Мәдениеттің көшпелік типтері: мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдері



Дата14.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#113835
Байланысты:
Мәдениеттің көшпелік типтері Жансерікұлы Әлішер АиУ 22-13

Мәдениеттің көшпелік типтері:мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдері Орындаған: Жансерікұлы Әлішер АиУ 22-13

Көшпелі қазақ халқының тарихының тамыры сонау кезеңдерде жатыр. Қазақ елінің өмірінде аса маңызды рөл атқарған көшпелі мәдениет бірден қалыптаспады. Оның астарында ұзақ уақытқа созылған революция мен даму бар. Жылдар бойы қалыптасқан көшпелі өмір мен көшпелілердің табиғат аясымен байланыса өрбіген өмірін ежелгі дәуірдің көптеген ойшылдары мен философтары саралаған еді. Көшпелі қазақтың рухани мәдениетінің өзіндік даму жолдары жетерлік. Ол көшпелілілердің тіршілік іс-әрекетінің, тұрмыс-жағдайының ерекшеліктерінен туындаған

  • Көшпелі қазақ халқының тарихының тамыры сонау кезеңдерде жатыр. Қазақ елінің өмірінде аса маңызды рөл атқарған көшпелі мәдениет бірден қалыптаспады. Оның астарында ұзақ уақытқа созылған революция мен даму бар. Жылдар бойы қалыптасқан көшпелі өмір мен көшпелілердің табиғат аясымен байланыса өрбіген өмірін ежелгі дәуірдің көптеген ойшылдары мен философтары саралаған еді. Көшпелі қазақтың рухани мәдениетінің өзіндік даму жолдары жетерлік. Ол көшпелілілердің тіршілік іс-әрекетінің, тұрмыс-жағдайының ерекшеліктерінен туындаған

Көшпелі халық өз тұрмыс-әрекеті мен жағдайына лайықты мәдениеттерді қалыптастырып отырды. Мәселен, материалдық мәдениет олардың көшіп-қонып жүрулеріне ыңғайланып жасалынған. Көшпелі материалды мәдениет үлгілеріне –жиналмалы, жығып-тігуі оңай әрі жеңіл күйіз үй, ер-тұрман, ат әбзелдерін және теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да өзге тұрмыстық заттарды жатқызамыз. Ал рухани мәдениеті тіптен бай. Ол қазақтың айналысатын шаруасына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне негізделе отырып, кең даладан алған тәжірибемен, өмір ағысымен құрылған мәдениет еді. Әрі көшпелі халық отырықшы халыққа қарағанда табиғатқа тым жақын болды. Олардың табиғатқа негізделген дүниетаным, ақындық, қиялшылдық, нақтылай келгенде шығармашылық ойлау жүйесі керемет дамыған.
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді.
Біріншісі – рухани мәдениет,
Екіншісі – материалдық мәдениет
Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері матғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермедіериалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді.
Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ —шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық, керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет