Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу


Қазақтың халық санамақтары



бет10/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2. 5 Қазақтың халық санамақтары
Қарапайым математиқалық білім - түсініктерді қалыптастыруда санамақтар ерекше рөл атқарады. Жас өспірімдер арасында осынша құрметке ие болған бұл жанрдың тәлімдік мәні де өте зор. Ең алдымен, ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға деген құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой - өрісін дамытады, ал санамакты ырғағымен айта білу мәнерлеп сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.

Қазақтың халық санамақтары, ең алдымен, жас балаға сан үйретудің дидактиқалық құралы, әсіресе он көлеміндегі сандардың нумерациясын игерудің әдіс - тәсілдері ретінде қолданылған. Қазақ арасында өлең түрінде айтылатын санамақтардың сан алуан түрлері бар. Олардың барлығы дерлік мазмұн жағынан бір - біріне жақын, көпшілігі онға дейін немесе беске дейінгі санау мәселеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ алтыға, жетіге дейінгі сандарды қамтитын санамақтар да бар. Ұйымдастарылу сипатына қарай оларды ойын - санамақтар, жұмбақ - санамақтар, т.б. деп те бөлуге болады.

Біздің ойымызша, қазақтың халық санамақтарын баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдануына қарай, негізінен, екі топқа бөлуге болады.


  1. Жас балаларды санай білуге, жалпы сан және санау ұғымдарын игеруге
    даярлау мақсатында қолданылатын санамақтар. Бұларды саусақ ойындары деп
    те атайды.

  2. Онға дейінгі санау қабілетін жетілдіріп, дамыта отырып, он
    көлеміндегі сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы туралы білім -
    түсініктерді қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын санамақтар тобы.

Қазақ отбасында жас баланың тілі алғаш шығып, былдырлап сөйлей бастасымен, ата - ана оның алақанын қыттықтап немесе саусақтарын бүгіп -жазып, саусақ ойындарын ойната бастайды. Мектепке келмей тұрып - ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бастайды.

Сан ұғымын есептер арқылы, ауыз екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттың негізінде, сол заттың бейнелі суреті арқылы беру бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасына мыктап орын тебері сөзсіз. «Аз», «Көп» деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай емес. Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да оңай түсіндіруге болады. Осының бәрін қазақ халқының бір ғана ойынының бойынан табуға болады десек артық емес. Мысал ретінде он бірге дейін санайтын санамақты алайық. Осы ғасырдың 30-40 жылдарында бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы ретінде есептелінді. Ол бүгінде өзінің әуелгі маңызынан айырылып отыр. Бұл оның күні өтіп, тәрбие құралы болуынан қалғандығынан емес, керісінше ұмыт болғандықтан. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда (яғни алғашқы ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жетілдіру үшін санақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатына санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналып қайта - қайта естеріне салып қайталап отыруы жөн.



Балалар есейген сайын, олардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай тәжірибелік және тұрмыстық мүқтаждықтың үлғаюына байланысты сан ұғымымен таныстыру жұмыстары да бірте - бірте күрделене береді. Енді онға дейінгі сандарды енгізу мақсатында санамақтардың екінші тобы қолданылады.

Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше
Тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақ
Бір ауыз сөз,
Екі айтпайтын адам,
Үш қайтара сәлем,
Төрт түлік мал,
Бес уақ намаз,
Алты алаш,
Жеті қабат жер асты,
Сегіз қырлы жігіт,
Тоғыз торау жол,
Он сақа ой.

Жаңа санамақ
Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш — тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз — асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.

Заттан санды дербестеу арқылы дерексіз санау туғандығы белгілі. Бала бір десе түсінбейді, бір жылқы десе түсінеді. Мұны қазақ ерте байкап, баланы дерексіз санға үйрету үшін, мына жолдарды ойлап тапқан:

Бір дегенім - білеу,

Екі дегенім - егеу,

Үш дегенім - үскі,

Төрт дегенім - төсек,

Бес дегенім - бесік,

Алты дегенім - асық,

Жеті дегенім - желке,

Сегіз дегенім - серке,

Тоғыз дегенім - торқа,

Он дегенім - оймақ,

Он бір - қара жұмбақ.

Мұнда бір мен білеудің, екі мен егеудің, сондай - ақ, білеу мен егеудің үндестігін пайдаланып, санды еске түсіру үшін, затты еске алудың керектігіне нұсқай отырып, онға дейінгі санауды үйренеді. Өзі күнбе - күн ұстап - тұтып жүрген затарды пайдаланып, онға дейінгі санауды үйрете, көрнекілік негізінде іске асыру керектік қағидасына тіреледі. Үйретудің көрнекілік қағидасы ұлттық мазмұны бар есептердің барлығына тән. Онан әрі санау (11) шешілмеген (қара) жұмбақ деу арқылы үйрететінім алда дегенге саяды.

Мәселен, алғашқы алты. санды енгізу мынадай санамақтың негізінде жүзеге асырылады:

Бірім - бірім, Қаны менен

Екім - екім, Су баласы.

- Әкең қайда?

Алтым - алтым, - Базар кетті.

Ауыр балтам, Жаз келер.

Қырқылдауық, Жаз келмесе, күз келер

Қырман тауық. Шақалшақ,

Түйін - түйін, Тоқалшақ,



Түй баласы. Қию - қию!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет