Қорытынды Қазақ халқының соңғы ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді.
Математика ұлттық дәстүрлермен тығыз байланысты екенін көрдік.
математика элементтерін халықтық салт-дәстүрмен сабақтастыра қолдану ұлтжанды болуға үйретеді.
Халықтық педагогиканың құрамды бөліктері қазақтың ұлттық
ойындары, мақал-мәтелдері, жұмбақтар, ертегі есептер, санамақтар т.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін дамыту, тапқырлығы мен шешендікке тәрбиелейді.
Салт-дәстүр элементтерін математика сабағында оқыту балалардың ғасырлар бойы емір тәжірбиесінен өткен әдептілік, сыпайылық, қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ілтипаттыққа тәрбиелейді.
Ұсыныстар: 1. Математикалық арнайы курстарда математикалық ұғымдарды халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстыра өтетін курстар жүргізілсе;
2. Математика және ұлттық салт-дәстүр атты зерттеу жинағы жасалынып, ұсынылса.