Қорытындылайкелгенде айтарымыз, ұлттық бірегейлік, əрине, көптеген сыртқы факторларға байланысты сырттай өзгергенімен, заманға сай бейімделгіштік қасиетін көрсете отырып, өз ядросын, немесе түпкі тамырын өзгеріссіз қалдыра алады. Сол арқылы өзіндік ықпал да етеді. Бұл жағдайда бірегейлік қорғағыштық қызмет атқарады. Заманның қойған талабына сай ұлттың бейімделуін жеңілдететін де осы бірегейліктің қасиеті.
Қазақ ұлттық бірегейлігін қазақ халқының өзіндік сананың, рухани дүниесінің сыртқы көрінісі ретінде қарастыра отырып, қазақтың ұлттық бірегейлігіне сипаттама бергенде біздің мақсатымыз басқа халықтарда жоқ қасиеттер, өз ұлтымызда бар деп айтудан аулақпыз. Ұлттық қасиеттер барлық халықтарда кездеседі, тек мəселе — ол қандай деңгейде көрсетілгендігі. Мысал ретінде өмір сүруге қабілеттілікті алсақ, ол барлық ұлттарға тəн қасиет, тек кейбір объективті себептерге — халықтың маңдайына түскен қиын тарихи сынақтарға байланысты — ол біздің ұлттық менталитетімізде, бірегейлілігімізде қарқынды даму деңгейде кездеседі. Ұлт бірегейлігін зерттеген ойшылдардың атап кеткен ұлттық қасиеттер, əлеуметтік нақты өмірде көрініс тауып отыр, бұл жерден біздің көретініміз — саналылықтан санасыздықтың басым тұрғаны; адамгершілік жəне рухани элементтердің мəнінің жоғарылығы.