Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу Сынып сағаты бірнеше бөлімнен құралады:
Қызығушылығын ояту. Кіріспе бөлім – мәселе қою.
Мағынаны тану. Негізгі маңызды бөлім – мәселені шешу үшін материалдар
Ой түйіні. Қорытынды бөлім – мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтау
Рефлексия. Тәрбие сағатын өткізуде дайындық барысында Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын міндеттерін анықтау;
Тәрбие сағатының мақсаты, міндеттеріне сай оның мазмұнына қатыста материалдар жинау;
Тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр түрлі амал – тәсілдерді ойластыру;
Көрнеккі құралдарын, музыкалық шығармалардың таңдау бөлмені дайындау;
Оқушылар, олар ата – аналары; достары кіші және ересек жолдастары, мектеп қызметкерлері, тақырыпты талқылауға қатыста мамандардың қатысу мақсаттылығн айқындай;
Оқушылар ұжымында ашық тәрбие әнгіме, жайма - шуақ жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барсындағы рөлін, орынң анықтау.
Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алынған мағұлматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.
Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде қолданылатын түрлі тәсілдер : – әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау;
– шақырылған мамандар өткізген дәрістер;
– сауалнама және оның нәтижесін талдау;
– дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау;
– өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде);
– танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау;
– «ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс.
Балалар үшін ұжымдық шығармашылық қызмет тәсілдері мен әдістердің элементтері анағұрлым тиімді және қызық екенін практика көрсетіп отыр.
Балалардың алдында шақырылған қонақтар немесе ата-аналар өнер көрсеткен сынып сағаттарын ерекше атауға болады. Танымал адамдармен болған кездесулер тәрбиеде маңызды рөл атқарады, дегенмен олар балалардың қызығушылығы қанағаттандырылғанда және тәрбиешінің педагогикалық ойлары жүзеге асқанда ғана табысты болмақ.