Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу



бет11/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Санамақ-жұмбақ

Сан ұғымын игерудің келесі кезеңінде сан ауқымын онға дейін кеңейте отырып, төмендегі сияқты жұмбақ - санамақтарды жаттатқызу қолға алынады.


Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?



(8)

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой.

(6)

3. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

(6)

4. Мынау да бір санамақ



Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктердегі,

Андытып қос бөктергі,

Шаңқылдаса көп қарға,

Үн қоспапты көп қарға,

Сәкем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан.

Алты белден асыпты

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап

Топ – топ тоғыз тоқылдақ

Қарғып кеткен топырлап

Сөйтіп қызық іс болды

Бәрі қанша құс болды

(31)
5. Бақшаға Сегіз саулық,

Жақсы аға Тоғыз тауық,

Көп-көп Он торпақ.

Ойыншық Болма есепке сен шорқақ!

Келді алып: Ауызша,

Бір балық, Жазбаша

Екі есек, Қосып шық.

Үш үйрек, Бақшаға

Төрт түлкі, Жақсы аға

Бес бүркіт, Қаншама

Алты арғымақ, Әкелді

Жеті жарқанат, Ойыншық?

(Жауабы: 55 ойыншық)



2. 6 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар
Математикалық жаңылтпаштар мен жұмбақтардың да алатын орны ерекше.

Сан және санау мәселеріне байланысты болып келетін жаңылытпаштар баланың тілін ширатып, оны дұрыс және айқын сөйлеуге үйретумен катар, сандардың атауларын дұрыс айта білуге қалыптастыруға да игі әсерін тигізеді.

Қазақ жұмбақтарындағы анық байқалатын бір ерекшелік, олардың көпшілігі сандармен байланысты болып келеді, оларды қандайда бір затты немесе құбылысты оның сандық сипаттамасын тұспалдай отырып жұмбақтау жиі кездеседі. Жұмбақтардың көбіне онға дейінгі сандарды, сондай - ақ үлкен сандарды, кейде аса үлкен сандар мен шексіздік ұғымын қамтып келетіні де бар. Жұмбақтар ақыл - ой тәрбиесінің тамаша құралы болып табылады. Жұмбақтарды қазақ халқы басқа да тапқырлық сөздер қатарында жас жеткіншектің ойын тапқырлыққа баулу үшін, сонымен біге оның сан жөніндегі түсініктерін байытып, онан әрі дамытудың әдістемелік құралы ретінде де қолданып отырған.

Сондықтан оларды тәрбие сағаттарында, пәндік және тақырыптық кештерде, әр түрлі ойын - сауықтарда пайдалануға болады.

Жұмбақтар: математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты

Бәрі нешеу.

Асан, Айша екеуі,

Қос қуыршақ,

Бір құлыншақ.

Екі ойыншық,

Құстай ұшып,

Үйден шықтық.



(Жауабы: Жетеу.)

Бәрі қанша?



Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,

Бәрі нешеу айта ғой?

(Он тоғыз)

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай

Алдында оның бастаушы

Артында төртеу қостаушы



Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу, есепкер.

(Бесеу)

Бұл қандай сан?



Бүкірлеумін, имекпін.

Мойынындай үйректің



Сабағыңды білмесең

Мені аласың күнде сен.

(Жауабы: 2)

Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.



Бұл не?

(Аптаның жеті күні)

1. Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар.

Әрқайсысының құны бар.

(Теңгелер)

2. 100 мүйізі бар

Үстінде киізі бар.

(Киіз үй)

3. Қос құлақты 100 тісті,

Жүзінен бірақ іс түсті.

(Ара)

4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

5. 64 бөлмеде

32 тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын.

(Шахмат)
Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану –оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
5 сыныпта бөлшек тақырыбын өткен уақытта бөлшектің негізгі ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте кезден бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екі жілікке, төрт аяқ бөлінген. Біржілікті – 1/12 бөлік, біраяқты 3/12=1/4 бөлік.
Ет мүшелеу дегеніміз – сойылған малдың етін жілік – жілігі мен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәріжілік, жауырын сүйектеріне орай етмүшелегенде осы жіліктерді буын – буыны бойынша ажыратып жіліктейді. Жамбас – 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, бел омыртқа – 1, сүбе қабырға – 2, (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға – 2, төс – 1, омыртқа – 1, жауырын – 2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын – 1 етіп бөледі.

Шәкәрім мұрасы математикалық жұмбақтарда қолдануға болады.

Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе,

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демес, айтпайтұғын жауабы жоқ.

Сүйгенімді сөйлетті мәлденеше. (қарындаш)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет