Ұлттық бірегейлік



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі28,91 Kb.
#12542
1   2   3   4   5   6   7   8
«Ұлт» ұғымына қатысты этникалық бағыт ХІХ ғасыр аяғында неміс мектебінде пайда болды. ТМД құрамына кіретін елдерде этникалық бағыт кеңестік топтастыру кезеңдеріне сүйенеді: «ру — тайпа — елдік — халық — ұлт». Осы топтастыру көпсатылы иерархияда социалистік  ұлттар (орыстар, украиндар, қазақтар жəне т.б., «квазимемлекеттілігі» кеңестік республика арқылы жүзеге асырылған), халықтар (татарлар, башқұрттар, якуттар жəне т.б., квазимемлекеттік автономды республикалар арқылы жүзеге асырылды) жəне елдіктер (хантылар, мансилер, ненецтер жəне т.б., жер автономиялары облыс, аймақ, аудан арқылы жүзеге асырылған). Үшіншіден, өзіндік бірегейлілік ұстанымы жиі қолданылады. Бірегей этникалық өзіндік санасы арқылы адамдар өздерін белгілі бір топқа жатқызады. Осы айтылған көзқарастар ұлттың ерекшеліктерін жəне дербестігін қоғамдық құбылыс ретінде бейнелейді. Бірақ, М.Н.Руткевичтің пікірі бойынша, ұлт ұғымын зерттеу барысында ұлттың пайда болуы, дамуы жəне қалыптасу үдерісін əлеуметтік шындық ретінде қарастырып, тарихи даму процесс арқылы ашып көрсету керек.

Этнократтар əрдайым бірінші бағытты ұстанып, ұлттың англо-американдық моделіне сүйене отырып, мемлекет пен ұлтты теңестіреді жəне ұқсастырады. Осы  ұстанымдар БҰҰ-ның құжаттарында жүзеге асырылып жатыр. Ұлттың бірінші түсінігі АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінің көбісінде қолданыс тапса, онда басқа елдерде, олардың ішінде Ресей мен Қазақстанда бұл түсінік жарамсыз болып келеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет