлттың азаматтық концепциясында конструктивтік бағытты да тым асырудың қажеті жоқ.

Кеңес заманынан кейінгі қазақстандықтардың өзіндік бірегейлілік үдерісі бүгінгі күнге дейін аяқталды деп айтуға болмайды. Еліміз болашақта өзінің тарихи қалыптасып келе жатқан ұлттық келбетін сақтап қана қоймай, сонымен қатар тең құқылы дəрежеде өзге елдермен жаһандану үдерісіне кіруі қажет.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірегейліліктің бес деңгейін көрсетуге болады. Əр түрлі этностық топтардың ұлттық ұстанымдарын төмендегідей сипаттап, ұлт бірегейлілігін зерттеушілердің кейбіреулері бұл жіктеумен келіседі:


  1. Кейінгі уақытта саны азайып келе жатқан ұлттық, этностық əр түрлілікке мəн бермейтін жəне өзінің де қай ұлтқа, этносқа жататынына назар аударғысы келмейтін адамдар. Бұл адамдар үшін ұлттық бірегейліліктің маңыздылығы өте төменгі дəрежеде болып табылады.

  2. Керісінше, кейінгі кезде саны көбейіп келе жатқан өз ұлтына, этносына баса назар аударып, оның дəстүрі мен тілін дамыту қажеттілігін үнемі еске салатындар. Объективті себептерге байланысты оларды түсінсек те, кейде олардан келесі топқа жататындар шығуы да мүмкін.

  3. Ұлттық «байбалам салушылар». Бұл саны жағынан аз топ өкілдері өз ұлтына қауіп төніп тұр деп сезініп, саяси күштер арқылы қорғаныс жолдарын іздейді.

  4. Космополиттер, этникалық құндылықтардан жеке адами (жалпы азаматтық) құндылықтарды басым қоятын жəне мемлекеттік құндылықтардан ұлттық құндылықтарды басым қоятын азаматтық идеологияны жақтайтындар. Сондықтан бұл топ өкілдері алғашқы үш топтың кейбір элементтерін өзіне алған болып есептелінеді. Яғни ұлттық идеяға немқұрайлылық, азаматтық қоғамды ұлттарға сыйластықпен қарау жəне ұлтаралық қатынастарға мəн бере отырып, ұлтты сақтап қалуды көксейді.

  5. Бесінші топ — салауатты, нақты дамыған ұлттық бірегейлілік. Ол басқа этностардың, ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін жақсы түсінетін, сол мүдделердің қанағаттануын қажет деп санайтындар. Ол өз негізінде жалпыұлттық идеяны иеленген, өз ұлтының жағдайын ойлайтын, оның ерекшелігін, мəдениеті мен тілін дамытуды көздейтін, ата-баба тарихына ізетпен қарайтындар. Бұл деңгей Қазақстандағы барлық этностық топтар өкілдерінің ұлттық ділдерінің бірігуіне жағдай тудыра алады .

Сондықтан Қазақстанның əлеуметтік, саяси, мəдени дамуында ұлттық бірегейлілікті қалыптастыру мəселесі қазақ философиясында өзекті деп санаймыз, бұл мəселені терең зерттеу үшін қазіргі кезде осы тақырып айналасында кездесетін кейбір мəселелер мен қиындықтарға тоқталып кеткен жөн.

Ұлттық бірегейлілік мəселесінің қиындылығы мен күрделілігі — оның көп қырлылығында. Соңдықтан оны зерттеу барысында белгілі бір оқиғалардың, саяси бағдарламалардың, əдемі идеялардың, сезім мен көңілдің жетегінде кетуге болмайды.

Қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі — Абай ілімі бүгінгі ұрпақты «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» дегендей ұлттың жан дүниесіне терең үңіліп, сын көзбен қайта қарауды талап етеді. Айта кету қажет, ұлттық бірегейлілік тұрақты сипатқа ие, алайда оған қоғамдық- тарихи тəжірибені ұрпақтан ұрпаққа бергенімен, оған жасампаздық та бөтен емес. Сондықтан ұлттық бірегейліліктің құрамдас бөліктерін, қазіргі ғылымда бірегейлілікпен қатар қолданыста, алайда одан мəні жағынан айырмашылықтары бар ұғымдар мен құбылыстарға анық, əрі толық түсінік беретін кез жетті. Солардың бірқатарына тоқталсақ.

Бүгінгі қазақстандық ұлттық сананың дамуында екі бағыт байқалады. Біріншісі — қазақ ұлтын асыра мадақтау. Бір халықты орынсыз дəріптеу, оның тарихын бірыңғай батырлық пен даналықтың үлгісі ретінде баяндау, болмаса оны тарихтың құрбаны етіп көрсету, ұлт басына түскен ауыртпалықтары бір ғана отаршылдардың, басқыншылардың арам пиғылымен түсіндіру сияқты біржақты пікір де ұлтты тоғышарлық рухта тəрбиелейді.

Ұлттық ерекшелікті көрсетудің объективтендірілген түрі ретінде, мысалы, ұлттық мінез- құлықты жатқызуға болады. Ол бірегейлік ерекшеліктер мен əлеуметтік іс-əрекетте байқалатын сыртқы көрініс, бір ұлттық топтың екінші топтан айырмашылығы түрінде байқалады.

Ұлттық өзіндік сана мен ұлттық бірегейліктің негізінде сəйкестенудің əлеуметтік механизмі жатыр. Ұлттық жəне этностық бірегейлілік тұлғаның əлеуметтік нақтылықты меңгерудегі маңызды механизмдерінің бірі, ол əр түрлі ұлттық топтар мен əлеуметтік байланыстардағы ұлттық мінез- құлықтың қалыптасуында күшті фактор ретінде тұлғалық пікірлер жүйесінің  қалыптасуына негіз бола алады. Ұлттық жəне этностық бірегейлену бұқаралық іс-əрекет пен саяси іс-қимылдарына өте мықты катализатор ретінде қызмет етеді (əсіресе дағдарысты қоғамдарда).

Ұлттық жəне этностық қалыпқа жатқызу туған кезден бастап, ана тілінде сөйлеумен жəне адамның қоршаған ортасындағы мəдениетпен бірге жасасады, ал қоршаған ортадағы мəдениет өз кезегінде жалпыға бірдей тəртіп стандарттарын жəне тұлғаның өзіндік дамуына əсер етеді.

Ұлттық жəне этностық бірегейленудің тұрақтылығы адамның өзі туралы өзіндік түсінік пен басқалардың түсініктері арасындағы, əлеуметтік жəне жеке «Мен» арасындағы үйлесімді қарым- қатынасқа жету қабілетін қамтамасыз етеді. Алайда мұндай бейімделу динамикалық үрдіспен қалыптасады, себебі адамдардың дамуы барысында олардың ұлттық бірегейлігі үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы ортаның сынақтарына ұшырайды. Осыдан келіп, əлемдегі өз орны туралы, өз мақсаттары мен басқалармен қарым-қатынастары туралы белсенді түрде ой түю нормативті жəне психикалық-əлеуметтік дағдарыс мүмкіндігі туады.

Бірегейлік тұлғаның қоршаған əлеуметтік ортамен қарым-қатынасынан, іс-əрекеті ерекшеліктерінен көрінетін өзіндік белгілерден құрылған тұлғалық «қойма». Бірегейлік өз негізінде нақты тұрақты тұлғалық тəртіптің бағыттылығына жағдай жасайтын, əр түрлі салалардағы нақтылыққа байланысты адамның қажеттіліктерінің, сезімдерінің, мүдделерінің, идеалдарының, мақсаттарының үстемдігін көрсетеді.

Ұлттық бірегейлік құрылымында ерекше орынды оның менталдық бірлестігі алады, ол саналы немесе санасыз өз ұлттың рухани тəжірибесімен сусындайды. Философиялық құрылымдар өз дүниесінде белгілі бір ұлттың тəжірибесімен тығыз байланысты. Ұлттың рухани мұрасы қаншалықты бай болса, ол ұлт даму барысында ұтқыр іс-əрекеті жемісті болып келеді.

Ұлттық бірегейлік пен ұлттық менталитетті тығыз байланыстыратын тағы бір компонент ол ұлттық имидж болып табылады. Ұлттық имидж дегеніміз — басқа халықтың өкілдеріне танылатын сипат жəне де сол арқылы нақты бір ұлт өзін басқаларға көрсетіп, дəлелдей алады. Ұлттық имидж де ұлттық менталитетті, бірегейлікті зерттеуде маңызды орын алады, ол туралы Б.Ф.Поршнев былай дейді, ұлттық имидждің ядросы ретінде «біз» ұғымының жеке немесе ұжымдық деңгейде түсінілуі жатады [12]. «Материал алғашқы қауымдық қоғам тарихынан ғана емес, алайда əр түрлі тарихи кезеңдерде көрінеді, кейде тіпті «олар» деген ұғым болса да, «біз» ұғымы жоғалып кетеді. «Олар»  — «біз» емес немесе, керісінше, «біз» — «олар» емес. Тек қана «олардың» барлығы, «оларға» қатысты өзіндік анықталып алу арманын тудырады, «олардан» «біз» деген сезім арқылы бөлініп шығу».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет