Ұлттық бірегейлік


Ұлт табиғаты, ұлттық бірегейлік



бет7/8
Дата06.01.2022
өлшемі28,91 Kb.
#12542
1   2   3   4   5   6   7   8
Ұлт табиғаты, ұлттық бірегейлік — күрделі де жан-жақты құбылыстардың бірі. Ұлт табиғатын тану, оның тарихи тағдыры мен болмысын анықтау — қоғамдық ғылымдар үшін қиын да күрделі мəселе. Бір қарағанда, ұлт деп тегі бір, тілі, мəдениеті, дəстүрлері ортақ адамдардың қауымдастығын айтуға болады. Миллиардтан асқан қытайлықтардан бастап, бірнеше жүз құрайтын  юкагирлерге дейін этносты құрайды. Ұлттардың тарихи тағдыры, өзара ықпалдасуы мен байланысуы қоғам өмірінде жан-жақты көрініс алып отыр.

Ең бастысы — əр ұлттың, оның рухани мəдениетінің бағалы, өзіндік қайталанбас  құбылыс екенін ескеру. Оны тек бір тілде сөйлейтін əлеуметтік топтардың бірлігі мен қарама-қарсылығы деумен шектелу оның терең дүниетанымдық тамырларын ескермеуге əкеледі.

Ұлттық бірегейлікті бағытталған мемлекеттік идеология жəне мемлекеттік саясат арқылы өзгертуге болады, оның жақсы қасиеттерін басып-жаншып, жаман қасиеттерін əшкерелеуге  де болады (бұған қатысты кеңестік тарихымыздан көптеген мысалдар келтіруге болады) немесе, керісінше, мемлекеттің стратегиялық мақсатына жетуі үшін, салауатты мемлекеттік ұлттық идеяны қалыптастыру үшін ұлттық бірегейліктің жақсы жақтарын дəріптей отырып, жастарды жаңа сапалы рухта тəрбиелеуге де болады.

Басқа саяси тұрақты мемлекеттермен салыстарғанда Қазақстанда  ұлттық бірегейліктің қалыптасу жəне даму үрдісіне жағдай жасау қоғамдағы руханилыққа импульс бола алады, ол азаматтардың өзін бағалай білуі мен ұлттық қадір-қасиетті сезінуге кепілдік береді. Рухани бастаулар болмысын анықтауда экономика да аз рөл атқармайды, керісінше, əсіресе дағдарысты жағдайларда қоғамның рухани көңіл-күйі қоғамдық ағзаның тереңнен жаңаруына алғашқы себеп бола алады.

Əрбір азамат өзін өз халқының тарихы мен мəдениетінің дəл төріне қоя білуі қажет, сол халықтың бір бөлігі ретінде, халықтың тағдыры мен өткені əрбір азаматтың өмірімен тығыз байланысты екенін сезіне білуі қажет. Əрбір халық, бір жағынан, əлемдік-тарихи үрдістің бөлігі ретінде саналса, екінші жағынан — өз ерекшелігімен қайталанбас құндылық. Н.Бердяев былай деп санаған: «... адам адамзат қауымына орыс, француз, неміс немесе ағылшын атауларына ие болған жай адам ретінде емес, ұлттық ерекшелігі арқылы енеді. Адам болмыстың толық бір баспалдағын аттап өтіп кете алмайды, олай болса, ол қайыршыланып, бос кеуде болып қалар еді. Ұлтжанды адам — жай адамға қарағанда — жоғары, онда адамның тектік сипаты бар, тіпті сонымен бірге жеке-ұлттық белгілері де бар» . Жеке бір ұлт адамзат қауымы құрамына қажеттілік ретінде енеді, онсыз қауымдық толық емес немесе тіпті зиян да шегуі мүмкін. Əрбір ұлт, Бердяевтің ойынша, «күрделі иерархиялық баспалдақ, онда тарихи тағдырдың өткірлігі де ерекше көрініс тапқан. Мұнда табиғи нақтылық тарихи нақтылыққа айналады» .

Тарихи үрдістің субъектісі бола отырып, ұлт өз күшінің арқасында жəне өз құндылықтарына сай өз траекториясында дамиды, нəтижесінде «адамзаттықтың жағымды нақты тұтастығына адам болмысының барлық сатысы кіреді, одан ештеңе алынбайды да, жоғалтылмайды да». Адамзаттық тұтастық «ұлттардың күрделі иерархиясымен» түсіндіріледі, олардың əрқайсысы өзінің сапалы үлесін қосып отыруы қажет, соның нəтижесінде «космостық иерархиядағы бір тұлғалық құбылыс ретінде» ол тұтастық өмір сүруге қабілетті жəне тұрақты, бай əрі мықты бола алады. Тек қана жалпы адами мұрадан алып қана қоймай, оны техникалық жағынан да, құндылықтар жағынан да толықтырып отыру үшін еңбектену қажет.

Қазіргі таңда Қазақстанда халықтың этномəдени негізі бойынша көлденең бірігуі көбіне идеякратиялық сипатқа ие. Себебі үкімет тарапынан жүргізілетін саясат пен оның ұйымдастырушы рөлі ұлтаралық интеграцияға көп көңіл бөлуде. Сондықтан саяси элита осы факторды ескеріп, қазақстандық ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда қазақ жерінде тарихи, табиғи жағдайда (еріксіз түрде емес) қалыптасқан ұлттық бірегейлік ерекшеліктерін ескеруі қажет. Біздің ойымызша, мемлекеттік билік мемлекеттің негізін құрайтын қазақ этносы ұлттық менталитетінің базалық құндылықтарына сүйене отырып, биліктің негізгі ресурсы ретінде өзінің маңыздылығын көрсетуі қажет.  Олай  дейтін  себебіміз,  қоғамдағы  ұлтаралық  келісім  мен  мəмлеліктің  кепілі  болып қазақ ултының өзіндік бірегейлігі саналады.

Ол туралы философ-ойшыл Т.Қ.Бурбаев былай деп жазады: «Мəмлелік тұрғысынан дүниемен қарым-қатынас орнату адамдардың көзқарасына ішкі болмыс дүниесіне, халықтың мəдени-рухани деңгейіне, ұстанымына, мақсат-мұраттарына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ менталитетіндегі мəмлелік ұғымының қалыптасу тарихы терең», — дей отырып, мəмлелік қасиетінің қазақ бірегейлігіне тəн екендігін дəлелдейді . Одан əрі ойын былай сабақтайды: «... осындай тарихи-мəдени сұхбаттың, мəдени, менталдық алғышарттардың қалауы бүгінгі қоғамдағы азаматтық, ұлтаралық, дінаралық қатынастарды өркениеттік тұрғыдан шешуге жағдай жасауда».

«Мемлелік ұғымының мағынасына тоқталсақ, «толерантность» («толеранттылық») сөзі латын ілінен  француз  тіліне,  кейін  еуропа  тілдеріне  енген.   Оны  «мəмлелік»  деп  аударып   жүрміз.
«Шындығында, оның мəні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін тану, келісім табу деп жалғастыра беруге болар», — деп жазады А.Айталы .

Жоғарыда келтірілген ұлттық бірегейлікке қатысы бар ұғымдар мен құбылыстарды қысқаша болсақ та атап өттік. Ендігі мақсатымыз — жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлік мəселелерін зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет