Сыныпсағатының қызметі Ағартушылық қызметі – оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді.
Болжамдылық қызметі – оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым – қатынасты қалыптастыру,оларды белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау.
Бағыттаушылық қызметіоқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
Қалыптастырушылық қызметі жоғарыда аталған қызметтің орындалуымен байланысты және оқушыларды ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.
Сынып сағаттың мазмұны Сынып сағаттың мазмұны, мақсаты, міндеттері оқушылардың жас ерекшеліктері және тәжірибесіне байланысты.
1 – 11 сыныптардың сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жаңа оқу жылына сынып сағаттарының өткізілуі барлық сыныптарға бірыңғай бір күнге бірінші сабақ болып белгіленеді.
Келесі оқу жылына сынып сағатының тақырыптары әрбір оқу жылының аяғында сынып жиналысында сынып ұжымымен сынып жетекшісі оқушылары және ата – аналармен бірлесіп атқарумен анықталады.
Сынып сағаттың мазмұнына қойылатын талаптар: Сынып сағаттардың мазмұны жеңілден күрделіге, ақпараттан бағалауға, бағалаудан өз пікірін жеткізуден құрылу керек.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі өз ойын және өз пікірін міндеттемеу керек, бірақ сынып жетекшісі түзетулер енгізу және дұрыс шешім қабылдауға көмек береді.
Сынып сағатын құруда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек.
Сынып сағатын мазмұнында әрекетін түрлі динамикасы, мәселелер, ақпараттар болу керек.
Сынып сағаты, өзінің әр түрлілігіне байланыссыз, оң эмоционалдық негізінде өткізіліп, оқушылардың сезімдерін, жағымды жай күйін дамытатын болу керек.
Сынып сағаттың мазмұнында қорытынды бөліміне назар аудару қажет.
Сынып сағатында оқушы сынып сағатына бөлінген уақытында, сынып сағатында өзіндік көз- қарасында бағалай алатындығын көрсете білу керек.