Бір аптаның жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып күні бойы үйде отыруды ұйғарады .
Дәл осыны ойлап отырғанда баласы жүгіріп келіп ,саябаққа қашан баратынын сұрайды ?Әкесі оған демалыс күні саябаққа алып баратынына уәде берген болатын !Бірақ сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүниежүзі картасын көреді .Картаны балаға майдалап беріп, баласына егер картаны құрасаң сені саябаққа алып барамын дейді ,де өзі іштей қуанады, ең мықты география маманы болсада кешке дейін құрастыра алмас деп ойлайды.
Арада 10-минут өткен соң баласы жүгіріп келіп -Әке картаны жасап болдым дейді. Әкесі сенбей барып көріп таң қалады? қалай жылдам құрастырағанын сұрайды сонда бала,-Маған берген картаның артында адамның бейнесі болды ,Адамды түзеткен кезде бүкіл әлем түзеліп шыға келді деп баласы жымиды.
Яғни қорытынды: біз өзіміздің тұрып жатқан әлемімізге әсер ете алатындығымызды түсіну керек Себебі адам түзелсе әлемдегі зұлымдық пен қиянат өз шешімін табатын болады.