Ұлттық клиникалық жетекшілік: даму тарихы, құрастыру қағидалары және енгізу мәселелері


· Арнайы әдебиеттердегі ақпараттарды жүйелі бағалау және ізденіс нәтижелерін жете зерттеу, өңдеу жасауға негізделген



бет3/4
Дата05.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#90647
1   2   3   4
Байланысты:
c5e6bd7f74b94b34bbce2a8eb913094d

· Арнайы әдебиеттердегі ақпараттарды жүйелі бағалау және ізденіс нәтижелерін жете зерттеу, өңдеу жасауға негізделген

· Берілген дәлелдердің маңыздылығын көрсетеді және пікірлерді дәлелдеуді анық бөліп қарауға тырысады

· Қай ем жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, позитивті және кері әсерлерін ескере отырып, нәтижесінің абсолютті айырмашылығын есептеп шығарады.

  • V тип. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген жетекшілік немесе нұсқау
  • VI тип. Жоба бойынша дайындалады, айырмашылығы – медициналық практикаға, денсаулық сақтау жүйесіне өзгеріс әкелетін нәтижені көрсетеді, анықтайды (артықшылықтары, кері әсері, баға пайдалану)
  • Дәлелдерге негізделген КПЖ-нің этаптары:

    1. Аурудың маңызды сипаттамаларына негізделген жаңа КПЖ-ні дайындау үшін тақырыпты таңдау (аурушаңдақ, өлім-жітім, т.б.)

    2. Медициналық әдебиетке жүйелі шолу жүргізу

    3. Нұсқаудың жобасын дайындау

    4. Дәрігерлердің, пациенттердің және басқа да қызығушылығы бар мекемелердің, топтардың пікірін жинау

    5. КПЖ-ні бітіру және қызығушылығы бар негізгі топтардан мақұлдау, келісім алу

    6. КПЖ-ні енгізу, қолдану

    7. Аудит жүргізу және КПЖ-ні қайтадан қарау

    КПЖ-ні дайындайтындарға арналған басқару принциптері: (медициналық зерттеулер жөніндегі кеңес, Австралия ғалымдарының ұсынысы)

    1. КПЖ-ні дайындау және бағалау қолданушыларға маңызды көрсеткіштердің нәтижесін көрсетуді көздеуі керек (өмір сүру сапасы)

    2. КПЖ – бар дәлелдердің ең жақсысына негізделуі керек және дәлелділік деңгейін көрсету керек.

    3. Дәлелдерді синтездеуге қолданылған әдіс обьективті болуы керек.

    4. КПЖ-ні дайындау процесі мультидисциплинарлы және қолданушыларды қатыстыру қажет

    5. Жеке жағдайларды ескеру үшін КПЖ икемді, бейімді болуы керек.

    6. КПЖ-ні дайындау кезінде кейбір шектеулерді еске алу керек (мысалы: ресурстың мөлшері жаңа стратегияны енгізуге кедергі болады)



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет