ІІ деңгей
1. Әл-Фарабидің ғылым, әдебиет, өнер жайлы еңбектеріне шолу жасаңыз. Әбу Насыр әл-Фараби - Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тіліне арап, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т.б. аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті.
Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады.
Әл-Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектің ("Ақыл-ой туралы", "Жан туралы", "Темперамент туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мэні туралы", "Ақыл-ой» және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап", тағы басқалар) авторы ретінде де танылады. Ол арап тілді халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жүйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ4....
Әл – Фарабидің «әлеуметтану қағидасы" деген жазбаларында: "Хәкім барлық айла — амалды пайдаланып, сопа басының һэм тек өз балаларының атын мәңгі қалдыруға, өз ұрпағына немесе өз ұруының адамдарына билікті қалдыруға тырысады", -деп айтқан еді. Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.
Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.
Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б.
2. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі кәсіби ғылыми тұжырымдарды талдаңыз. Қазақ филологиясының әдебиеттану саласында Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегі ерекше маңызды. Аты әйгілеп тұрғандай, кітап әдебиет әлемін, көркем сөз табиғатын, сырын, мазмұны мен ерекшелігін, қоғамдағы рөлін көптеген мысалдармен дәлелдеп, байсалды түсіндіруге арналған. 1989 жылы ғылыми айналысқа қайта оралған «Әдебиет танытқыш» ұлттық әдебиеттану ғылымында өзінің лайықты бағасын алып үлгерді. Еңбектің теориялық салмағын саралай келе академик З. Қабдолов «Әдебиет танытқыштың» ең бір құнды жері деп, жекелеген әдеби-теориялық категориялардың этимологиясын, олардың мән-мағыналық жүгін төл әдебиетіміздің өз ішінен тапқандығын дөп баса айтады. Академик З. Ахметов болса, «Әдебиет танытқышта» қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындайтын өлең сөздің бунақ, тармақ, шумақ сынды категорияларының алғаш қалыптасқандығын атап айтады. Еңбектің құндылығына жан-жақты тоқтала келе әдебиет сыншысы Т. Кәкішев: «Мұндай еңбек бізде бұған дейін де, бұдан кейін де қайталанған жоқ. Ол – әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент» - деп жазады. Ахмет Байтұрсынұлы тұжырымы бойынша, көркем сөз – көпқабатты құбылыс. Оның құрамында сөздің негізгі теориялық басымдықтары белгіленген: «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі.
3. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануына арналған зерттеулерін талдаңыз. Шоқан Уәлиханов әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді терең түсіндіруді көздеген ұлы ғалым, сол әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады. Ш. Ш. Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық, философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары биік деңгейде болғанын танытады. Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды.
Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы. Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін шыққан тегін, елдің әдет - ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайлары көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда аңыз - әңгімелерді, мақал мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жатайтынын, сондай дайындығы бар билердің ауызынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтының ол нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазуы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
4. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегіндегі негізгі идеяны талдаңыз.
5. Абайдың өлең туралы көзқарасына тоқталыңыз.
6. Әдеби мінездің түрлері және олардың характерді айқындаудағы мәні туралы жазыңыз. Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты портреттік, психологиялық, сөйлесудегі мінездеу деген топтарға жіктеледі. Адам мінезінің сан алуан, сан қырлы сипаты бар. Мінез – адам болмысының ажырамас бір бөлігі. Әр адам өзін қоршаған ортаға өз мінезімен танылады, сол мінезі арқылы ерекшеленеді. Көркем шығармада да әр оқушының есінде сыртқы түр-келбетімен қатар мінезімен сақталады. Кейіпкер бойындағы мінез түрі де әр түрлі. Сондықтан да кейіпкер мінез сипатына
қарай жағымды, ұнамды не жағымсыз, ұнамсыз әсер қалдырады. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиалық ерекшеліктердің жиынтығы 1,95. Көркем шығармадағы басты тұлға – кейіпкер. Кейіпкерсіз, адамсыз ешбір көркем туынды болмақ емес. Сондықтан, кейіпкер - әдебиеттің түп қазығы. Көркем туындыда суреттелінер оқиғалар, түрлі қақтығыстар, әлеуметтік- тарихи жағдайлар т.б. жайыттар тек кейіпкер төңірегінде шоғырланып, содан тарап жатады. Көркем шығарма кейіпкерлері өзіндік тұлғасымен, сөз саптау мәнерімен, әр қайсысы өзінше бейнемен оқушы есінде қалады. Бұл ең алдымен жазушы шеберлігіне байланысты. Шеберліктің өзі – тегінде адам образын жасаудың, адам характерін ашудың, адам тағдырын көрсетудің өнері ғой 2,160. Содан да болар бейімбеттің Раушаны, Әуезовтың Құнанбайы, Мұқановтың Ботагөзі, Мүсіреповтің Жұмананы, Нұрпейісовтың Судыр Ахметі т.б. кейіпкерлері есте ұмытылмастай сақталып қалады. Әр кейіпкердің өзіне тән бітім – болмысын, сөйлеу мәнері мен мінез құлығын таныту жазушыдан үлкен творчестволық қызметті қажет етеді. Көркем шығармадағы ең басты нәрсе – кейіпкердің оқырманға берер эстетикалық -тәрбиелік әсері.
7. Арнау және оның түрлері туралы нақты мысалдармен әңгімелеңіз.
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
(Абай Құнанбайұлы )
Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Сұрай арнау - ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды?
(Ә.Есмамбетов)
Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.
Зарлай арнау үлгісі:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба?
(Жамбыл Жабаев)
8. Қайталау және оның түрлерін анықтаңыз. Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[1]
Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);
анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев)
9. Романтизм әдісі, оның көркемдік принциптері туралы айтыңыз Көркемдік әдіс — алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы. Көркемдік әдіс — өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен тандаудың, қорытудың және жинақгаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі. Сонымен шығармашылық әдіс екеу — романтизм, реализм. Екеуінің де негізгі сипаттарын Ф.Энгельс белгілеп бергені — романтизмді «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» жолы ретінде түсіндірсе, реализмді «детальдар шыншылдығымен» қоса «типтік жағдайда типтік характер жасау» жолы ретінде түсіндіреді. Бұл анықтамалар Софокл мен Аристотель пікірлерін де, Белинский пікірін де жоққа шығармайды, қайта солардың тұрлаулы тұжырымы сияқты. Әрине, романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттелер шындық қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтыкі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді. Дегенмен осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді реализмнен бөліп әкетіп, араларына ылғи шек коя берудің қажеті жоқ. Романтизм (әсіресе оның прогресшіл түрі) мен реализм кей ретте, Белинскийше айтсақ, «бір-біріне кереғар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас» әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады; екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол — не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер едік.
10. Шағын көлемді эпикалық шығармалардың ерекшеліктерін әңгілемелеңіз.
11. Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не? Оларға не жатады? Нақты мысалдармен талдаңыз.
12. Кең көлемді эпикалық шығармалардың түрлері туралы айтыңыз. Кең көлемді эпикалық түр. Эпостың бұл түріне роман жатады. Дүниежүзілік әдебиеттегі кең көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі дамуына тән тағы бір тамаша сипат – эпопеяның кмелденуі болса, қазіргі қазақ романы бұл сипатқа еркін ие болып отыр. «Роман-эпопеяның басты ерекшелігі – деп жазды профессор Т.Нұртазин, - онда бір романның кемерінде бірнеше роман иіндесе сыйысады. Қазақтың эпопеялық романдарының ішінде мұндай ерекшеліктер «Абай жолында» бар». Сонда эпопея – эпостың шыңы екенін, оның негізгі қаһарманы – халық, суреттер шындығы – халық басынан өткен кезеңді құбылыстар екенін ғана еске аламыз.
13. Романтикалық образ, оның ерекшеліктерін жазыңыз.
14. Реалистік образ, оның ерекшеліктерін жазыңыз.
15. Геройлық образ, оның ерекшеліктері туралы ай Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды.Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, [[[Сүйінбай]], Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.тыңыз. Геройлық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
Г е р о й л ы қ о бр а з—ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Әдебиет — әдөбиет ‘болғалы алдына тартылып, әр тұста әр дәрежеде шешіліп келе жатқан ұнамды кейіпкер проблемасынын, өткен-кеткенін шолып қарасақ, әр дәуірдегі әр алуан сөз шеберлерінің кейінге мұра етіп қалдырған талай тамаша туындысын, талай тамаша тұлғасын көруге болады. Ғасырлар түкпірінде мұнартып, адам-заттың сонау сәбилік шағының санасы мен сезімін куәландырып Ахилес пен Прометей тұр. Бұлар да — ұнамды кейіпкерлер, геройлық образдар. Орта ғасыр схоластикасын ақтарып-төңкермей-ақ, ренессанс алыптарына көз салсақ, бұл тұстың шуақ сырлы әдеби типтері де алуан-алуан. Оны да өз алдына қойып, өзіміздің орыс әдебиетінің өткен ғасырына бір қаралықшы: Рудин мен Рахметов тұр. Тамаша түлғалар! Өз дәуірінің өзгеше өкілі боларлық ұнамды кейіпкерлердің үлгілері осылар-дай-ақ болар.
Геройлық образ туралы әңгіме қозғағанда жалпы ұнамды кейіпкер проблемасына арнайы назар аударып, оның кешегі халі мен бүгінгі жайын, міне, дәл осы тұрғыдан байыптаған жөн.
Әдебиеттегі геройлық дегеннің, өзі — қоғамдық, адамдық биік мақсат жолындағы өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қаһармандықты жырлау. Адам рухының ұлылығынқастерлейтін әдебиеттегі геройлық сөз өнерінін, ең сұлу һәм сырлы қасиеттерімен бір тұтас. Бұл ретте, геройлық образ — суреткердің ен, биік идеалының, яки асыл мұратының көркем жинақталуы.
Геройлықтың қайнар көзі көп және әр алуан: әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған елді жаудан қор-халықтың азаттығы жолындағы асқақ әрекеттер,адамгершілік адың тазалығы үшін тартыс, әділдік пең шындық, достық пен махаббат жолындағы қарекеттер . Адам баласының тағы табиғатты бағындыру, өзінен әл денеше есе күшті дұшпанымен айқасу үстіндегі траге- диялық оқиғалардың геройлық құбылыстарға айналатын да жайлары бар. Бұл ретте, “философиялық календарьдағы нағыз асыл әулие ‘һәм азапкер — Прометейдің”** трагедиясы геройлыққа ұласқаны секілді, Төлеген Тоқтаров пен Александр Матросовтың, Мәншүк Мәметова мені Зоя Космодемьянская-ның өлімдері де өлмес өмірге, қайғылы қазалары қаһармандыққа ұласқаны мәлім. Мұның өзі, юмор мен сатираның арасы секілді, өнерде өмірде де трагедия мен геройлықтың арасында да “қытай қорғаны” жоқ екеніне дәлел.
Геройлық образ — еңбек пен күрес адамының көркемі әдебиеттегі ең көрнекті типі, лұғатты түрі, биік үлгісі. Сөз өнеріндегі геройлық дегеннің орасан зор тәрбиелік мәні де осында жатыр.
16. Сатиралық образ, оның ерекшеліктерін айтыңыз.
17. Драмалық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
Драмалық образ – бұл образдың ерекшлігі, эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетіне түскен қоспасы бар дүние емес. Бұл образдың ерекшелігі шынайы. Өмірдің өзінен алынған образы. Драмалық образдарды берушілер көбінесе актерлар мен актрисалар. Олардың сомдауындағы протоиптер яғни ойнаушы образдары өмірдегі шынайы бір бейне.
драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Демек, драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады.
18. Юморлық образ, оның ерекшеліктеріне шолу айтыңыз.
19. Эпикалық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
20. Трагедиялық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
Трагедия –драмалық жанрдың бір түрі.Бұл алғаш ежелгі грек мәдениетінде қалыптасып,сахна өнерімен дамыған.
Трагедияның жанрлық ерекшелігі-өмірдегі шиеленіскен тартысты,бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін суреттеу.Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған күштердің,кертартпа топтар арасындағы тартыс бейнеленеді.
Трагедиялық кейіпкердің бойына үнемі жақсы қасиеттерді жинап қою шарт емес.
Шекспирдің Отелло,Гамлет; М.Әуезовтың Қарагөз; Ғ.Мүсіреповтың Қозы Көрпеш-Баян сұлу трагедиялары дүние жүзіне қосылған зор үлес саналады.
21. Лирикалық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
Л и р и к а л ы қ о б р а з — сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен — нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образ-дағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қымқуыт шиеленісіп жатқан тардыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-қарекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терен әрі нәзік ашылатып ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады. Сыршыл өлеңдердегі лирикалық образ атам заманнан бүгінге дейін тек қана осы жолмен, ақынның өз көкірегінде көлдей шалқыған сан иірім сұлу сыр мен сезім арқылы ғана жасалып келе жатыр. Ақынның субъективті көңіл күйінен туған лирикалық образдың объективті өмірден жинақтала һәм даралана жасалған эпикалық образдан айырмасы да дәл осы арада деп білген жөн.
22. Фантастикалық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
23. Шендестіру, дамыту, инверсиялардың жасалу жолдары, көркемдік қызметі туралы айтыңыз. Шендестіру, мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралы, көркемдік әдістің бірі. Шендестіру қарсы мәндес сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мысалы "Қан мен тер" (Ә.Нүрпейісов), "Соғыс және бейбітшілік" (Л.Толстой), "Қызыл мен қара" (Стендаль"), т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп түр. Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сипаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: "Бір суып, бір ысып, Бір үміт, бір қауіп" (Абай). Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. "Шашын - қара, денен - ақ бұлт, жүзін - Ай, Тісін - меруерт, көзін - сәулем, құралай" (М.Жұмабаев). Антитеза - бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.
Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады. Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ, ақынның Отыз жетінші сөзінде: «Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады...» немесе Бесінші сөзіндегі «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» деген жолдары да дамыту әдісіне жатады.
Инверсия – сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі. Поэзияда да, прозада да қолданылады. Мысалы, “Сен құрметте оны. Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын” (Ә.Сәрсенбаев). Қазақ жазушыларының ішінде инверсияны Ғ.Мұстафин жиі пайдаланды: “Сапардың Аманы ... шаңқан боздың басынан аса секірердей, еріне көтеріле, ұмтыла берді алға...” (“Дауылдан кейін”).
24. Омоним, синоним, антоним сөздердің сөз өнерінде алатын орнын айтыңыз. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.
Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.
Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады.
25. Кейіптеу, пернелеу, астарлаудың жасалу жолдары, көркемдік қызметі туралы айтыңыз.
26. Өлеңді шығармалардағы ұлғайту, кішірейту, әсірелеу, табу, перифраз, эвфимизмдердің жасалу жолдары, көркемдік қызметіне шолу жасаңыз Әсірелеу(гипербола (грек, hyperbole - күшейту) әдеби тілдің көркемдігін ғана емес, бейнелілігін, әсерлілігін арттырын, құбылтудың бір түрі.
Перифраз (гр.perіphrasіs — айналым)— құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді.
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу.
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм — бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.
27. Өлеңді шығармалардағы интонация, аллитерация, эпитет, олардың көркемдік қызметін шолу жасаңыз.
28. Көркем шығармадағы фабуланың қызметі туралы айтыңыз.
29. Психологиялық параллелизм тәсіліне шолу жасаңыз.
30. Сөздің көп мағыналылығының көркем шығармада көрінуі туралы айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |