Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты
Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. “СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ” Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы»,
Жалпы ереже
Жалпы ереже
Сынып сағаты – бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі шығармашылық формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым – қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сынып сағаты – бұл құрамы және құрылымы бойынша тәрбие әрекеттестігінің икемді формасы; бұл сынып жетекші және тәрбиеленушілердің қатынас формасы. Ұйымда педагог басымдылық рөлді атқарады.
Сынып сағаты оқу сабақтарының кестесіне қойылады.
Сынып сағаты әрбір сыныпта апта сайын өткізіледі.
Сынып сағаттың формасын сынып ұжымы сынып жетекшісінің басшылығымен таңдайды.
Сынып жетекшісі сынып сағатын дайындау және өткізуде оның негізгі үйлестірушісі болып табылады және сынып сағаттың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруға жауапты.